Имандылы? — ізгілік негізі презентация сынып са?аты


Атырау облысыҚұрманғазы ауданы Н. С. Манаев орта мектебі «Имандылық – ізгілік негізі»Ашық тәрбие шарасы9 «ә» сынып Сынып жетекшісі: Хилауова Армангүл Амангелдіқызы. М а қ с а т ы: Имандылық сөзінің нақты мағынасын түсіну. Оқушылардың білімдерін кеңейте отырып, ой - өрісін, қиялын, қызығушылығын, белсенділігін, құштарлығын, яғни, адами қасиеттерін қалыптастыру, ана тілін сүюге, ата - салтын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі - өнеге алуға баулу. Оқушы бойына имандылық, адамгершілік, қасиеттерді қалыптастыру. Адамгершілік қасиетттерге бағыттай отырып, оқушының рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту. Имандылыққа, парасаттылыққа, біліктілікке, адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке, еңбекқорлыққа, достыққа, ерлікке, ізденімпаздыққа, іскерлікке, шеберлікке, ұқыптылыққа, дәлдікке ұлттық педагогика негізде тәрбиелеу. Тәрбие сағатының түрі: ауызша журнал.Тәрбие сағатының әдістері: Топтастыру, сыр-сұхбат, Көрнекіліктер: Абайдың нақыл сөздері; Имандылық туралы нақыл сөздер, презентация, суреттер, буклет, шар.Барысы: І Ұйымдастыру.ІІ. КіріспеІІІ. Негізгі бөлім.ІV. Қорытынды. Имандылық туралы нақыл сөздер Жиғаныңа сенбе-иманыңа сен. Иманды адам - арлы адам, Имансыз адам - сорлы адам. Үстіңнің кірін- сабын кетіреді, Жаныңның кірін-иман кетіреді. «Имандылық - қастерлі қасиет» «Имандылық - инабаттылық айнасы» «Имандылық – ізгілік негізі» " Әрбір ақылды адамға иман парыз,әрбір иманды адамға ғибадат парыз "  Абай Ауызша журнал Кіріспе бөлімМұғалім сөзіТренинг: «Жүректен шыққан жылы сөз»Түс таңдау: «Қызыл» «Жасыл»І топ: «Қызыл» ІІ топ: «Жасыл»1 «Топтастыру» стратегиясыИмандылық1. Адам бойында кездесетін жақсы қасиеттерді жазу.2. Адам бойында кездесетін жаман қасиеттерді жазу.Достық «Имандылық - жүрекке ұяласа» Имандылық Мешіт Дін Құран Ислам діні ИманМұхаммед Пайғамбар Құрбан айт Мұсылман Хадис Бес парыз Ғибадат Намаз ӘулиеОраза Адам атаЗекет Хауа анаҚажылық 2 Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі.Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көргенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты “көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды “иманды” деп атаған. Мұсылмандық дүниетаным бойынша, имандылық иманнан пайда болады. Ал иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық – Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен имандылыққа уағыздау деп саналған. Ең соңғы пайғамбар Мұхаммед (ғ.с.): “Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім”, – деу арқылы әлемдегі тәлім-тәрбие мен имандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен, имандылыққа өзі бірінші үлгі болған делінеді. Алла тағала адамды иман мен имандылық үшін жаратқан, сондықтан: “Алланың мінезінен үлгі-өнеге алыңдар” (Мұхаммед пайғамбар), – деп уағыздалады. Имандылықтың негізін мұсылмандар Құранда деп біледі. Қазіргі зайырлы өркениетті қоғамда да имандылық – аса қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде ұғынылады. Имандылыққа қарама-қарсы жағымсыз сипат – имансыздық Имандылықтың шынайы төріне төрт нәрсе арқылы жетуге болады. Аланың жазуына шүкіршілік;2. Алла тағалаға шын пейілмен сенушілік;3. Барлық істе де Аллаға жүгінушілік;4. Сана