1 класс о?ушыларыны? бейімделуіне байланысты ата-аналар жиналысы Ал?аш?ы ?стаз-ата-ана


“Алғашқы ұстаз – ата-ана” Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Барысы: Баяндама «Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері»«Ассоциация» жазуПедагогикалық ойынПедагогикалық ойын. «Кім мәреге бірінші жетеді?». Сөйлемді аяқтау. «Ой — өрісіңді тексер»«Сіз қандай ата-анасыз?» сауалнамаБілім сапасын көтерудегі ата — ана рөліЕскертпе «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын» «Балақан өсіру — Балапан ұшыру емес» «Бала нені білсе жастан, ұядан — өле өлгенше соны таныр қиядан» СауалнамаБалаңыз балабақшаға барды ма? (неше жастан) Баланы кім тәрбиелейді? Жанұяда күн режимі сақталама? (тұруы, жатуы, тамақтануы, демалуы) Балаңыздың қиналатын жері бар ма? (киіну кезінде, тамақтануда, жуыну кезінде, ұйықтау кезінде). Балаңыздың сүйіп тыңдайтын ертегісі, әңгімесі, телехабары, тамағы бар ма? (атап көрсетіңіз) Балаңыз үй жұмысына көмектесе ме және күнделікті қандай міндеттемелері бар? Жанұяда кімді тыңдайды? (бәрін, әкесін, шешесін, ешкімді) Жанұяда баланы тәрбиелеуде қандай тәсілдерді қолданасыз? (мадақтау, шара қолдану, сөгу, түсндіру, талдау). Жанұяда балаға үлкендерден бірдей талап қойыла ма? (рұқсат беру, тыйым салуға) Балаңызға айтқан уәдені үнемі орындауға тырысасыз ба? І. Баяндама «Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері» ІІ. Баяндама төңірегінде пікір алысулар және ата-аналарға сұрақтар қойылып, мәселелер туралы айтыладыА) Бала тәрбиесінде кемшілік бар екенін мойындайсыз ба?Ә) Балаңызға үлгі болатындай бойыңызда қандай жақсы қасиеттер бар?Б) Келешекте балаңыз қандай адам болғанын қалайсыз? ІІІ. «Ассоциация» жазуӨнегелі отбасы дегенді қалай түсінесіз? Өнегелі отбасы IV. Педагогикалық ойынЖауаптар:— Қай сөз көп болу керек?— Неліктен?{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}Мақтау Ұрсу V. Педагогикалық ойын. «Кім мәреге бірінші жетеді?»Сіздің балаңыз сізді қатты қуантты (бір ісімен). Сіз не айтасыз? Қалай қолдайсыз? (Әр топтың бір мүшесі тақтаға шығып, балаға мадақтау сөздерін айтып, мәреге бірінші жетуге тырысады). (Тамаша! Жарайсың құлыным! Сенсіз мен не істер едім? Өте жақсы! Мақтанашым менің! Қандай тамаша! т.б.). VІ. Сөйлемді аяқтау. «Ой — өрісіңді тексер»І топЕгер баланы үнемі сынап отырса ...Балаға үнемі күлсе ...Баланы қолдап отырса ...ІІ топБаланы қолдап отырса ... Бала төзімділікте өссе ... Бала қауіпсіз жағдайда өссе ...ІІІ топБала кекшілдікте өссе ... Бала адалдықта өссе …Бала түсіністікте және сүйіспеншлікте өссе ... VII. «Сіз қандай ата-анасыз?» 1. Сіздің балаңыз мектептен кейін, үйге біресе көзін көгертіп, біресе шалбарын жыртып келеді.А) Сіз не болғанын сұрап, шалбарын тігіп, компресс қоясызӘ) Балаңызға көмектесесіз, кішкене ұрсасыз, бір күні осы қылықтары үшін бірдеңеге ұрынатынын айтасызБ) Оған ешқандай көңіл аудармайсыз. Бәрін өзі істесін.2. Балаңыздың достары бар. Бірақ олардың тәртібі нашар, тыңдамайды.А) Сіз ол балалардың ата-аналарымен сөйлесесізӘ) Балаларды үйге шақырып, оларға әсер етуге тырысасызБ) Балаңызға достарының кемшіліктерін айтасыз, олардың үлгі бола алмайтынын түсіндіресіз.3. Балаңыз ойнағанды ұнатады, бірақ жеңілгенді ұнатпайды.А) Еш әрекет етпейсіз, балаңыз жеңіліске үйренсінӘ) Ол жеңілісін мойындап үйренгеншеғ енді онымен ойнаудан бас тартасызБ) Жеңілісін мойындауға үйрететін жағдайды әдейі туғызасыз4. Сіздің балаңыз тәулігіне 24 сағат ойнауға бар. Кешкілікте мүлде ұйқысы келмейді.А) Ұйқының қандай маңызды екенін түсіндіресізӘ) Нешеде жатам десе де рұқсат бересіз, бірақ таңертең уақытында тұрғызасызБ) Төсегіне белгіленген уақытта жатқызып, жалғыз қалдырасыз5. Балаларға арналған телебағдарламаларды азсынып, балаңыз күні бойы теледидар көруге дайын.А) Балаларға арналған бағдарлама бітісімен ұйқыға жатқызып, ол ұйықтағаннан кейін ғана теледидарды қосасыз.Ә) Оған нені көруге болатынын, және нені көруге болмайтынын түсіндіресізБ) Балаңыз үшін кейбір тыңдайсыз6. Балаңыз үлкендердің сөзіне көп араласады.А) Бұл қылықтың жағымсыз екенін түсіндіресізӘ) Тыңдамағаны үшін жазалайсыз7. Сіздің балаңыздың жасы әлі кіші болса да өзінше ғашық болады.А) Бәрін сол қалпында қалдырасызӘ) Балалық махаббатқа жол бермейсізБ) «Махаббаттың» не екенін, қарым-қатынастың қандай болу керек екенін түсіндіресіз.8. Басқа балалар сіздің балаңызды ұрады, келемеждейдіА) Есесін қайтаруға үйретесізӘ) Сол балалардың ата-аналарымен сөйлесесізБ) Балаңызды сол балалармен араластырмау үшін бәрін жасайсыз9. Балаңыз қатал, аяушылықты білмейді, басқа балаларға қол жұмсайдыА) Өзіне де дәл сондай жағдай туғызасыз (аяушылық білдірмейсіз)Ә) Осы кезге дейінгіден көбірек көңіл бөлесіз балаңызғаБ) Зорлық, зомбылықтар көрсетіп фильмдерді көруге тыйым саласыз {5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}№аәб130522503035435050236503730585309053 VIII. Білім сапасын көтерудегі ата — ана рөлі1) «Біреулер құдайдан бала тілейді». Ол баланы не қылады?2) Сіз қалай ойлайсыз?3) Ал баланың сапалы білім алуы кімге байланысты? Әрқайсысына қандай талап қойылады? мұғалімоқушыАта-ана ЕскертпеМектеп табалдырығын жаңа аттаған бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына кеңес:Балаға мектеп, мұғалім туралы көбірек мағлұмат беріп, дайындық жұмысын алдын ала жүргізіңіз. Балаңызды өзіне-өзі қызмет етуге дайындаңыз. Жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіздер. Балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз, орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда дұрыс түсінік беріңіз. Баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік беріңіз (бермеген жағдайда бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ, өзіне сенбейтін болып өседі). Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте және сүіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді. «Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.» В.А.Сухомлинский Назарларыңызға рахмет