Д?ние ж?зіндегі ж?не ?аза?станда?ы ?азіргі экологиялы? м?селелер


Дүние жүзіндегі және Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелер Сабақтың тақырыбы: Білімділігі: Оқушылардың білімге деген ынтасын арттыру, дүние жүзіндегі және Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелер туралы пікір алысу, ой қорыту. Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық, шығармашы- лық қабілетін байқау, дамыту.Тәрбиелілігі: Экологиялық тәрбие, табиғи ортаны қорғау, аялау, көркейтуге баулу. Сабақтың мақсаты: Сабақтың түрі: Танымдық сабақ.Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.Пәнаралық байланысы: география, қазақ әдебиеті, экология.Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қазақстанның физикалық картасы, үлестірмелік тапсырма, тест, тірек сызба, мәтін, суреттер, Қазақстанның экологиялық картасы. І. Ой ашар –сұрақ –жауап.ІІ. Ой толғаныс.ІІІ. Ой бөлісу –шығармашылық жұмыс. ІV. Ой бекіту –тест.V. Ой қорыту. Сабақтың жоспары: Оқушыларды төрт топқа бөлу. Әр топтан мұғалімге көмекші тағайындау. Оларға бағалау парағы беріледі. І.Ұйымдастыру Экология ғылымы нені зерттейді?2. Негізін қалаушы кім?3. Қандай кезеңдерге бөлінеді?4. Қандай салалары бар?5. Қазіргі кезде жер шарындағы халықтарды алаңдатып отырған мәселелер қандай? «Қызығушылықты ояту стратегиясы» ІІ. Үйге тапсырманы тексеру Экологиялық мәселелердің туындау себептері қандай?2. Дүние жүзіндегі экологиялық мәселелер қандай?3. Қазақстандағы экологиялық мәселелер туралы не білесіңдер?4. Маңғыстаудың экологиялық мәселелеріне нелер жатады? «Мағынаны ажырату страгегиясы»І. Ой ашар. ІІІ. Жаңа сабақ Судың, қоршаған ортаның ластануы Озон қабатының жұқаруы Орманның кесілуі Қышқыл жауындар Фотохи-милық у түтіндер Биокөптүр-ліліктің азаюы Климаттың өзгеруі Өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың жиналуы Әлемдік экологиялық мәселелер Қазақстандағы экологиялық мәселелер Су тапшылығы Арал,Балқаш, Каспий Құрғақшылық Топырақ эрозиясы Полигон орналасқан аймақтар (Семей,Тайсойған,Маңғыстау т.б) Жасанды көлдердің көбеюі (Сарбұлақ,Қошқар-Ата) Қоршаған ортаның ластануы (радиациялық,химиялық) Ауаның ластануы Каспийдің көтерлуі Қошқар-Ата көлі Жел эрозиясы Құм көшкіні Су тапшылығы Маңғыстаудың экологиялықмәселелері Пайда болу себептері Халықты материалдық жағдаймен қамтамасыз ету Адамның іс-әрекеті Халық санының артуы Ғылыми техникалық прогрестің дамуы Әрбір топ тапсырма жазылған үлестірмелерді таңдайды. Тақырып бойынша экологиялық аймақтар туралы баяндайды.І топ – Аралдың экологиялық мәселелері.ІІ топ – Семейдің экол. мәселелері.ІІІ топ – Каспийдің экол. мәселелері.ІҮ топ – Балқаштың экол. мәселелері. «Ой толғаныс стратегиясы»2. Ой толғау. Әрбір топ берілген тақырып бойынша өз ойларынан шығарма түсіреді.І топ – «Егер сен табиғат қорғау министрі болсаң, онда...»ІІ топ – «Егер Арал теңізі кемерінен асып жатса, онда...» ІІІ топ – «Егер табиғатқа тіл бітсе, онда...»ІҮ топ -- «Егер сен ақын болсаң, онда...» 3. Ой бөлісу ІV. Ой бекіту 1. Танкер теңізге мұнай төкті. Бұл экологиялық проблемалардың қай типіне жатады? а) табиғат ресурстарының таусылуы; б) табиғи ортаның ластануы; в) тірі организмнің құрылуы. 2. Тұрғын белдемдерді тұрмыстық қоқыстардан тазарту үшін қандай шаралар қолданар едіңдер? а) қоқысты өртеу; б) қоқыс төгетін жерге төгу; в) қайта өңдейтін өндіріс құру. 3. Өсімдіктер жиынтығы. а) фитоценоз, б) зооценоз;в) биоценоз. 4. Төменде аталған факторлардың қайсысын кең көлемді экологиялық проблемаларға жатқызуға болады? а) кемірушілер санының артуы; б) зиянды қалдықтардың атмосфераға көтерілу; в) жер шарындағы тұрғын халықтарының санының артуы. 5. Құстардың түлеуі және жылы жаққа ұшуы қандай факторға байланысты? а) ауа температурасының төмендеуі;б) ауа ылғалдылығының өзгеруі; в) күн ұзақтығының өзгеруі. Тест тапсырмасы беріледі. 1. Экологиялық мәселерді шешу жолдары қандай? 2. Қызыл Кітап туралы не білесіңдер? 3.Қорықтар туралы не білесіңдер? 1997 жылы «Қоршаған ортаны қорғау Заңы» қабылданды. 1972 жылы БҰҰ ұйымы Стокголмде экологиялық мониторинг қабылданды. Табиғатты қорғау, табиғат байлығын тиімді пайдалану әрбір перзенттің міндеті. V. Ой қорыту “Қоршаған ортаны қорғау туралы” заңдарды күшіне енгізу Өндірісте тазартқыш қондырғыларды пайдалану Экологиялық сараптама, мониторинг Органикалық тыңайтқышты көбірек пайдалану Табиғат байлығын тиімді пайдалану Қызыл кітап, қорықтар Қалдықсыз немесе аз қалдықты жаңа технологияны енгізу Жасыл ел, көгалдандыру Ш е ш у ж о л д а р ы Оқушылардың бағалау парағы бойынша бағалау. VІ. Бағалау Табиғатты аялау -әр адамның міндеті. Оны аялап сүйе білейік. Президентіміздің Қазақстан халқына жолдауында 2030 жылға дейінгі Стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінген.Табиғатты қорғау үшін бәріміз. Күресейік! Бір бір ағаш егейік. Текке отырмай, жасымыз бен кәріміз.Таза ауа үшін терімізді төгейік. VІІ.Түйін “Маңғыстаудың экологиялық мәселелері” тақырыбына реферат жазу Үйге тапсырма