Африка таби?ат зоналары презентация


География-лық белдеулер және зоналар     Экваторлық белдеу.Экватордың екі жағын бойлап созылып жатады. Белдеудің климат жағдайлары жыл маусымдарына бөлінбей, температура бүкіл жыл бойы біркелкі таралуымен ерекшеленеді.Жазда да, қыста да температура үнемі жоғары, яғни 25–30°С. Жауын-шашын жыл бойы біркелкі таралады (жылына 2000–3000 мм-ден, тауларда 10000 мм-ге дейін). Күн сайын, әдетте түстен кейін нөсер жаңбыр құйып өтеді. Жылу мен ылғалдың молдығы өсімдіктердің қаулап өсіп, сан алуан жануарлардың мекендеуіне қолайлы. Белдеудің көп жерін экваторлық (тропиктік) ұдайы ылғалды, мәңгі жасыл ормандар зонасы алып жатыр Гвинея шығанағы жағалауына жатады.Ерекшеліктері:Орташа температура +24, +28 0С.Жауын-шашын 300 мм-ден жоғары.Жыл бойы экваторлық ауа массалары әсер етеді. Өсімдіктер әлемі1.Пальма2.Жеміс ағаштары3.Нан ағашы4.Шоколад ағашыЖануарлар әлемі1.Қабылан2.Жолбарыс3.Горилла4.Бегемот5.АнакондаЭкваторлық белдеулер Экваторлық МӘңгІ Жасыл орман жануарлары Жолбарыс Cүтқоректілер класының мысықтар тұқымдасына жататын ірі жыртқыш аң. Қазіргі кездеРесейдің Қиыр шығысында, Үндістан түбегінде, Қытайда, Ява, Суматра аралдарында ғана кездеседі. 20-ғасырдың 50-жылдарына дейін Тұран жолбарысы Қазақстанда Сырдарияның төменгі ағысындағы қалың қамысты, тоғайларды мекендеген; осы өңірде соңғы жолбарыс 1933 ж., ал Балқаш жағалауында 1948 ж. атылған. Тұрқы 160 – 290 см (ең ірілері 3 м-ден асады), құйрығының ұзындығы 110 – 120 см-дей, салмағы 200 – 220 кг (кейде 300 кг-нан артық). Еркегі ұрғашысынан ірі болады. Басы жұмыр, жүнінің түсі қызыл жирен, арқасы мен екі бүйірінде көлденең қара түсті жолақтары айқын байқалады. Құлағы қысқа, төрт қатар мұртшалары ірі қылшықты (ұзындығы 14 – 18 см).Экваторлық МӘңгІ Жасыл орман жануары  Субэкваторлық белдеу. Экваторлық ауаны қыста тропиктік ауа ауыстыратын өңірде жыл екі маусымға, яғни жаңбырлы жаз бен құрғақ жылы қыс маусымдарына бөлінеді. Белдеудің құрғақ маусым 2–3 айға ғана созылатын аудандарында ауыспалы ылғалды ормандар өседі. Бұл ормандарда экваторлық ұдайы ылғалды ормандарға қарағанда ағаштар біраз аласарып, аралары ашылады. Соған байланысты онда бұта және шөп өсімдігі көріне бастайды. Ағаштың кейбір түрлері құрғақшылық маусымда бойындағы суды аз буландыру үшін жапырағын тастайды.  Материктің 3/1 бөлігін алып жатады. Ерекшеліктері: Жазда экваторлық, қыста тропик ауа массалары әсер етеді. Жылдық орташа температура +20 0С, Жауын-шашын 2000 мм-ге жетеді.Өсімдіктер әлемі1.Баобаб2.Шөлмек ағашыЖануарлар әлемі1.Жираф2.Гепард3.Киік4.Зебра5.АрыстанСубэкваторлық белдеулер Субполярлық белдеу  Cолтүстік жарты шарда, Еуразия мен Солтүстік Американың солтүстік шетін алып жатыр (субарктикалық деп те аталады). Оңтүстік жарты шарда тек аралдарда ғана кездеседі (субантарктикалық ). Бұл белдеуде ең жылы айдың орташа температурасы +10°С-тан аспайды. Қысы ұзақ, жазы қысқа. Жылдық жауын-шашын 100–300 мм, ол буланушылықтан 1,5 еседей көп. Жердің беткі қабаты жылы кезде 30 см-дей қалыңдықта ғана жібиді де, одан әрі қарай қысы-жазы тоң болып қатып жатады. Оны мәңгі тоң дейді. Жазда мәңгі тоңның тек беткі жұқа қабаты ғана (0,5–1 м) ериді. Мәңгі тоңның жаппай таралуы және төмен температура жағдайында топырағы өте батпақты болып келеді. ОРМАН ЗОНАСЫНЫҢ ЖАНУАРЛАРЫ Бұлғын (лат. Martes zibellina) – сусарлар тұқымдасының сусарлар туысына жататын жыртқыш сүтқоректі аң.