сезіміңе кереғар нәрсеге шыдамдылық. Иманды адам деп кімді айтамыз? Біріншіден, мінезі сыйымды; Екіншіден, әйелдерге ізет-құрметпен қараған адамды айтамыз. Аллаға иман келтіргеннен кейінгі істің ең абзалы – адамдармен достасу. Алла тағаланың алдындағы қадірлі саналатын іс – жасы үлкен кісіні сыйлау, шын ықыласпен оқылған Құранды тыңдау, әділдікпен, жақсылықпен айқын жол көрсеткен сұлтандарды, халифаларды құрметтеу. Кімде-кім өзінің, не біреудің жетім балаларын ес біліп, етек жиып, өз күнін өзі көретіндей жасқа келгенше бағып-қағып тәрбиелесе, оған пейіштің есігі ашық. Қарапайым киінудің өзі де иманға қатысты әдет. Жақсымінез-құлықтар туралы ден қойып, әбден ойлану керек. Шариғаттың ақ жолымен жүрмеген ғалымдар да, кәрілер де, жастар да көргенсіз қылықтарға душар болады. Бәрі де өркендеуге емес, халықтың бетімен кетуіне апарып соғады. Теріс қылықтарға қарсы күресудің өзі әділетті іс. Абай атамыз айтқан сияқты ақылды адам екен. Сондықтан кім Аллахты таныса ол ақылды адам. Аллахқа құлшылық етуді имандылық деп айтады. Имандылықтың тармақтары өте көп солардың ең үлкені " Лә Илаһа Илла Аллаһ " - кәлимасы. Ең төмені жолда жатқан тасты адамдарға кедергі болмасын деп алып тастау. Ата-анаңа көмектесуің иманнан,басқада адамдарға көмек беруің иманнан,тіпті интернетте отырыпта басқаларға көмегіңді тигізуің иманнан. Ең бастысы ниеттің дұрыстығы. Имандылық ең басты Адамның Адам болмысын білдіретін үлкен құндылық. «Бүгінде бейбітшілік белдеуіне айналған Қазақстанда ислам діні кеңінен қанат жайып келеді» Н.Ә.Назарбаев. Дін дегеніміз сенім-нанымның ұйымдасқан түрдегі жүйесі әрі рухани дәстүр, Сонымен қатар ол жаратушы жайында қалыптасқан жоғары деңгейдегі киелі ұғым. Адамдар арасында өзінің жеке ұғымын, өмір сүру тәсілін, дүниетанымын дін ретінде түсіндірушілерде кездеседі. Алайда ортақ бір мәселе бар: дінге сенетін барлық пенде өзіне әсер ететін белгілі бір құпия күштің бар екендігіне сенеді. Дін — адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл-ойы мен сана-сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы, адамзат танымының дүние мен жаратылысқа деген көзқарасты айқындайтын мифология, философия және ғылымнан ерекше өзіндік бір тұрпаты; адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени институт, ерекше қоғамдық сана және әлеум. құбылыс. Діннің басты белгісі — адамның ақыл-ойы, сезім мүшелері қабылдай алмайтын болмыс түріне сену және оны мойындау. Діни тұрғыдан, дін — бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды, болмысты толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Діннің шығуы қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша 40 — 50 мың жыл бұрынғы палеолит (тас дәуірі), яғни алғашқы қауымдық қоғамның салыстырмалы түрде жоғары деңгейдегі даму кезеңіне жатқызылып отыр. Ислам — адам өмірін сақтаушы, денсаулықтың қорғаны, адамның өзін-өзі құртып, бітіруіне тосқауыл болатын ғажайып нәтижелер жиынтығы. Ислам мемлекеттерінде тұрмыс жағдайы төмен болса да, қылмыс деңгейі мен ажырасу саны ең аз, рухани бақыт көрсеткіші мен денсаулық деңгейі әжептәуір жоғары. Дамыған елдерден қанша төмен тұрса да жоғары деңгейдегі мораль мен тәртіп сақталған. Ислам – өмірдегі ең ұсақ құбылыс бөлшегін түсіндіретін жетілген қоғамдық құрылым жүйесі. Ислам – қайрымдылық пен зұлымдықтың не екенін нақты түсіндіре алады, қалай дұрыс өмір сүру, қалай дұрыс тамақтану, қалай бала тәрбиелеу, әйелді қалай қастерлеу, қалай киіну, қоғамдық өмірдегі қатынас сияқты т.