Т?уелсіздікті? 25 жылды?ына арнал?ан Бабаларымызды? жері -алтын бесік зияткерлік ойыны


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙ ТОЙЫҚҰТТЫ БОЛСЫН!!! 16 желтоқсан - Тәуелсіздік алған күн, Ерекше боп ел жадында қалған күн, Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің, Желбіресін көк туы - нағыз көркі жерімнің. 16 - ШЫ ЖЕЛТОҚСАН ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ Ел тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы баршаңызға құтты болсын! Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт – тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды! Азаттық деген сонау қасиетті ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды! Мемлекеттік тәуелсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл-ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі. Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз, халайық, сондықтан оны сақтап, дамыту, келесі ұрпаққа аманат ету біздің парызымыз! Осыны ұмытпайық! Бойкүйездік жат маған, Елім еркін,шат заман!... Мен: Әлемге - Тәуелсіз, Қазақпын,-деп мақтанам! Ө.Ақыпбекұлы ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА:ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУҚазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан дағдарысқа қарсы басты стратегияБүгінде көптеген жайттар Ұлы Қазақстан жолы мен Мәңгілік Ел идеясын бастап отырған өзімізге байланысты. Біздің ұзақ мерзімді, орта мерзімді және таяу болашаққа арналған іс-қимыл стратегияларымыз бар.Қазір және кез келген басқа уақытта біздің дағдарысқа қарсы басты стратегиямыз үш қарапайым, бірақ маңызды – өсім, реформалар, даму ұғымдарымен үндес.Біріншісі – өсім. Әңгіме ең алдымен, экономикалық өсім туралы болып отыр. Ағымдағы міндеттерге қатысты алғанда бізге Қазақстанның әлемнің неғұрлым дамыған отыздығына енуін қамтамасыз ететін экономикалық өсім қарқынын қалпына келтіру қажет. Біз жеке бастамаларды дамыта отырып, өсімнің жаңа ішкі көздерін ашуға тиіспіз.Екінші – реформалар. Олар экономиканың, қоғам мен мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қазір біз «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырып жатырмыз. Олар өз ауқымы жағынан біз 90-шы жылдары жүргізген реформалар ауқымына сәйкес. Бізге мемлекеттік және корпоративтік менеджментті, қаржы және фискалдық секторларды неғұрлым тереңірек реформалау мейлінше қажет.Үшінші – даму. ХХІ ғасырда қоғамның барлық салаларын үздіксіз жаңғырту дамудың басты факторына айналып отыр. Біз Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, жоғары әлеуметтік жауапкершілік, халықтың неғұрлым әлсіз буындарына атаулы көмек қағидаттарында бүкіл мемлекеттік, қоғамдық және жеке институттарды кең ауқымды жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізудеміз. «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» бағдарламасы бойынша «Бабаларымыздың жері – алтын бесік» ТАНЫМДЫҚ зияткерлік ойыны Мақсаты:Оқушылардың патриоттық сезімдерін жоғарылату, өз еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, құрмет көрсету құндылықтарын қалыптастыру, Отанына деген мақтаныш сезімін туғызу және көшбасшылық қасиеттерін дамыта отырып, өзара сыйластық пен ынтымақтастыққа тәрбиелеу; Сайыс түрлері: «Бәйге»  кезеңі.    «Сергіту» сәті. «Ғажайып жетілік» «Карта әлеміне саяхат» «Сөзжұмбақтар сайысы» І. Бәйге кезеңіБарлық оқушыларға бірдей 20 сұрақ қойылады. Бірінші болып қол көтерген оқушы ұпай алады. Қойылатын сұрақтар Қазақстан және құқық, спорт саласына байланысты.1263451078915191116121314171820 ІІ. Сергіту сәтіЖұмбақтар жасырамызЕрекше кескіні бар қызық карта, бет – ауызы айқыш- ұйқыш сызық карта. 2. Орақ болып туады, табақ болып тынады 3. Салынған көпір керемет Қызығушы өте көп Ал бірақта не керек, Кісі  өтетін жолы жоқ.  4. Көре алмайсың өзін сен, ол ысқырса, көзіңше, Орманыңды жайпайды, теңізіңді шайқайды 5.Сатайын десем ауыр кілем, Сатпайын десем тәуір кілем. ІІІ. Ғажайып жетілікӘр ұяшықта сұрақтар жасырылған. (Математика, Әдебиет, Спорт, Тарих, Кино, Әуен) ұяшықтың біреуін таңдау арқылы сұраққа жауап береді.МАТЕМАТИКАМУЗЫКАӘДЕБИЕТТАРИХСПОРТКИНОҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨРНЕКТІ АДАМДАРЫ Әрбір оқушы ұяшық таңдап, сұрақ жауабын картадан көрсетеді. Іv. КАРТА ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ 1918201263451078915111612131417 Әр оқушыға сөзжұмбақ таратылады. Оқушылар сөзжұмбақтар сұрақтарына жауап береді. v. CӨЗЖҰМБАҚТАР Қазақ тілінде неше септік бар? Жер бетіндегі ең үлкен материк? 4 санының 3 дәрежесі нешені білдіреді?Ең үлкен арал? Ғылымдардың атасы? Қазақтың бас ақыны? Екі теріс санның көбейтіндісі қандай санды береді?18ғ. Қазақ хандығының шекарасын ұлғайтып, үш жүздің басын біріктірген кім?