Дене тұрқы 40 – 55 см, құйрығы – 20 см-дей, салмағы 0,4 – 1,6 кг. Қазақстанда Алтайдың қылқан жапырақты ормандарында кездеседі. Құлақ қалқаны жалпақ, дөңгеленген ұшы үшбұрышты. Денесіндегі жүндері қалың қою жібектей, түсі – бурыл, сарғыш, қара қоңыр, алқымында кішкене ақшыл дағы болады. Сирағы қысқа, қимылы икемді келеді. Ұсақ жәндіктермен, самырсынжаңғағымен, жидекпен қоректенеді. Кейде жабайы бал арасының балын да жейді. Шыршалы, майқарағайлы ормандардағыағаш діңдері мен тас қуыстарды мекендейді. Мекендейтін жерлерінен көп ұзамайды, азығы азайған жылдары орманның бір жерінен екінші жеріне қоныс аударады. Табиғи жағдайда 1 жыл 3 айда жыныстық жағынан жетіледі. Бұлар 2 рет (наурыз –маусымда және тамыз – қарашада) түлейді. Бұлғын маусым – тамызда шағылысып, 245 – 300 күннен кейін наурыздың аяғында, 2 – 6 соқыр күшіктен туады. Күшіктерінің салмағы 30 г-дай, дене тұрқы 11 – 12 см. 30 – 36 күнде олардың көздері ашылып, тістері шыға бастайды, ал 3,5 айда тұрақты тістері қалыптасады.  Қоңыржай белдеу.Бұл белдеу солтүстік жарты шарда аса кең аумақты қамтиды, оңтүстік жарты шарда аз орын алады (картаға қарап себебін анықтаңдар. Ол үшін Жер шарында құрлықтың орналасуына назар аударыңдар). Бұл белдеуге климат жағдайларының жыл маусымдары бойынша айқын өзгеріп тұруы тән. Соған сәйкес басқа табиғат құбылыстары да маусым бойынша өзгереді (өзендер мен көлдердің қатуы және мұзының еруі, өсімдіктердің өсіп-өнуі, жануарлар тіршілігіндегі және адамның шаруашылық әрекетіндегі өзгерістер). Қоңыржай белдеу шөл, дала және орман зоналарынан тұрады. Олардың аралықтарын шөлейт пен орманды дала өтпелі зоналары бөледі.Шөл Азияда, Солтүстік және Оңтүстік Америкада таралған. Әсіресе Азияның орталық бөлігінде көп жерді қамтиды. Шөлдің табиғат жағдайлары барынша қатал. Жазғы ыстық кейде + 50°С-қа жетеді, ал құмның беті +80°С-қа дейін қызады. Оның есесіне қысы едәуір суық. Аяз – 30°С-қа дейін барады.  ШӨЛ ЖАНУАРЛАРЫ Жорға дуадақ - тырнатәрізділер отрядының дуадақ тұқымдасына жататын құс. Қазақстанда Каспий теңізінің солтүстік жағалауынан бастап, Зайсан қазаншұңқырына дейінгі шөлейт және шөлді өңірде кездеседі. Өсімдігі аз,сексеуілі мен жүзгіні басым өскен сортаң, құмдауыт жерлерді мекендейді. Тұрқы 65 – 75 см, қанатының ұзындығы 35 – 40 см, салмағы 1,5 – 2,4 кг-дай. Мекиені қоразынан кішірек. Арқа қауырсыны сарғыш сұр түсті, бауыры ақшыл, мойнында “жаға тәрізді” қара ала ұзын қауырсындары бар. Жорға дуадақ – жыл құсы. Жұптасып жүреді. Наурыз айында келіп, бұта түбіне, ашық жерлерге ұялайды. Сәуірде 3 – 4 сарғыш жұмыртқа салып, мекиені 24 – 28 күн басады, балапандары бір айда қанаттанады. Қыркүйекте жылы жаққа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне ұшып кетеді. Жәндіктермен, ұсақ кесіртке, жыландармен, көктемде өсімдікпен қоректенеді. Жорға дуадақтың жауы – қасқыр, [[түлкі, қарсақ, бүркіт, т.б. Жорға дуадақтың жылдан-жылға саны азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген (1996). ТРОПИКТІК БЕЛДЕУЛЕР  Солтүстік және Оңтүстік жарты шарлардағы, субтропиктік және субэкваторлық белдеулераралығындағы табиғи географиялық белдеулер. Негізінен 20` – 30` солтүстік ендік және оңтүстік ендік аралығында жатыр. Тропиктік белдеулерде құрғақ және ыстық тропиктік климатты қалыптастыратын пассаттық айналым басым; жер шарындағы ауаның ең Жоғарғы температура көрсеткіші байқалады. Құрлықтардың (әсіресе Африка мен Азияда) батыс және орталығы бөліктеріндегі өте үлкен кеңістікті алып жатқан ландшафттың шөлдік және шөлейт түрлері кең таралған. Үлкен аумақтарда беткі ағын жоқтың қасы, өзендерінің көбі құрғап қалады. Шөлдерде көбіне топырақ жамылғысы болмайды, өсімдіктері сирек. Құрлықтардың шығыс шетіндегі (әсіресе Оңтүстік және Шығыс Азия, орталығы Америка) Тропиктік белдеулер аймағында мұхиттардан келетін муссондар мен пассаттар әсерінен ылғалдылық өте жоғары. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1000 – 2000 мм, өзендерінің суы мол. Шөлейттер мен шөлдер саванналарға, жапырағын тастайтын және мәңгі жасыл ормандарға ауысады.  ТРОПИКТІК cаваннаның жануарлары Бір аң бар қайраты көп болған күшті, Басынан өткізеді әрбір істі Аңдардың патшасы – арыстан. Арыстан – айбатты, жыртқыш аң. Көбінесе шөлді жерлерде кездеседі. 30 - 35 жыл өмір сүреді. Хайуанаттар бағында кездеседі Назарларыңызға рахмет