Презентация на тему Электр ?рісі. Электр ?рісіні? кернеулігі


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігіЖаңақорған аграрлы-техникалық колледжіЭлектр өрісі. Электр өрісінің кернеулігіПән мұғалімі: Алпамышева Қарлығаш Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру (үй тапсырмасын сұрау)Нүктелік заряд дегеніміз не? Кулон заңы?Кулон заңының формуласы?Кулон тәжірибе жасау үшін нені қолданды?Пропорционалдық коэффициенті нешеге тең?Кулон заңы орындалу үшін қандай шарттар орындалуы керек?Электр зарядының өлшем бірлігі?Электр тұрақтысы нешеге тең? Жiпке зарядталған гильзаны iлiп, оған электрленген шыны таяқшаны жақындатайық. Олар бiр-бiрiне тiкелей тиіспесе де жiпке iлiнген гильза өзiнiң вертикаль қалпынан ауытқып, шыны таяқшаға тартылады Осыдан зарядталған денелер бiр-бiрiмен тiкелей тиiспесе де әсерлесетiнiн көремiз. Осы кезде бiр денеден екiншiсiне әсер қалай берiледi? Мүмкiн, бар мәселе олардың арасындағы ауада шығар? Мұны тәжiрибе жүзiнде анықтайық. Зарядталған электроскопты (шыны пластикалары алынған) ауа сорғыштың қалпағының астына қойып, одан ауаны сорып тастаймыз. Сонда бiз ауасыз кеңiстiкте де электрокоптың жапырақшалары бiр-бiрiнен тебiлетiндiгiн көремiз. Демек, электрлiк әсердiң берiлу процесiне ауа қатыспайды. Зарядталған денелердiң өзара әсерлесуi не арқылы жүзеге асады?Бұл сұрақтың жауабын ағылшын ғалымдары М.Фарадей (1791–1867) және Дж. Максвелл (1831–1879) өз еңбектерiнде бердi. Фарадей мен Максвеллдiң еңбектерiне сүйенсек, зарядталған денелердi қоршап тұрған кеңiстiк, басқа денелердiң айналасындағы кеңiстiктен өзгеше. Зарядталған денелердiң айналасында электр өрiсi болады. Электрлiк әсерлесу осы өрiс арқылы жүзеге асады. Электр өрiсi – кез-келген зарядталған денелердiң айналасында болады және заттардан ерекше, материяның айырықша бiр түрi болып табылады. Оны көру немесе ұстау мүмкiн емес. Электр өрiсiнiң бар немесе жоқ екендiгiн, тек оның әсерi арқылы бiлуге болады. Электр өрiсiнiң зарядталған денеге (бөлшекке) әсер ету күшiн электрлiк күш деп атаймыз. Электр өрiсiне түскен бөлшек осы күштiң әсерiнен а-үдеуiн алады. Оны Ньютонның екiншi заңынан анықтауға болады.Электр өрiсiн графиктік кескiндеу үшiн Фарадей заманынан бастап күш сызықтары қолданылады.Электр өрiсiнiң күш сызықтары деп, сол өрiске орналасқан оң зарядталған бөлшекке әсер ететiн күштiң бағытын көрсететiн сызықты айтамыз. Электр өрiсiнiң негiзгi қасиеттерi:Зарядталған дененiң электр өрiсi, осы өрiстегі кез-келген зарядталған денеге қандай да бiр күшпен әсер етедi;Зарядталған денеге жақын аралықта өрiс күштiрек, ал алыста әлсiздеу. Электр өрісінің кернеулігі – электр өрісінің зарядталған бөлшектер мен денелерге күштік әсерін сипаттайтын векторлық шама (Е).Ол электр өрісінің белгілі бір нүктесіне қойылған нүктелік зарядқа әсер ететін өріс күшінің сол зарядтың шамасына қатынасына тең: Электр өрісінің кернеулігінің бірліктердің халықаралық жүйесіндегі өлшем бірлігі: В/м. Өрістердің суперпозиция принцпі Есептер шығаруЭлектр өрісіндегі 4*10 – 6 зарядқа 0, 02 Н күш әсер етеді. Осы нүктедегі электр өрісінің кернеулігін табыңдар?Кернеулігі 4*10 5 В/м болатын біртекті электр өрісіндегі электронның үдеуін және оған әсер ететін күшті табыңдар. Өтілген сабақты (материалды) бекітуЗарядталған денелердiң өзара әсерлесуi не арқылы жүзеге асады?Электр өрiсi дегеніміз не?Электр өрiсiнің күш сызықтары дегеніміз не?Электр өрiсiнің негізгі қасиеттері қандай?Электр өрiсiнің кернеулігі дегеніміз қандай шама?Электр өрiсi кернеулігінің өлшем бірлігі?Өрістердің суперпозиция принцпі? Үйге тапсырма:Физика 10кл Г. Я.Мякишев, Б.Б.Буховцев §38, 39