Тарих сөзі қандай мағынаны білдіреді?Ханның мұрагерін қалай атаған?90 мен 180 градус аралығындағы бұрыш?Әбілхайыр неше жыл хандық етті? Қай эанның тқсында қазақтардың саны 1млн ға жетті?4Дүниежүзіндегі ең ұзын өзен? VІ. қорытынды1. Әр қатысушының ұпайларын есептеу2. Ұпай саны бойынша жеңген баланы анықтау.3. Ойынды қорытындылап, жеңімпаздарды марапаттау. 4. Әділқазылар марапаттайды. Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры мықты, еліміз тыныш, жас ұрпақ бақытты болсын. Әр қайсымыз Отанымыздың одан әрі дамып, көркеюіне өз үлесімізді қосайық. Білімі мен біліктіліктерін сынаған сайыскерлерге, тура төрелік жасаған әділ қазыларға, жанкүйер болған тыңдармандарға, қадірлі қонақтарға үлкен рахметімізді айтамыз!СӘТ САПАР СІЗДЕРГЕ БАЛАЛАР! Назарларыңызға рахмет!!! Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті сайланған жыл? 2. Лондон Олимпиадасының жеңімпаздарын ата 3. Балаларды қорғау күні? 4. «Көксерек» фильмінде Құрмаштың рөлін ойнаған актердің есімі? 5. «Қысқы Азия ойындары» Қазақстанда қай жылдары өтті? 6. «Бала құқығы» қай құжатта көрсетілген? 7. Жер бетіндегі керемет сан 8. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қашан атап өтілді? 9. Досан Тәжіұлы мен Иса Тіленбайұлы бастаған Маңғыстау қазақтарының Ресей отарлаушыларына қарсы ұлт азаттық көтерілісі қай жылы болды? 10. Қазақ халқының аса әйгілі ағартушы-ұстазы, қаламгері, халық қайраткерінің есімі және биыл неше жылдығын атап өтуге дайындалуда? Өнер-білім бар жұрттарТастан сарай салғызды.Айшылық алыс жерлерденКөзіңді ашып, жұмғанша,Жылдам хабар алғызды. 11. «ЭКСПО-2017» көрмесі қашан басталып, қашан аяқталады? 12. «100 нақты қадам» жоспарының мақсаты не? 13. Абылайханның шын аты кім? 14. Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні қашан? 15. Мемлекеттік тудың авторы кім? 16. Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан жариялады? 17. Астана және Ақтау қаласының символы? 18. Екінші дүниежүзілік соғыс қашан басталып, қашан аяқталды? 19. ҚР «Конституция күні» қай күні тойланады? 20. ҚР мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды? МАТЕМАТИКАЕң алғашқы роботты ойлап тапқан ел Қазір қызы 8 жаста, ал шешесі 38  жаста. Қанша жылдан кейін шешесінің жасы қызының жасынан үш есе үлкен болады Әкесінің жасы 31де кезде ұлының жасы 8 де болды. Қазір әкесі ұлынан екі есееге үлкен. Сонда қазір ұлының жасы нешеде? Менің әкемнің ұлы маған аға емес? Алма ағашта 10 алма бар, ал теректе 2 есеге артық. Барлығы неше алма бар? ӘДЕБИЕТЫ. Алтынсариннің 1879 жылғы алғашқы жарық көрген кітабы Абай Құнанбаев қай жылдары өмір сүрді? Үш биді ата «Ұшқан ұя» кітабының авторы кім? Маңғыстау облысында туылған жазушының аты-жөні кім? ТАРИХҚазақ атауы қандай мағынаны білдіреді? Қазақ халқының қаһарман ұлы-батыр Бауыржан Момышұлы қай жылы туған? Барбаросса деген не? 1836-1838 жылдардағы ұлт азаттық көтерілісін басқарған батырлардың есімін ата Қазақтың қай ханы Ресейдің бодандығын қабылдауға ниет білдірді? ҚАЗАҚТЫҢ КӨРНЕКТІ АДАМДАРЫШоқан Уалиханов қай жылдары өмір сүрді? Алғашқы пайдалы қазба кен орнын ашқан қазақ геологының аты жөні кім? Ұлы Отан соғының батыры атанған ұшқыш қазақ қызының аты жөні кім? Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының батыры, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы кім? 20 жыл бойы Вашингтонда тұрып, азаматтығын ауыстырмаған атақты қазақ скрипкашысы және дирижерінің атын атаңыз? МУЗЫКАВокализм деген не? «МИ» нотасы қай нотада орналасқан? ҚР Мемлекеттік гимннің әнін жазған? Әлемдік энциклопедияға енген қазақ әншісінің аты кім? «Ерке сылқым» күйінің авторы кім? КИНОМатрица фильмінің авторы кім? 2. «Менің атым Қожа» фильмінің авторы? 3. Қазақ киносының алғашқы режиссеры? 4. «Ел басы жолы» фильміндегі Н. Назарбаевтың рөлін сомдаған актердің аты кім? 5. Шетел актерларымен бірлесіп түсірген қазақ халқының бірлігі туралы фильмнің аты қандай? СПОРТРио де Жанейродағы олимпиадаға Қазақстаннан неше спортшылар қатысты? Жүзу бойынша бірінші алтынды кім жеңіп алды? Атақты қазақстандық ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанау спортшысы Қазақстаннан бокс бойынша орта салмақтылар арасынан (60келі) алтын медальді жеңіп алған кім? Қазақстанда қысқы олимпиядалық ойын қай жылы өтті? Жаңа Гвинея аралы Жерорта теңізі Африка материгі Мадагаскар аралы Рока мүйісі Калимантан аралы Гренландия аралы Жаңа Зеландия аралы Филиппина аралы Жаңа Орлеон аралы Гуам аралы Кергелен аралы Владивосток қаласы Канар аралы Египет елі Франц Йосиф жері Ян Майен аралы Моңғол елі Тыныш мұхит Суматра аралы