Презентация по биологии на тему М?дени ?сімдіктер (6-класс)


§34 Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары ІІ. Үй тапсырмасын сұрауІІ.1."Білім минуты“1.Мәдени дақылдардың қандай түрлерін білесіндер?2.Мәдени дақылдар қандай бағытта өсіріледі?3.«Картоп-екінші нан»деп неге аталған? 4. Көкөністік дақылдардың қандай манызы бар?5.Түйнек деген не? Мәдени дақылдар Мәдени дақылдарға жататын өсімдіктер ІІ.2. Кесте толтыру: Мәдени дақылдар Мәдени дақылдарға жататын өсімдіктер Көкөністік Орамжапырақ, сәбіз, қызанақ, қияр, пияз, зәйтүн, картоп, т.б. Жеміс-жидек дақылдары Алма, алмұрт, қара өрік, шие, құлпынай, жүзім, алхоры, т.б. Май алынатын өсімдіктер немесе техникалық дақылдар Күнбағыс, соя, қыша, рапс, зәйтүн, т.б. Даражарнақтылар немесе астық тұқымдастар Бидай, сұлы, арпа, күріш, жүгері, тары, қарабидай т.б. ІІ.2. Кесте толтыру: 1. Ең тез өсетін өсімдік?(Бамбук)2. Өсімдіктің қай мүшесі жасыл асхана деп аталады?(Жапырақ)3. Саңырауқұлақты зерттейтін ғылым?(Микология)4. Адам қолымен өсірілетін өсімдіктер?(Мәдени)5. Өсімдіктін жер асты мүшесі?(Тамыр) ІІІ. Жан—жақты білімдерін тексеруЛездемелік сұрақтар: 6. Ең ірі жеміс?(Асқабақ)7. Органикалық тыңайтқыштарды атаңыз?(Көң, құс саңғырығы)8. Суықтан да биіктен де қорықпай таудың ұшар басында өсетін қай өсімдік?(Еңлікгүл)9. Дүниеде ең бик ағаш?(Эвкалипт) 10. Бриология қандай ғылым? (мүктер) ІІІ. Жан—жақты білімдерін тексеруЛездемелік сұрақтар: ІV.Жаңа сабаққа дайындық: Мәдени өсімдіктердің жабайы өсімдіктерден айырмашылығы неде? Қандай мәдени өсімдіктерді білесіңдер? §34 Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары Мәдени өсімдіктер - астық, көкөніс, жеміс - жидек, мата тоқуға қажетті шикізат.Өсімдіктерді қолда өсіру әдісін меңгере алмағандықтан, табиғаттың бергенін ғана місе тұтты. Сондықтан бұл кезең жинаушы кезең деп аталды.Адам сұрыптау жолымен қолдан шығарған бір тұр дарақтарының жиынтығы іріктеме деп аталады.Өсімдіктердің жаңа іріктемелерін, жануарлардың жаңа қолтұқымдарын шығарумен шұғылданатын ғылым - селекция деп аталады (латынша «селекция» - іріктеу, сұрыптау). Мәдени өсімдіктердің сан алуандығы және шығу орталығын орыс ғалымы Н. И. Вавилов зерттеді. Ол бес континентті айналып шығып, дүние жүзінің 52 елдерінде болды. Н. И. Вавилов өсімдіктердің 400 - ге жуық түрінің Оңтүстік Азияда, 200 - ге жуық түрінің Оңтүстік Америкада мәденилендірілгенін дәлелдеді. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары Оңтүстік-азиялық тропиктік Оңтүстік Батыс азиялық Жерорта теңіздік Орталық Америкалық Абиссиндік Андылық (Оңт.Америкалық) Шығыс -азиялық Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары: Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары: 1. Оңтүстіказиялық тропиктік орталық. Бұл – күріштің, қант қамысының, көптеген жеміс және көкөністік дақылдар отаны. Бұған тропиктік Үндістан, Үндіқытай, Оңтүстік-Шығыс Азияның аралдары жатады. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары: 2. Шығысазиялық орталық. Бұл – сояның, тарының бірнеше түрінің, көптеген жемістік және көкөністік дақылдардың отаны. Бұған Орталық және Шығыс Қытай, Жапония, Тайван аралдары, Корея жатады. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары: 3. Оңтүстік-батысазиялық орталық. Бұл – бидай, қарабидайдың бірнеше түрлерінің, көптеген дәнді дақылдар, бұршақ, жүзімнің отаны. Бұған кіші Азия, Орта Азия, Иран, Ауғанстан, Солтүстік-батыс Үндістан жатады. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары: 4. Жерортатеңіздік орталық. Бұл орталық мәдени өсімдіктер түрінің бірнеше түрі кездеседі. Атап айтқанда: зәйтүн, көптеген малазықтық өсімдіктер (жоңышқа, біргүлді жасымыөқ), орамжапырақ өскен. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары: 5. Абиссиналық орталық. Бұл – дәндік құмай, бананның бір түрінің, майлы ноқат өсімдігі, бидай мен арпаның бірқатар ерекше түрлерінің отаны. Бұған Африка материгінің шағын ауданы жатады. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары: 6. Орталық америкалық орталық. Бұл – жүгері, ұзын талшықты мақта, какао, асқабақ, үрмебұршақ, - 900-ге жуық мәдени өсімдіктердің отаны. Бұған Оңтүстік Мексика жатады. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары: 7. Андылық (Оңтүстік Америкалық) орталық. Бұл – көптеген түйнекті өсімдіктердің, соның ішінде картоптың, дәрілік өсімдіктердің отаны. Бұған Анд тау жотасы атырабының бөлігі жатады. Қазақстанда қант қызылшашы мен кендірді биологиялық сұрыптау жағынан ғылыми тұрғыда сипаттаған алғашқы ғалым - Кәрім Мыңбаев. Қазақстанды астықты өңірге айналдыру, Бетпақдаланы мал шаруашылығы үшін пайдалану, сондай - ақ Орталық және Оңтүстік Қазақстан аймақтарын суландыру, құмкөшкінін тежеу мақсатында жаңа жерлерге сексеуіл отырғызу жобалары халық игілігіне айналды. Зерттеу жұмыстары:Саяқбай Аида - “Күнбағыс өсімдігінің биологиялық ерекшеліктері мен пайдасы”Атабек Бақыт – “Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеттері” 1. «Алтын қақпа» ойыныӘр қақпаның өз сұрақтары болады. Сұрақтарға жауап беріп, қақпаны ашу керек. VІ. Сабақты бекіту Тас қақпа сұрағы: Іріктеме деген не? Күміс қақпа сұрағы: Селекция қандай ғылым? Алтын қақпа сұрағы: Кәрім Мыңбаев Қазақстан үшін қандай еңбек жасады? VІ. Сабақты бекіту 2. Сәйкестендіру тесті Мәдени орталықтар Өсімдік атаулары 1.Оңтүстік Азия2.Шығыс Азия3.Оңтүстік-Батыс Азия4.Жерорта теңізі5.Абиссиналық орталық6.Орталық Америка7.Андылық (Оңтүстік Америка) А.КартопӘ.МақтаБ.БананВ.Зәйтүн ағашыГ.БидайҒ.Қара бидайД.Соя,тарыЕ.КүрішЖ.Қант қамысыЗ.ҮрмебұршақИ.Асқабақ ____ ____ ____ ____ ____ ____ ____ Дұрыс жауап 1. Е,Ә2. Д3. Г,Ғ4. В5. Б6. И,З7. А,Е Тест 1)    Дүние жүзіндегі мәдени өсімдіктердің шығу тегін зерттеп, мәдени орталықтарын ашқан ғалымА) И.Мичурин          Ә) В.Ковалевский     Б) Г.Карпеченко В) Н.Вавилов2) Қайсысы мәдени өсімдікА) Жуа       ә) Жусан         б) Ебелек в) Тары 3) Сұрыптау жолымен қолдан шығарған бір түр дараларының жиынтығыА) Іріктеме          ә) Жинаушы кезең       б) Қолтұқым       в) селекция4) Қазақстанда өсімдіктер генетикасы мен селекциясын зерттеуді өркендетушіА) С.Я.Шабаев   ә) А.Б.Бұқтыбаева     б)И.Г.Цыганков       в) К.Мыңбаев5) Жануарлардың қолдан шығарған түрі қалай атаады?А) Іріктеме          ә) Қолтұқым       б) Селекция         В) Жинаушы кезең6) Вавилов еңбегінде неше орталықты ажыраттыА) Алты     ә)  Сегіз      б) Жеті       в) Тоғыз7) Картоптың отаныА) Оңтүстік Америка   ә) Солтүстік Америка  б) Азия      в) Иран Адам меңгермейтін білім бар ма?Жойқын істі тындырар күшің барда.Оқы, үйрен, жас ұрпақ бәрін меңгер,Алға қойған мақсатың, ісің барда! VІІІ. Үйге тапсырма: Мәдени өсімдіктердіңшыққан орталықтары Оқушы білімін бағалау