Презентация по внеклассной работе на тему Маманды? та?дай білесіз бе? (10-класс)


10- сынып Мақсаты: білімділік – оқушылардың білім шыңына талпынуда алғашқы қадам жасаулары үшін бойларында қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы ойларын білу, болашақта мамандық таңдауына ықпал ету, ой  бөлісу; Дамытушылық – жеке басының сапалық қасиеттерін арттыру, жеке тұлға қалыптастыру бағытында дүниетанымын кеңейту; Тәрбиелік – оқушыларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектеруге, отансүйгіштікке, адамгершілікке, мәдениеттілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу; Міндеттері: - мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту.Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу.Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: Өзі- өзі бағалау, талдау дағдысы артады;Өзінің қызығушылығын, икемділігін, болашағын сезінеді; Болашағына жауакершілігі артады; Алдына мақсат қоюға дағдыланады; Өзінің қабілеті мен икемділігіне қарай білім алуға қолы жетеді; Топ ережесі:*Шараның сәтті өтуіне тілектеспіз*Біз-бірімізді тыңдаймыз, сөз бөлмейміз *Көрсетілген қол ережесіне сай топтан біреу ғана сөйлейді*Берілген тақырыптан ауытқымаймыз*Уақыттық шекараны сақтаймыз.* Басқанының да пікірін сыйлай білеміз «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім». М.Әуезов 1 – топ: «Адам мақсатына арамдықпен жете алмайды» К.Маркс2 – топ: «Пайда ойлама ар ойла Талап қыл артық білуге» Абай Адам бойындағы асыл қасиеттер Шыншылдық Сыйластық Адамгершілік Еңбекқорлық Қайырымдылық Отансүйгіштік Білімділік Мәдениеттілік Жағдаяттық сұрақтар 1 топ Сіз сертификат алдыңыз. Бірақ құжат тапсырар кезде сізге таңдаған мамандығыңыз бойынша толық акпарат алған кезде көңіліңізден шықпады, (оқитын ғимараты ұнамауы мүмкін, оқитын пәндеріңіз қызықтырмауы мүмкін) сіз не істейсіз, сол мамандыққа тапсыра бересіз бе, әлде басқа мамандықты таңдар ма едіңіз?2 топ Самат деген оқушы ҰБТ-ге үйінен үнемі өз бетімен дайындалады, кейбір сұрақтарын ата –анасымен бірлесіп талдап та отырады. Бірақ, бақылау сынақтарында өз деңгейінен көріне алмай келеді. Ал мектепке келгенде мұғалімнің айтқанын тыңдамайды, артқы партаға барып ұялы телефонмен ойнап отырады. Ата-анасы баласына сенімді, ал ұстаздары Саматтың сынақтан дұрыс нәтиже көрсете алмайтынын айтып, мектепте емтихан тапсыруына үгіттеуде ... Саматты қалай түсінесің, орнында болсаң не істер едің? 1.Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады деген дұрыс па? А) ияӘ) жоқ 2. Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты ма? А) ияӘ) жоқ 3. Отбасы мен достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға бола ма? А) ияӘ) жоқ 4. Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына түсу керек пе? А) ияӘ) жоқ 5. Ақша болса, мамандық қажет емес деген пікірмен келісесің бе? А) ияӘ) жоқ 6. Мамандық таңдау- күн көрістің қамы ма? А) ияӘ) жоқ «Болашақ мамандығыңды ақылмен таңда!» 1. Алдымен мамандықты, соған сәйкес ҰБТ бойынша бесінші пәнді таңдауға кіріс. 2. Қызықтырған мамандықтардың тізімін жаса. 3. Таңдаған мамандықтар бойынша грантқа өту балдарын анықта. 4. Түйін шығар! 5. Өзіңнің қалаған мамандығыңа жететін балл жинамағанша дайындал, ҰБТ сынақ тесттерін жаса.... Сәттілік! Дәйексөз «Егер еңбекті таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз » К. Д. Ушинский