Жас мамандармен ж?мыс


Жас мамандармен жұмысӘдістемелік бірлестік жетекшісіАмирова Г.М Педагогикалық шеберлік негіздері Мақсаты: Жас мамандардың ұстаздық қабілеттерінің қалыптасуына бағыт беру,кездесетін қиыншылықтардан, кедергілерден шығу жолдарын ұғынуға көмектесу,шығармашылыққа баулу Жүру барысы. 1.Топтастыру2. Педагогикалық жағдаяттарды шешу3. “Бәйге” сұрақтары4. Озық тәжірибелі педагогтер еңбегін білеміз бе?5. Мен қандай мұғалім болғым келеді ?6.Жас ұстаздарға кеңес.7. Жас мұғалімдердің өзін-өзі бағалауы “Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп, отырғанда ғана мұғалім.Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де тоқтайды” деп педагог К.Ушинский айтқандай,жаңаша өмірге бет бұрған,өркениеті дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде білім нәрімен сусындататын мұғалім үшін үлкен жауапкершілік тұрғанын әркез ұмытпағаны-мыз абзал. Топтастыру: І топ “Білімді мұғалім”ІІ топ “Шығармашы мұғалім” І-турІ. 1. Әр топ өз тақырыбын ғылыми тұрғыда қорғайды.Бұл ұғымның мәні нені білдіреді? Неден шыққан? Кімдердің есімдерімен байланыстырады?Қандай қанатты сөздер бар? Оның мағынасын ашу.2. Практикада қолдану түрлерін көрсетуі қажет. Алған тақырып бойынша өлең шығару немесе сурет салуы тиіс. ІІ.Педагогикалық жағдаяттарды шешу (5мин) І топқа. 1.Оқушы мен оқушының арасындағы қақтығыс одан шығу жолдары. Сәкеннің ұялы телефонын Азамат сабақ үстінде алып ойнап отырады,мұғалім оны байқап,ұялы телефонды алды да тәрбие ісі меңгерушісіне береді.Өйткені ол оқушының сабақ үстіндегі мұндай әрекетін басқа жолыда байқап,ескертулер жасаған болатын. “ Сен үшін менің телефонымды алып қойды” деп екі оқушы қатты ренжісті. Реніштің арты төбелеске алып келді. Сіздің әрекетіңіз.2. Ата-анамен мұғалім арасындағы қақтығыс,одан шығу жолдары. Ата-ана мұғалімге келіп, “Менің балам өте ақылды,ұқыпты,ол күнде сабағына дайындалады. Ал сіз оған 3-тен басқа баға қоймайсыз.Сіз осылай істегендіктен,үйде жанжал көбейіп жүр.Бәріне сіз кінәлісіз” деп жылап қоя берді. Сіздің іс-әрекетіңіз. ІІ- топқа.1. Оқушы мен мұғалімнің арасындағы жағдай. Қоңырауда қатарластарымен жанжалдасып,ашуланып отырған оқушы “Сабақ басталды,жұмыс істе”- деген сөзіңізге “Мазамды алмаңызшы” деп дөрекі жауап берді. Не дейсіз? Оқушыларға не дейсіз?2. Тоқсандық баға шығарғанда талас бағаны байқамай оқушыға төмен баға қорыттыңыз, әрі оны ұмыттып кеттіңіз. Оқушының ата-анасы директорға шағымданып келеді. Сізді шақырады. Директорға не дейсіз? Ата-анаға не дейсіз? ІІ-тур “Бәйге” Жалпы сұрақтарға жауап беру.“Инновация” сөзі қандай мағына білдіреді?Архимед Мыңбайұлы Ысқақовтың авторлық мектебі қалай аталады?Қазақстандағы жаңашыл ұстаздарды атаңыз?Василий Александрович Сухомлинскийдің өз мектебі қалай аталады?В.Шаталов қай елдің педагогі?Өздігінен даму технологиясының авторы кім?Қ.Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің алғашқы ректоры кім?Шалва Александрович Амонашвилидің мектебі қалай аталады? “Мұғалім-мәңгі нұрдың қызметшісі.Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп,нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі,мұғалімдерге тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары еш нәрсе болмақ емес”деп айтқан педагог кім?Қ.Р “білім туралы” заңы қай жылы,қай айда қабылданды?“Бір сарынды және бір бағытта ұзақ жүргізілген іс-әрекет бала өміріне шекссіз зиянын тигізеді.Сондықтан да оқыту барысында әр түрлі оқыту әдістері мен формаларын алмастыра отырып қолдану керек” деп айтқан педагог кім? 12.ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдары арналған мемлекеттік бағдарламасы қашан қабылданды?13.Тұлғалық ізгілендіру технологиясының авторы кім?14.Ұжымдық оқыту технологиясының авторы?15.Дамыта оқыту технологиясының негізін салушылар?16.ҚР “Ата заңы қашан қабылданды”17.Білім министрі кім?18.Аудандық газеттің редакторы кім?19.Тіл туралы заң қашан қабылданды?20.ҚР еңбек туралы заңы?21.Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да,еңбекқор еншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді?22.Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесі қашан қабылданды?23.