Ашы? саба? М??а?али Ма?атаев 8 сынып


Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаевқа 85 жыл www.ZHARAR.com www.ZHARAR.com Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.Сабақтың әдісі: СТО технологиясыКөрнекілігі: М. Мақатаев фотосуреттерінен слайд www.ZHARAR.com Сабақтың барысы: 1. Психологиялық кезең.— Балалар, сабақ бастауға көңіл-күйлерін қалай? Қазір алдарыңда жатқан стикерлерге өздерінің көңіл-күйлерінді көрсететін суретті салыңдар. Жақсы. Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы». Мұқағали Мақатаев(1931-1976) www.ZHARAR.com Қазынам бар,Қисапсыз шектеледі.Қызғанады біреулер, жек көреді.Бермеймін де, сатпаймын, көрсетпеймін,Алам десең, алдымен, зертте мені - деп жырлап кеткен Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 13 наурызда (куәлікте 9 ақпан деп жазылған) Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойылған аты - Мұхаметқали. Бірақ «пайғамбар атын алып жүру жас балаға ауырлық етеді» деп есептеген ата - анасы оны кішкентай күнінен «Мұқағали» деп еркелетіп атап кеткен. Үйдің тұңғышы болғасын ба, Мұқағали Тиын әжесіне табиғи болып, анасын жеңге есебінде санаған.Әже, сен бірге жүрсің меніменен,Өліге мен өзіңді телімегем.Ақ кимешек көрінсе, сені көрем,Ақ кимешек жоғалса... нені көрем?- деп өзі жырлағандай, өр мінезді, айбынды әжесін ерекше құрметтеген. Мұқағали үшін өлең жазудан артық бақыт болмаған. Ол өлең боп өмір сүрді, өлең боп өмірден өтті. 10 жасынан бастап соғысқа кеткен әкесін сағынып өлеңдер жазған. Мұқағали мектеп қабырғасында оқып жүргенде өлең жаза бастаған. Ол 10-ыншы сыныпты интернатта бітірген Мұқағали әртүрлі салада қызметтер атқарады:ауылдық кеңестің хатшысы,мектеп мұғалімі,комсомол қызметкері www.ZHARAR.com www.ZHARAR.com М.Мақатаевтың ең бірінші жазған өлеңі “Қойшы бала Әкітай”. Бұл өлеңде ақынның өз өмірі суреттеледі. Ақынның тірісінде үш аудармасы жарыққа шықты. Оған Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығы берілді, сондай-ақ “Ғасыр ақыны” атағы да берілген. Мұқағали қаламдас жолдас, інілерінің арасында Мұқағалидың ұлы Жұлдыз және келіні №140 М. Мақатаев атындағы мектеп-гимназиясы www.ZHARAR.com Сұрақ – жауап әдісі арқылы оқушылар бір-бірінің білімдерін тексереді.— Мұқағали Мақатаев кім?- Мұқағали Мақатаев ең бірінші ақын дейміз, сосын драматург, сатирик, публицист, жазушы, аудармашы, ұстаз, журналист деп атап өтеміз.— М.Мақатаев қай жылы, қайда туған?— Ол әкесінен неше жасында жетім қалды?— Оның қандай өлеңдерін білесің?— Қай жылы мемлекеттік сыйлықты алды және қандай кітабы үшін?— 2000 жылы15 желтоқсанда мемлекеттік сыйлық берілді және «Аманат» кітабы үшін. Мұқағали М.Мақатаев поэзия жанрында ғана емес проза,драма саласында да қалам тартты. Ақынның 8 жыр жинағы жарық көрген. Поэмалары: “Райымбек”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Қайырлы түн”, “Арман”, “Досыма хат”. www.ZHARAR.com М.Мақатаев 1976 жылы дүниеден өтті, бірақ та ол өзінің артында көп мұра қалдырды, оның атында Алматы қаласында мектеп , көше және мұражай ашылған. www.ZHARAR.com Мұқағали Мақатаевқа арналған мұражай www.ZHARAR.com Мұқағали ғасырдың ғаламат ақыны, оны ақын еткен, мәртебесін көтерген, ақындық ғарышқа самғатқан-қазақтың қара өлеңіШыр етіп дүниге келгенде бесік жырымен, ана әлдиімен көзін ашқан ол сол жырды жалғаушы болды.Ақынмын деп мен қалай айта аламын,Халқымның өз айтқанын қайталадым,Күпі киген қазақтың қара өлеңін,Шекпен жауып өзіне қайтарамын, - деген сөздері осыған дәлел.Бүгінгі ұрпағы ақын да өлеңдерін жатқа оқиды. www.ZHARAR.com «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы халықтың наным - сенімін, әдет - ғұрпын жаныңмен ұғып, санаңа сіңіруді көздеген туынды. Ақын бұл поэмасын бір түнде жазып, ертеңіне Ғабит Мүсіреповке келіп, оқып беріпті. Ғабит Мүсірепов поэманы мұқият тыңдап, Мұқағалидың арқасынан қағып: «Өте жақсы»,- деп бағасын беріпті, ақынға алтын қалам сыйлапты. Ендеше осы қасиет пен қасіреттің белгісіне айналған поэмамен танысайық. www.ZHARAR.com «Мұқағали  әлеміне  саяхат» Бекіту кезеңі Тексеріңдер: Бағалаңдар: В 8 дұрыс жауап – “5”Б 7-6 дұрыс жауап – “4”Б5-4 дұрыс жауап – “3”ӘБ БӘВ Оқушылардың білімін бағалау.Үйге тапсырма:Поэмадан үзінді жаттау. www.ZHARAR.com Тыңдағандарыңызға көп рақмет!Сау болыңыздар! www.ZHARAR.com