б. маңызды сұрақтарға жауап бере алады. Исламда, мемлекетті басқару ұйымы үшін, қалай салық жинау, салық мөлшерін белгілеу, қаржыны реттеу, қоғамдық тәртіпті белгілеу және қадағалау, халық қажеттілігін қамтамасыз ету, ресурстарды адамдар арасында әділ бөлу сияқты т.б. нұсқаулар бар. Яғни, Ислам — «басынан аяғына» дейін құрылымы жетілген нағыз керемет Дін. Біздің мойындайтын дініміз - Ислам діні. Ислам сөзінің мағынасы мойынсыну, бағыну, амандықты бейбітшілікте болу, яғни бір ауыз сөзбен айтқанда тұтастай бейбіт өмір салтын білдіреді. Ислам- бейбітшілікпен қамқорлық діні. Бүл дін ғылым мен білімді үйреніп адал жолмен күн көруді құлшылық деп санайды, яғни имандылыққа тәрбиелейді. Дүние жүзін дүр сілкіндіріп желдей есіп тез тараған Мұхаммед Пайғамбарымыз негізгі қалаған Ислам діні. Ислам дінінің негіздерін үйрену, оқу, меңгеру, өйткені адамзатқа жаратушысын танытып шынайы бақытқа жеткізетін дін-Ислам діні. Ислам діні-дүниежүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін. Ол біздің заманымыздың 7 ғасырында арабия түбегін мекендеген тайпалар алғашқы қауымдық қатынастардан таптық. Қатынастарға көше бастаған кезде құл иеленушілік идеологиясы ретінде дүниеге келді.Тарихи деректерге,әдеби аңыздарға сүйенсек. Ислам діні Арабиядағы Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы-Меккеде шықты. Ислам діні әлемдегі ең үлкен ,ең мықты дамыған діндердің ең соңғысы. Ислам дінінен соң ешқандай дін өмірге келген емес. Ислам – мойын ұсыну, бой ұсыну дегенді білдірсе, мойын ұсыну - яғни қабылдау, бағыну және айтқанын орындау деген сөз. Кім Аллаға мойын ұсынса, ол мұсылман. Мұсылмандар Аллаға, Пайғамбарға. Алла кітабына, періштелерге, өлімнен кейін өмір болатынына сенеді. Ислам діні адамдарды жағымды, көркем мінезділікке, әдептілікке, инабаттылыққа, имандылыққа тәрбиелейді. Ислам дінінің бес шарты бар: Иман, намаз оқу, рамазан айында бір ай ораза ұстау, зекет беру, қажыға бару. Ислам дінін тұтынатын адамдарды мұсылман деп атайды. Мұсылман дінінің негізін салған Мұхаммед Пайғамбар деп атады. Мұсылман дінінің негізін салған Мұхаммед пайғамбар. Ұлты араб. Меккеде туған. Мұхаммед ойдан шығарылған емес, тарихи тұлға. Оны тарихта Мұхаммед пайғамбар деп те атайды.Мұхаммед Пайғамбар біздің заманымыздың 570 жылында Аравия жарты аралығында дүниеге келді. Мұхаммед , сонымен қоса қазақ тілінде Мұхамет, Мухаммад атаулары да қолданылады (05710422) —арабтың бір құдайлықты уағыздаушысы және ислам пайғамбары, осы діннің (бір құдайдан соң) негізгі қайраткері; ислам ілімі бойынша Құдай өзінің қасиетті кітабы Құранды Мұхаммедке жіберген. Сонымен қоса Мұхаммед саяси қайраткер және мұсылман қауымы — үмметтің негізін қалаушысы мен басшысы болған. Соның нәтижесінде ол Арабия түбегінде жер көлемі бойынша ірі мемлекет құрған. Исламда есімге үлкен, сакралды түрде мән беріледі. «Мұхаммед» деген ат «Қайта-қайта мадақталған», «Мақтауға лайық» деген мағынаны береді. Мұхаммед пайғамбар басқа арабтардан (кахтаниттерден) терісінің ашық түстілігімен ерекшеленген. Оның заманындағы куәгерлердің айтуынша, Мұхаммед пайғамбар кең иықты, орта бойлы, қолдары мен табандары ірі болған. Мұхаммед пайғамбардың сақалы қалың, ауызы мен көздері үлкен болған. Жауырындарының арасында рельефті үшбұрыш түріндегі пайғамбарлықтың мөрі орналасқан.