Жаңашыл педагог,әдебиет пәнін оқытудың ерекше әдістемесін әзірлеген кім?24.Педагог қызметкерлерді білім жетілдіру,үш деңгейлік аттестаттция ережесі? ІІІ-тур : Озық тәжірибелі педагогтар еңбегі“Здраствуйте дети”, “В школу с шести лет” т.б. Оқу құралдарының авторы. Негізгі идеясы ынтымақтастық педагогикасы. Алты жасар балаларға тәрбие және білім берудің мазмұнын,ұстанымдарын,тиімді әдістерін,негіздеп оны өз іс тәжірибесінде дәлелдеп берді.Ол бірінші сыныпта бағалауды артық және оқушыны мектеп табалдырығы атаған сәттен бастап өз бетімен жұмыс істеуге,ізденуге баулу қажет деп есептейді. Бұл кім?2. “Үштіктен қалай құтылдық?” “Педагогическая прода” еңбектерімен кең танылды.Негізгі идеясы жоғары қиындықты оқыту.Оқытуда тірек сигналдар мен схемаларды пайдалана,тәрбиелеп оқыту сонымен қатар,ол оқушының өз бетімен жұмысына зор мән береді.Негізгі идеясы балалар үшін барлық мүмкіндікті пайдалану және оқушылардың барлық қабілеттерін дамытуға тиімді жағдай туғызуды жүзеге асыру. Сондай-ақ оқушының болашақ мамандығын саналы таңдауына бірінші сыныптан жағдай туғызу қажет деп санайды. 4. Қазақстандық педагог-қазақ тілі мен әдебиетінен блок сабақтар өткізу тәжірибесімен танымал.Негізгі идеясы – ынтымақтастық педагогикасын жүзеге асыру,оқу үрдісін демократияландыру және мектеп қабырғасында кәсіптік бағдарға жете мән беру. Бұл кім?5. Негізгі идеясы -әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдарын анықтау. Мұндағы сабақ барысында оқушылар өзін-өзі басқару, дублер-мұғалім білімдерін өзара бағалау әрекетін, ал мұғалім бағыттаушы, кеңесші әрекетін атқарады. Оқу тәрбие үрдісінде оқушының дербес ерекшелігі мен рухани дүниесін жетілдіру жолдарын зерттеуші ұстаз. Ол кім?6. Озық педагогикалық тәжірибелі мұғалімнің іс-тәжірибелік зерттеудің технологиясын жасаған педагог?7. Дамыта оқыту технологиясының авторлары?8. Педагогикалық технология-практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе,жоба анықтаманың авторы кім? IV тур: “Мен қандай мұғалім болғым келеді” эссе жазу. V тур: “Жас ұстазға кеңес”Бала мектеп үшін емес,мектеп бала үшін жұмыс істейді.Баға құнды емес,бала құнды.Ұстаз қызметінің мақсаты -өз пәнін жақсы үйретуден гөрі тереңіректе, ол адамды қалыптастырушы екенін үнемі есте ұстауы тиіс.Сабақтың мақсаты- баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін аша білу.Мұғалімнің өз пәнін білуі ғана жеткіліксіз, оған қоса бала жанын ұға білуі қажет.Әр баланың өмір тіршілігі өзінше бір тағдыр,баланың тағдырына ойланып қара. Сабаққа келмесе немесе оған қызықпаса,тентектік жасаса-себебіне үңіл зерттеБаланың ынта – ықыласын оят,оны қолынан іс келетініне сендір, аяла, бала саған да сенетіндей жағдай тудыру керек.Мұғалімнің сөзі мен ісі жасанды емес, шынайы болуы шарт.Шәкірттің кемшілігін көргіш болсаң оның ықылас, қызығушылын өшіресің, сондықтан жеңілісі мен кемшілігі емес, жеңісі мен жетістігін ізде, ынталандыр және мадақта, сүйеніш бол.Көптің көзінше баланың кемшілігін бетіне баспа, сеніп айтқан сырын басқаға шашпа, оны басқамен салыстырып намысына тиме.Балаға сыйлы боламын десең, алдымен баланы өзің сыйла.Қиын тақырыпты түсіндіре сала сұрауға асықпа, келесі сабақта қайтадан еске түсіруден баста 13. Сабақ үстіндегі қиыншылықты жеңуге көп ізденіспен,төзімділікпен ғана қол жеткізе аласың, бұл істе тәжірибелі ұстаздармен ақылдас.14. Баланы сабақтың негізгі кейіпкері ете біл.15. Импровизация-әр сабақтың жаны.16. Әр бала табиғаттың ғажайып құбылысы, дербес тұлға оны сол үшін сыйлау қажет.өзіңде әр бала менің досым деген түсінікті қалыптастыр,оларды алалама.17. Өзіңді мәдениетті,таза,ұқыпты және қарапайым ұста, киімің ала-құла немесе жылтырақ,сәндік үлгіде болмасын,бижутерияны аз тағын,бос және көп сөзден аулақ бол, жайдары жүруге тырыс.Сыныпқа көтеріңкі көңіл күймен ен.18. Алдымен үйрет,сосын талап ет,сенім арт.19. Оқушылардың ата-анасы,жақын-туысы жөнінде оғаш сөздер айтпа оларды сыйла.20. Барлық ісіңде әділдік пен шыншылдық үстем болсын.21. А.Уорт: Орташа мұғалім айтып береді. Жақсы мұғалім түсіндіреді. Үздік мұғалім көрсетеді. Ұлы мұғалім қанағаттандырады.