АТА-АНАЛАРМЕН ТРЕНИНГ – САБА? Бала т?рбиесіндегі ата – ана


№1 В.И. Ленин атындағы орта мектепАТА-АНАЛАРМЕН ТРЕНИНГ – САБАҚ Бала тәрбиесіндегі ата – ана Педагог – психологтар: Досқалиева З.Р. Ерімбетова А.А. Ата – аналарға ашық есік күні Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.Қажетті құрал-жабдықтар:  Үлестірме қағаздар, А4 формат, қалам, доп, ватман, маркерлер және т.б.Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық жаттығулар. ТРЕНИНГ БАҒДАРЛАМАСЫ: «Танысу» жаттығуы;Топқа бөлу;Ой жинақтау;Ситуациялық сұрақтар;«Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы;«Ашық айтсам…» жаттығуы;Рефлексия;Қорытынды. «Танысу» жаттығуы:Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы 1 қасиет кезекпен айтып шығады.Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді.Топқа бөлу:Ата-аналар сол тұрған күйлерінде түрлі-түсті гүлдерді таңдайды. Түстер бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.Ой жинақтау:Үш топқа тақырып беріледі.Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.I-топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.II-топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.III—топ. Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы, түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады….деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде, елеусіз қалдырасыз ба?Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,-деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі, алайда бір күні сынып жетекшісі оны үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды, сіздің іс-әрекетіңіз?Балаңыздың сабағы тәртібі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрсыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?Биыл сіздіңі балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар, тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп, мазаңызды алады, сабаққа барғысы келмейді. Сіз жұмыссыз, енді не істейсіз?Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал, балаңыз тәрбиеңізге еш көнер емес, не істейсіз?Ситуациялық сұрақтар: Қорытынды: Ата-анаға көз қуаныш, Алдына алған еркесі. Көңіліне көп жұбаныш, Гүлденіп ой-өлкесі, — деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Адам да өсімдік сияқты, күтілмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізде ұстайық.Балаға жан және дене өзгерістерінің байланыстарын табуға көмектесу.Балаға маман тарапынан тағылған мін, ескертулерді шын пейілмен түсіну және түсіндіру.Баланы ағза қызметінің қалыптасуымен мұқият таныстыру.Рефлексия: Таңғы таңдау Ұстаз өмір бойы көңілді, бақытты еді. Оның бет-әлпетінде әрқашан шаттық байқалатын, ол үнемі күлімсіреп жүретін!Оның шәкірттері айналасында отырып,сұрақ қояды:-Сіз неге күлімдеп, шат-шадыман болып жүресіз? Нендей қуаныш естіідіңіз?Ұстаз айтады:-Бұл жай менің таңдауым. Әр таңда мен көзімді ашысымен өзімнен сұраймын: нені таңдаймын: рахатты ма әлде қиындықты ма? Қуанышты ма әлде көңілсіздікті ме? Сөйтіп мен мен шаттықты таңдаймын. Менің қалауым осы.Құрметті ата - аналар! Сіздің де қалауыңыз-Бақыт болсын, бақыттың қалауы Сізге түссін! Отбасымызбен бақытты болайық!