Оның кірпіктері ұзын, маңдай жағында біріккен қастары қиғаш болған. Исламдық тарихшы және дін маманы Мұхаммед ибн Джәрир әт-Табари өзінің «Жалпы тарих» кітабында пайғамбардың кейіпінің келесі сипатын берген. «Оның бойы орташа: ұзын да емес, қысқа да емес. Оның беті қызғылт-ақ, көздері — қою, шашы — қалың, жалтыраған, өте әдемі болған. Беті сақалмен көмкерілген. Ұзын шашы иығына дейін жеткен. Және түсі қара болған. Оның жүрісінің нақты болғаны соншалық, әр адымдағыны сайын жерден шығып бара жатқандай көрінетін, сонымен қоса оның қозғалысының жеңіл болғаны соншалық, құдды бір жерге аяғы тимегендей көрінетін. Алайда оның жүрісінде сол заманның мықтыларына лайық тәкәппарлық болмаған. Оның жүзінде көз тайдыра алмастай мейірімділік болған. Ашыққандар оған бір қарағанда, тамақты сол мезетте ұмытып кететін. Қайғырушылар оның қасында, оның жұмсақ бет әлпетіне және дауысына тамсанып, қайғы-қасіреттерін ұмытатын. Оны көргендердің барлығы, ешқашан бұрын-соңды ондай әңгімелесуі сонша ұнамды адамды кезіктірмегендіктерін айтқан. Ол қыр мұрынды, сирек тісті болған. Анда-санда оның шашы еркін төмен түсіп түратын, кейде ол шашын үш немесе төрт байламға байлап қоятын. Іс жүзінде оның 62 жасында бірде-бір ақ шашы болмаған… Мұхаммед пайғамбар ақ түсті киімдерді киюді ұнатқан. Құран немесе Құран Кәрім. Құран барша мұсылмандардың ерекше қадір тұтып ұстанатын қасиетті кітабы. Құран сөзі араб тілінен аударғанда көп оқылатын кітап деген мағынаны білдіреді.Шариғат ілімінде құранды жазуды ең соңғы Пайғамбар Мұхаммед періште арқылы дахи жолымен түскен. араб. Ислам дініндегі негізгі киелі кітап. Мұсылмандар оның Мұхаммед пайғамбарға ақиқатты баян ету үшін түсірілгендігіне, адамзатқа одан үзілместен жеткен Аллаһтың сөзі екендігіне сеніп, иман келтіреді. Оны оқу (тиләуәт) арқылы Аллаһқа құлшылық қылады. Құран Тәурат пен Інжілден кейінгі аспандық кітап ретінде және араб тіліндегі кітаптардың ішінде шешендік тұрғысынан ең байы саналады. Құран уахидың түскен жері мен уақытына байланысты меккелік және мединелік боп бөлінген 114 сүреден тұрады. Құран немесе Құран Кәрім. Құран барша мұсылмандардың ерекше қадір тұтып ұстанатын қасиетті кітабы.Құран сөзі араб тілінен аударғанда көп оқылатын кітап деген мағынаны білдіреді.Шариғат ілімінде құранды жазуды ең соңғы Пайғамбар Мұхаммед періште арқылы дахи жолымен түскен. араб. Ислам дініндегі негізгі киелі кітап. Мұсылмандар оның Мұхаммед пайғамбарға ақиқатты баян ету үшін түсірілгендігіне, адамзатқа одан үзілместен жеткен Аллаһтың сөзі екендігіне сеніп, иман келтіреді. Оны оқу (тиләуәт) арқылы Аллаһқа құлшылық қылады. Құран Тәурат пен Інжілден кейінгі аспандық кітап ретінде және араб тіліндегі кітаптардың ішінде шешендік тұрғысынан ең байы саналады. Құран уахидың түскен жері мен уақытына байланысты меккелік және мединелік боп бөлінген 114 сүреден тұрады. Намаз мұсылманның өмірінде күнделікті атқарылатын құлшылық түріне жатады. Намаз күн сайын бес мезгіл оқылады. Бес уақыт намаз: Таң намазы, Бесін намазы, Екінті намазы, Ақшам намазы, Құптан