Презентация. ?аза?стан Республикасыны? жалпы білім беретін мектептерінде Дінтану негіздерікурсын о?ытуды? ерекшеліктері


Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде «Дінтану негіздері» курсын оқытудың ерекшеліктері Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды(2015 жылғы 17 сәуірдегі №3 хаттама)«Дінтану негіздері» курсын тарих немесе біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді. ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен жалпы білім беру мектептеріндегі 9-сыныпқа арналған «Дінтану негіздері» курсы оқу бағдарламасы қайта бекітілді. Курсты оқытудың жылдық жүктемесі вариативтік курс есебінен 34 сағатты құрайды.   «Дінтану негіздері» курсының мақсаты – оқушылардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтардың негізінде білім жүйесін және гуманистік дүниетаным қалыптастыруға ықпал ету. Білім алушылардың діннің тарихы және қазіргі замандағы оның рөлі туралы жүйелі білім беру;оқушыларға діннің танымдық, мәдени және дүниетанымдық мәнін ұғындыру; толеранттылыққа тәрбелеу; діни әдебиеттерді, ақпарат көздерінің материалдарын сыни тұрғыда бағалай білуге тәрбиелеу;Қазақстандағы ұлтаралық, конфессияаралық келісім саясаты негізінде азаматтық ұстаным мен жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу; экстремизм, терроризм, діни радикализм идеологиялары мен тәжірибелерінің адам үшін, қоғам және мемлекет үшін қауіптілігін ұғындыру және оларды қабылдамауға тәрбиелеу;құқықтық сауаттылыққа, Қазақстан азаматтарының құқықтары мен еркіндіктерін сыйлауға тәрбиелеу;«Дінтану негіздері» курсының міндеттері: «Дінтану негіздері» курсы бағдарламасының басты міндеті діндер жайлы жалпы мағлұматтар бере отырып, дін туралы толық түсініктерін қалыптастыру. Оқу материалы 9-сынып оқушысының оқу-танымдық мүмкіндіктеріне бейімделген жүйеленген ғылыми әдебиеттерден жинақталған. «Дінтану негіздері» курсы бағдарламаларының материалдарын оқып білуде «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Қазақ әдебиеті», «Өнер», «Өзін-өзі тану» сияқты пәндерімен және «Абайтану» курсымен пәнаралық байланыс пен сабақтастық қарастырылған. Ғылыми тұрғыдан алғанда негізгі діни терминдер мен құбылыстарды;әлемдік және дәстүрлі діндер тарихын;мемлекет, дін бірлестіктері және мәдениет арасындағы қарым-қатынас мәнін; Қазақстан Республикасы Ата Заңының ар-ождан еркіндігі туралы ережелерін және Қазақстан Республикасының «Дін туралы» Заңын;Әл-Фарабидің, Қожа Ахмет Яссауидің, Абайдың, Шәкәрімнің Ыбырай Алтынсариннің мәдени-ағартушылық рухани мұраларын.Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың конфессияаралық келісімді, елдегі және халықаралық деңгейдегі тұрақтылықты сақтау жөніндегі саясатын;дәстүрлі діндер идеологиясы мен тәжірбиесін экстремистік, террористік, теріс сипаттағы ұйымдардан айыра білуді. Оқушылардың дайындықтарына қойылатын талаптар: «Дінтану негіздері» курсын оқыту нәтижесінде оқушылар: Біледі: Кәсіби әңгіме үстінде АйқындылықНәтижесінде:Ақпаратты сыни тұрғыда талдау, оны оқу барысында және әртүрлі қоғамдық құбылыстарды түсінуде қолдана білу;Экстремистік, террористік, теріс сипаттағы ағымдар мен ұйымдарды ажыратып,оларға қарсы тұра білу; Діни, рухани маңызды мәселелер бойынша әртүрлі ой-талқы жасау, пікір таластыра білу;Ғылыми, оқу әдебиеттерімен, электрондық дереккөздермен тиімді жұмыс істеу;Ізденіс шығармашылық жобаларын әзірлеп,оларды қорғай білу. йн