Балаларды? к?йзеліске ?шырауыны? алдын алу, м??алім, о?ушы, ата-ана арасында?ы педагогикалы? этика ата-аналар жиналысында?ы презентация


Балалардың күйзеліске ұшырауының алдын алу,мұғалім, оқушы, ата-ана арасындағы педагогикалық этика Баланың мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына отбасының әлеуметтік жағдайы мен отбасындағы тәрбиенің маңызы зор. «Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілесің» - демей ме дана халқымыз. Ендеше, бала тәрбиесіне ең алдымен ата-ана толық жауап беру керек. Ата-ана өз баласына уақытын бөліп, тәлім-тәрбие беріп, оның әрбір сұрағына түсінікті жауап беріп, келешектегі өміріне жағдай туғызып отырса, ондай бала келешекте өзі де тәртіпті, ынталы болып өседі. Ата-ана мен мектептің алдында бүгінгі күні үлкен тәрбие мәселесі тұр. Сол мәселелердің бірі: баланың жан күйзелісіне жиі ұшырауы Жан күйзелісі дегеніміз не десек, ол – адамның мінезінің тұйықталып, өмірге деген қызығушылығының жоғалуы, болашағына сенбеушілік, ұйқысыздық, тамаққа деген тәбеттің жоғалуы, өзін-өзі өлімге дайындаушылық. Осындай жаман көңіл-күй байқалса, ол сол адамның жан күйзелісіне ұшырағанын білдіреді дейді мамандар. Жеткіншек жас кезеңі адам тұлғасының қалыптасуындағы аса маңызды кезең екені белгілі. Психологияда бұл кезең «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деп сипатталынады. Өмірдің бір кезеңінен екінші кезеңіне өтумен байланысты жастардың даму процесінде күрделілік туындайды. Осы кезеңде жеткіншектердің «Мен» деген қасиетін үлкендердің түсінуі оңайға түспейді. Жеткіншек айналасынан өзімен санасуды талап ете бастайды. Ересектердің өз құқығын үнемі шектеуіне қарсы туындайтын қарсылық бірте-бірте жеткіншекті жан күйзелісіне ұшыратуы мүмкін. Мектептегі оқушылар арасында жиі болатын дағдарыстың себебі осында жатыр. Мектебімізде бала күйзелісінің алдын – алу мақсатында оқушылармен жеке, топтық кеңестермен қатар, «Стреске қарсы тұру әдістері», «Жетістікке жету өз қолыңда», «Сенімділік күш береді» т.с.с психологиялық сабақтар оздырылды. Мұғалімдер мен ата-аналарға топтық, жеке кеңестер берілді. Ата- аналарға кеңес:Балаңыздың жан дүиесінде болып жатқан өзгерістерді мұқият тыңдаңыз;Бала сезімін, ойына алған істің орындалуын мұқият бағалаңыз;Көңіл күйінің, эмоционалдық күйзелісінің қаншалықты тереңдігін бағалаңыз;Әрбір ренішіне, көңілі толмаған істерінің бәріне мұқият қараңыз; В.А. Сухомлинский  оқушылардың ата-аналармен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата-аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында  мұғалімдер балаларға үлкен бақыт беруі мүмкін»,-дейді. Олай болса, отбасы  мектеппен  бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше. Ата-ананың мектептегі алатын орны: Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы. Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек. Ата-ананың міндеті: Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы; Сабақтан келген балаңың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету; Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу; Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу; Мектептегі ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу; Мектепте болатын кез-келген жұмыстарға мектепішілік іс-шараларға, сынып жетекшілердің ең бірінші қолдап, демеу көрсететін-сынып оқушыларының ата-аналары. Кез келген мәселенің жауабы ата-аналармен шешімін табуға тиісті. Осы жоспарды барлық сынып жетекшілері бұл мәселені бірлесіп дұрыс жолға қоя білсе, көптеген жұмыстарымыздан жеңілдіктер байқалар еді. Осыған байланысты көптеген ата-аналар сынып жетекшінің ай сайын өткізетін ата-аналар жиналысына келмей де жатады. Ата-аналарға арналған этикалық кодекс 1. Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз. 2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз,қолдау көрсетіңіз. 3. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес, ортақ іс екенін ұмытпаңыз. 4. Мектеп туралы, мектепте болған жағдай туралы анық-қанығына көз жеткізбей тұрып, бөгде орындарға таратпаңыз. 5. Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз, өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз. 6. Мектепішілік және сыныптағы ата-аналар жиналысынан қалыс қалмаңыз. 7. Өз балаңыздың мектептен тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қараңыз. 8. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз оған мектепке қажетті құрал-жабдықтарын уақытылы әперіңіз. 9. Балаңыздың денсаулығы мен жеке басының тазалығына және киіміне жауапты қараңыз. 10. Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін, күнделігін, дәптерін қадағалап отырыңыз. 11. Егер мектепке сабақ уақытында келсеңіз, сынып жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз. 12. Өз мүмкіндігіңізге қарай мектепте өтілетін, аудан көлемінде өтілетін мерекелік шараларға, байқауларға қатысыңыз. 13. Өз еріктерімен әрбір ата-ана мектепке ұйымдастырушылық, ақпараттық және материалдық көмек көрсете алады. 14. Мектеп ішінде, сыныпта бола қалған қиын мәселелі жағдайларда оны мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыз: 1. Сынып жетекшісі; 2. Пән мұғалімі (қажет жағдайда);3. Педагог-психолог 3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;4. Әлеуметтік педагог; 5. Мектеп басшысы. Ата — аналар тәрбиесі әдістерін іріктеу мен қолдануда мына жағдайларды ескеруі керек деп ойлаймын.Әрбір ата — ана өз баласының болмысын жете тани білуі қажет.Ата — аналардың жеке тәрбиесі мен беделі, отбасында орнатқан қатынастар сипаты.Ата — аналардың тәрбиелік істерінің бірлігі, іс — әрекеттер әдістерінің басымдығы болуы.Ата — аналардың педагогикалық мәдениеті, тәрбиелік ықпалдардың қыр — сырларын үйренуі, тұрмыстық қажеттілікке айналдыру. Перзент үшін дүниеде ең жетілген, білімді де мәртебелі адам — оның ата — анасы. Ал, ең әдемі де жарық үй — оның туылған үйі. Сондықтан да жас баланың дамуына ата — ананың орны ерекше. Бала тәрбиесінде қолданылатын басты әдістер, бұл — үлгі-өнеге, бірлікті еңбек, әңгіме -сұхбат, баланы қолдау мен қуаттау және қорғау. Бала ата-аналар арасындағы байланысқа, басқа адамдармен қарым-қатынас орнатуына, отбасы ішіндегі тұрмыс -тіршілігіндегі жағдайларға, барша отбасылық іс -әрекеттерге қатысады. Сондықтан да баланы тәрбиелеу үшін арнайы шарт, жағдайлар жасаудың тіпті де қажеті жоқ, тек қана ата — ана мен отбасы мүшелері тарапынан дұрыс, инабатты, адамгершілік әдебі сақталған қарым — қатынас арқылы баланы тәрбиелеп, өз болашағында осы қасиеттерді басты ұстаным етіп алуын ұғындырған жөн.