намазы деп аталады. Намаз оқу үшін таза жүру, әр намаздың алдында арнайы жуынып-шайыну (дәрет) міндеттеледі. Намазда Мекке қаласындағы қасиетгі Қағбаға жүзді қарату шарт болып есептеледі, сондай ақ намаз оқылатын жер таза болуы керек. Әлем мешіттері Әл-Набави мешітіӘл-Харам мешітіАйд шейхінің мешіті, Әбу-Даби (БАӘ) II Хассанның ұлы мешіті, Касабланка (Марокко) Омар Әли Сайфуддин сұлтанның мешіті (Бруней) Захир мешіті, Кедах (Малайзия)  Фейсал мешіті, Исламабад (Пәкістан) Мешіт - (араб.: مسجد‎ мәсжид — «сәжде ететін жер») Мешіт - (араб.: مسجد‎ мәсжид — «сәжде ететін жер») Мұсылмандардың қасиетті үйі – мешіт. Мешіт - өтірік айтылмайтын, ақиқат пен шындық жолын тұтынған ең таза пәк жер. Мұсылмандар құлшылық ететін ғимарат. Діни аңыздарға қарағанда алғашқы мешіт 7 ғасырдың 1-ширегінде Медине қаласаның жанындағы Құбыла деген елді мекенде салынған. Төбесі құрма ағашының жапырақтарымен жабылған төртбұрышты үй болған. Мешітке мұсылмандар намаз оқу, діни өсиеттерді тыңдау және қоғамдық мәселерді талқылау үшін жиналатын болған.Мешіттің ашық аулалы және төбесі күмбезделіп жабылған екі түрі кең өріс алған. Ашық аулалы түрі, негізінен, араб елдерінде, күмбезді мешіттер Орта Азияда жиі кездеседі. Мешіттің Меккеге қараған қабырғасында мінажат ету үшін жасалған қуыс - михраб, оның оң жағын ала құран немесе аят оқу мақсатында орнатылған мінбер болады. Әлем мешіттері. Сауд Арабиясындағы Меккеде орналасқан бұл мешіт 1570 жылдан бері белгілі. Ол уақыттардан бері бірнеше жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде мешіт бүгінде әлемнің ең көрікті, ең үлкен ғимараттарының қатарынан орын алып келеді. Мешітте соңғы рет құрылыс жұмыстары 1980 жылдардың соңында, оңтүстік-батыс жағынан үлкен екі мұнарасы бар тұрық салған уақытта жүргізілді. Қазіргі таңда мешітке кіретін басты есік дәл осы тұрықта орналасқан. Ол – Фахд королдің қақпасы. Мешіт құрылысы 309 мың км² жер алып жатыр. Ғимараттың 95 метр биіктікке жететін 9 мұнарасы және төрт қақпасынан бөлек мешітке кіретін 44 есігі бар. Мешітке бір уақытта 700 000 мың адам сыйып кетеді. Әл-Набави мешіті. Көлемі жөнінен Мәдина қаласындағы мешіттен кейінгі үлкен мешіт 622 жылы тұрғызылған. 400-500 шақырымды алып жатқан мешітке бір мезгілде 600 мың адам сыйып кетеді. Қажылық кезінде бұл көрсеткіш 1 миллион адамға жететін көрінеді. Кешенде 105 метрлік 10 шақты мұнара бар. Мешітте бүгінге дейін, яғни 400 жылдан астам уақыт бойы бірнеше рет жөндеу жұмыстары жүргізілген. Омейядтар мешіті. Дамаскідегі Омейядтар мешіті әлемдегі ең әдемі мешіттердің бірі саналады. Ол Омейядтар әулетінің алтыншы билеушісі әл-Валиданың бұйрығымен түрғызылған. Құрылыс жұмыстары 709-715 жылдар аралығында жүргізілген екен. Мешіттің біршама бөлігі алтынмен жалатылған және түрлі-түсті мәрмармен қапталған. Шейх Зайед мешіті. Шейх Зайед мешіті – әлемдегі үшінші үлкен мешіт. Мешіттің атауы - Біріккен Араб Әмірлігінің негізін қалаушы шейх Зайед ибн Сұлтанның құрметіне берілген. Салтанатты ғимарат өзінің үлкендігмен және әсемдігімен ысылмаған көрерменнің өзін таңқалдыра алады. Өйткені мешіттің дизайнерлік және материал таңдау жұмыстарымен өз ісінің ең үздік шеберлері айналысқан болатын. Олар Италиядан, Германиядан, Мароккодан, Үндістаннан, Түркиядан, Ираннан, Қытайдан, Грекидан