Презентация та?ырыбы Компьютерлік желілерді? негізгі ??ымдары. Жергілікті желілер. Ау?ымды компьютерлік желілер


Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға.Ұстаздық еткен жалықпас,Үйретуден балаға.Абай Зеленов ауданы Көшім жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы кешенінің ЭЕМ инженері Идрисова Айсауле Жумабаевна Үй тапсырмасын тексеру:«Қобдишадан шыққан басқатырғылар» Сұрақтар «Ой түрткі» әдісі Мақсаты: Компьютерлік желілер туралы ақпараттандыру, яғни хаттама, сервер, шина, браузер және жергілікті және ауқымды компьютерлік желілер туралы мағлұмат беру. Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Жергілікті желі- бірнеше компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады. Жергілікті желі шектеулі аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт немесе бекетте т.с.с) компьютерлерді біріктіреді. Жергілікті желі құрудағы себеп - өндірістік процестерді автоматтандыру, әр түрлі құжаттарды жедел өңдеу. Жергілікті желіге қосылған әрбір компьютер арнайы тақшамен желілік адаптер жабдықталуы керек. Компьютерлер (желілік адаптерлер) бір-бірімен кабельдердер арқылы байланысады. Желілік адаптер- компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы. Кең таралған адаптерлер Ethernet Token Ring ArcNett Байланыс арналары Кабельдік байланыс сымдары арқылы байланысады. Есілген қоссым Коаксиалды кабель Оптоталшық * БІР ОРТАЛЫҚТАН БАСҚАРЫЛАТЫН ЖЕЛІНІ «Клиент - сервер» желісі деп те айтады:Клиент – өзіне қызмет көрсетуді сұрайтын объект (компьютер немесе программа).Сервер – басқаға қызмет көрсететін объект. БІР ДЕҢГЕЙЛІ КОМПЬЮТЕРЛЕР ЖЕЛІСІ (БІР РАНГЫЛЫ) – Мұнда желіні басқаруда барлық компьютерлер тең құқықты болып саналады. Жергілікті желінің түрлері Топология - - бұл компьютерлердің бір-бірімен түрлі кабельдерді және электрлік құрылғыларын пайдалану арқылы байланыстыру тәсілі. Желі топологиясы түрлі желілерді салыстыру және жіктеу әдісін береді. ТОПОЛОГИЯ (БАЙЛАНЫСУ ТӘСІЛІ) БОЙЫНША ЖЕЛІЛЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ: 1. Шиналық топология; 2. Сақина топологиясы; 3. Жұлдыз топологиясы; Әр топологияның өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар: Толық байланысты топология ең қымбаты, бірақ ең сенімді жұмыс істейтін топология, оның бір байланыс арнасы істен шыққанмен, мәлімет басқа арналық жолдармен жеткізіле береді. Шиналық топология – ең арзан түрі, бірақ бір байланыс арнасы істен шықса, желі жұмысы бұзылады. Оның үстіне, бір мезетте бір ғана арна арқылы бірнеше компьютердің мәлімет алмасуы үшін арнайы программалық жабдықтама жасалуы керек. Сақина тәрізді топология да қарапайым желі түрі, мұнда информация бір бағытта ғана айна-лыста болады және әрбір компьютер мәліметті қабылдап алып ары қарай жөнелтіп отырады. Желінің компьютерлер арасындағы бір байланыс арнасы істен шықса, желі жұмыс істей алмай қалады. Желі Компьютерлер мен желілерді пайдаланудың технологияларын дамытудың қазіргі заманғы тұжырымдамасы тек ақпараттық ресурстарды өңдеу, сақтау, кіріктіру немесе орын ауыстыру үшін ғана емес, және де өзара әрекеттестік ортасы ретінде бастауын бірінші компьютерлік желіден алады.Желі - (ағылш. network) — барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы. Шиналық топология – мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды. Жұлдыз тәрізді топология – мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін-желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізудіжүзеге асырады. Бұл топологияның артықшылығы – кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.Сақиналық топология – мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі – кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады. Бір қала мен ауданда немесе бір мемлекетте орналасқан мекемелердің компьютерлерін өзара біріктіру үшін аймақтық желілер құрылады. Көптеген ірі мекемелер өз желісінде орналасқан ақпаратты бөгде адамдардың қол сұғуынан сақтау үшін осы мекемеге тиесілі өз желісін, яғни корпоративті желіні құрады. Үлкен қашықтықта және пайдалнаушыларды молынан қамтитын есептеуіш желілер телекоммуникациялық желілерді құрайды. Бір немесе бірнеше желілерді бір – бірімен өзара байланыстыру желіаралық байланыс немесе ауқымды желі деп аталады. Ауқымды желі қала, аймақ, ел, бүкіл Жер шарын қамтуы мүмкін. Жалпы желілер- бұл дүние жүзі бойынша таратылған желілер. Ең белгілі және қол жететін жалпы желі - Интернет болып табылады. Интернет желісі тұрақты құрылым емес, оны миллиондаған пайдаланушылар ұдайы өзгеріп отырады.Желідегі компьютерлер жұмысын программа басқарады, ондағы барлық компьютерлердің бір – біріне жіберетін және қабылдайтын ақпараттарды араласпай, тиянақты жеткізілу үшін, олар бір тілмен – ортақ ережемен байланыс жасау қажет. Осындай ортақ ереже желілік хаттама деп аталады. Сервер – ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды қамтитын компьютер. Ортақ ресурстарды пайдалану үшін сервер қосулы болуы қажет. Желідегі жұмыстың көп бөлігін сервер атқарады. 1 - топқа: Ауқымды желі жақын орналасқан компьютерлерді байланыстырады. Мысалы, бір кеңседе бір – біріне қосылған екі компьютер, немесе жоғары жылдамдықты кабельмен қосылған барлық ғимараттарды қамтитын желі. Бірнеше аралас ғимараттарды қамтитын корпоративті желі ауқымды деп есептелуі мүмкін.2 - топқа: Модем – бұл клиенттерге әр түрлі қызметтер мен мәліметтер ұсынатын компьютер. Желілік модемдер күрделіктің әр түрлі деңгейінде көптеген міндеттер орындай алады. Ірі желілерде мамандандырылған арнайы модемдер кең таралған, осының арқасында қолданушылардың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін сапалы қанағаттандыруға мүмкіндік туғызады. Жаңа тақырыпты бекіту:«Сәйкестікті тап!» Браузер__________________e-mailДомен___________________browserХабарламалар тақтасы_____domainСеанс___________________gatewayЖелі_____________________BBSЭлектронды пошта_________sessionШлюз____________________network Не білдім? Не білемін? Нені білгім келеді? «Insert» әдісі Үйге тапсырма:Компьютерлік желілердің негізгі ұғымдары. Жергілікті желі. Ауқымды компьютерлік желі