Сан есімні? т?рлері Есептік, реттік сан есімдер


Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің түрлері. Есептік және Реттік сан есімдер Мақсаты: Оқушыларға сан есімнің мағыналық түрлерін және де есептік, реттік сан есімдерді түсіндіру. Міндеті: Білімділік: оқушылардың сан есімнің түрлері туралы түсініктерін кеңейту.Дамытушылық: Оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың теориялық ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелілік: оқушыларға сандарға қатысты ұғым бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрі туралы білімдерін байқау,жылдамдыққа, ізденуге тәрбиелеу. Сан есімдер – сандық ұғымды білдіретін сөз табы. Құрылысына қарай : Дара сан есім . Мысалы: Бір, мың, жүз, миллион. Асанның қолында бір алма бар. Алаңда бір уақытта жүз адам қара жорға биін биледі.Күрделі сан есім Мысалы: Мың-мыңдап, екі-үштен, жүз-жүзден, жиырма бес.Үйірмеге жиырма бес оқушы қатысады. Баспаханада кітаптар жүз-жүздеп шығарылды. Есептік сан есім - заттың нақтылы санын білдіріп, қанша?неше? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: бес, он екі, жүз, жиырма сегіз, тоғыз жүз бір,т.б.Жеті рет өлшеп, бір рет кес. Реттік сан есімдер- заттың саналу ретін, (қатарын) білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді. Мысалы: бір-інші, тоғыз-ыншы, екі-нші, алты-ншы,т.б.Ринат мектепшілік жарыстан бірінші орынға ие болды.Реттік сан есімдер кейде цифрмен де беріледі. Ондайда жазылу реті төмендегідей болады:1.Ол 6-қатардан орын алды.2.Шығарманың II томы.3.1961 жылы Ю.Гагарин ғарышқа ұшты. Қарашаның жиырма алтыншы жұлдызы Сынып жұмысыСан есімнің түрлері. Есептік және Реттік сан есімдер Жаттығу жұмыстарын орындау 162- жаттығуМәтінді оқып, құрамындағы есептік , реттік сан тесімдерді теріп жазу.Үлгі: екі жүз тоғыз- есептік сан есім, құрамына қарай күрделі , сұрағы- қанша? 163-жаттығу. Есептік сан есімдерді қатыстырып, сөзбен есеп құрастыру.Үлгі: Жаңа оқу жылында кітапханашы мектепке 3000 оқулық әкелді. Оның 600-і математика, 351-і орыс тілі, 458-і қазақ тілі, 280-і қазақ әдебиеті пәндерінің оқулықтары. Қалған оқулықтар бастауыш сыныптікі. Сонда бастауыш сыныпқа қанша оқулық әкелінген? 164- жаттығу. Берілген есептік сан есімдерді реттік сан есімге айналдыру.7,10,1,3,100,28,37,695,470,259,627,1992,187,369,2692.Үлгі: 7-жеті-жетінші; Сергіту сәті. 1) Бір сан ойлаңыз!2) Бұл санды 4-ке көбейтіңіз!3) Оған 18-ді қосыңыз!4) Шыққан санды 2-ге бөліңіз!5) Нәтижеден 7-ні алыңыз!6) 3-ке көбейтіңіз!7) 6-ға бөліңіз!Баста ойлаған санды алып тастаңыз! Үйге тапсырма. Есептік, реттік сан есімдердің ережесін жаттап, көркем әдебиеттен 5 мысал жазып келу.