шақырылды. Мешіттің құлшылық жасалатын залына әлемдегі ең үлкен кілем төселген. Қолөнердің бұл озық үлгісі 5627 шары метрлік көлемге арналып жасалған және салмағы 45 тоннаны құрайды. Құны 6 миллион долларды құрайтын кілемді екі бірдей ұшақпен әкелген. Кілемді тоқуға екі жылдай уаықт кеткен. Мұнда бір мезгілде 40 000 адам құлшылық жасай алады. Құрбан айт – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол «ораза айттан» кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері Аллаһқа арнап құрбандық шалады, мал сояды (жылқыдан басқа). Бұл мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі. Әрбір мұсылман Аллах разылығы үшін мүмкіндігі болса құрбан шалады, мал сояды (жылқы малынан басқасын). Аллаһның бұйыруы бойынша бірінші құрбандық Ибрагим Пайғамбардың сүйікті баласы – Исмаил болуы керек болды. Не әкесі, не баласы қарсы болған жоқ. Аллаһ әкесі мен баласының өзіне берілгендігіне көз жеткізіп, оларды құрбандыққа шалған жұмақтан аспан түстес көк қошқарды түсіріп, оларға мейірім түсірді. Содан бері дәстүр жалғасын табуда. Оны орындау – әрбір мұсылманның міндеті. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр және түйе малын шалады. Адам ата Хауа анаАңыз бойынша Адам Атадан әлемдегі барша адамзат ұрпақтары тараған. Алла тағала Адам Атаға ерекше ілтипат көрсетіп, кеудесіне жан кіргізген соң, ілім-білімге, зиялылыққа үйретеді. Барлық періштелерге оның алдында бас иіп, бағынуға бұйырады. Бірақ Ібіліс Адам Ата мен Хауа ананы өз үгітіне иландырып, ақыр соңында олардың пейіштен қуылуына себепші болады. Бір күні олар серуендеп келе жатқанда ән-жыр, зәйтүн (Тәуратша – ізгілік пен зұлымдықты тану) ағашының бұтағында ширатылып жатқан жылан – Ібіліс Хауа анаға қарап тіл қатып, не себепті мына ағаштардан дәм татуға тыйым салғанын сұрады. «Біз күнәһар болмасын дегені ғой (Тәуратша: «Өліп қалмасын»), – деп жауап қатады Хауа Ана. Жылан кейпіндегі Ібіліс жымысқы жымиып, жанашыр қамқоршыдай жәдігөйлене сөйледі. «Бұл ағаштың жемісін жеуден тыюы – Тәңір сендерді періште болып кетпесін, ұжымақта мәңгі қалып қоймасын дегеннен басқа түкте емес» Сөйтіп ол әзәзілденіп, Алла тағаланың өзі жаратқан пендесін күнәдан сақтамақ болған ниетін тонын теріс қаратып басқаша түсіндірді... Ібіліс жемісті үзіп алып аузына салып, құмардан шыққандай сүйсіне талмады. Осы тұстарды көне кітаптар әр түрлі уәждейді: бірі – жемісті үзіп алып берген жылан не жылан кейпін киіп, жыланша сөйлеп тұрған Ібіліс десе, екіншісі – қол созып жемісті үзіп алған Хауа Ананың өзі дейді. Үзіп жатқанда Әзірейіл періштенің елесін көрген. Алайда көңілі шын құлап кеткендіктен нәпсісін тыя алмаған. Тыйым салынған ағаштан өзі жегенімен тұрмай, Адам Атаға да жегізген... Ауызекі әфсаналар Адам Ата жемісті талмап жұта бергенде, бір періште жұтқызбаймын деп тамағына жармасқан. Ер адамның кеңірдегіндегі түйіншек тұрып қалған сол жемістің дәні екен-мыс деп хикаялайды. Іле-шала ерлі-зайыпты екеуінің көзінен жанарларын көлегейлеген перде сыпырылып түскендей болғанда, олар алғаш рет бір-бірінің жалаңаш тәнін көріп, ұялғаннан жапырақтармен әбүйірлерін жасырған. Жаратушы жәннат бағына серуенге шықанда оның келе жатқанын аяқ тықырынан естіген Адам Ата мен Хауа Ана бұтаның тасасына бой бұғып, жасырынып қалады. Ол «Қайдасың?» деп Адам Атаны дауыстап шақырғанда бұлар тасада тұрып: «Ұжымақты аралап келе жатқан аяғыңның сыбдырын алыстан-ақ естідім. Бір жағынан қорқып, бір жағынан жалаңаштығымнан ұялып, жасырынып тұрмын», – деп тіл қатады Адам Ата. «Жалаңаш екеніңді қайдан білдің? Мен тыйым салған ағаштан дәм татқаннан саумысың?» – деп қайыра сұрады Алла. Адам Ата болғанды болған күйінде баян етіп, кінәні әйеліне жапты. Ал Хауа Ана болса азғырып, жолдан тайдырған жылан екенін айтып қарғанады. Болған жағдайды есітіп қаныққан Алла қаһарын тігіп, қатты ашуланады. Адам Ата мен Хауа Ана: «Тәңіріміз! Біз өзімізге өзіміз кесір жасадық. Егер бізге өзің кешірім етіп, рақым қылмасаңыз, онда біздің сөзсіз құрығанымыз» деп жазықты екендерін мойындап, өлердегі сөздерін айтып, Жаратушыға жалбарынған. Періштелер де күбір-сыбыр үндерімен бұлардың жағында екендерін сездіріп, Алла тағаланың қас тіккен қаһарын жұмсартуға тырысқан. Алды кенен, шексіз мейірімді құдіретті ием күнәһарлардың шын тәубелеріне келгенін көріп, алғашқы райынан сынып, тәубелерін қабыл алған. «Сонан соң Алла оны тағы да бағалап, тәубесін қабыл етіп, оған кешірім жасады». Алайда Адам Атаны зайыбымен ұжмақтан аластау ниетінен танбаған. Адам Ата жар қосағына Хауа деп ат қойды. Онысы «өмір бастауы» деген мағына еді. Жаратушы аң терісінен киімнің репетін істеп, олардың ашылған әбүйірін жапты да, ұжмақтан қуып шықты. Адам Ата мен Хауа Ана иіндері еңкейіп, пұшайман халде бұрылып кете бергенде, Алла ақтық кеңесін айтты: «Алда-жалда мен сендерге бір тура бағыт жібере қалсам, кімде-кім сол тура жолмен жүрсе, ол адаспайды, Қияметте қасірет шекпейді. Егер кімде-кім менің насихатыма теріс қараса, онда оның өмірі таршылыққа түседі. Қияметте Біз оларды көр соқыр қалпында жинаймыз» Алла күнәһарларды ұжымақтан аластады да, жәннат бағы қақпасының алдына оттан өрілген алапат қылышы бар қанатты періштені күзетке қойды. Кейін бұл әңгімені таратып, баяндаған дін тарихшылары жәннат бағынан аттап шығысымен-ақ Адам Атаның қайғыдан бойы шөгіп, аласара берген деп хикаялайды. Пейіштен қуылған соң Адам Ата Хауа Анамен Мекке атырабында кездескен. Адам Ата үшін көктен қара тас түсіріліп, ол сол жерге каһба тұрғызады. Олардың екі ұлы, екі қызы болған екен. Ер жеткен соң екі ұлы (Әбіл мен Қабыл) қарындастарының біреуіне таласып, бірін-бірі (Қабыл Әбілді) өлтіреді. Содан бері Адам баласы өлетін болыпты. Аңыз бойынша Адам Ата бабамыз 930 жыл өмір сүріп, дүниеден өткен. Адам ата мен Хауа Ана Мекке төңірегіндегі Қазына өңіріне жерленген делінеді. « Сыр – сұхбат » кездесу.Аудандық мешіттің бас имамы Жарқымбаев Нұрлан мырзамен және Ауыл имамы Даумов Қанат мырзамен кездесу.3 Адамдар бір-біріне жақсылық жасаудан жалықпаса, өмірде сыйластық, қамқорлық, достық, сүйіспеншілік қарым-қатынаста болады, ал қоғамда татулық, бірлік, ынтымақ орнайды. 4Қорытынды «Имандылық - өмір айнасы»«Кітаптар көрмесі» сынып жетекшісі Хилауова А «Түзу бастап, ақ жолды кесе көрме, Иман тонын үстіңнен шеше көрме» Түрік ғүламасы Жүсіп Баласағүн Аудандық мешіттің бас имамы Жарқымбаев Нұрлан мырзамен кездесуТәрбие шарасынан көрініс Ауыл имамы Даумов Қанат ағамен кездесу Сынып оқушыларының имандылық, діни ұғымдарға түсінік берулері Тәрбие шарасынан көріністер Рефлексия «Екі жұлдыз бір тілек»5 Назарларыңызға рахмет!