Ашы? саба?: Мал ?ірсе?, ?ой ?сір, пайдасы оны? к?л — к?сір


№54 негізгі мектебі“Абылай” шағын орталығы, “Жұлдыз” ортаңғы тобының тәрбиешісі Кулшанбаева Гулбану Мусағалиқызы Мал өсірсең, қой өсір, пайдасы оның көл – көсір. Мақсаты: Балаларға үй жануарлары, оның ішінде қойдың адам өміріндегі қажеттілігі мен оларды өсірудің маңыздылығын түсіндіру. Қой туралы білімдерін қайталап пысықтау. Ұлтымыздың асыл мұрасы қолөнермен таныстыру. Үй жануарларына деген танымдық қызығушылығын арттыру және қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Ұйымдастыру кезеңі: Үлкенге де - сіз, Кішіге де - сіз. Сәлем бердік сіздерге, Әдеппенен біз. Қой атаулары: Қозы, қошақан – қойдың жас төлі,Көбеген –ерте туған қозы,Көпей – кеш туған қозы,Марқа – қозының марқайған кезі,Бағлан – семіз марқа,Тоқты – жасы алты айдан асқаны,Тұсақ – жастан асқан аналық,Құнан қой – үш жастағы қой,Дөнен қой – төрт жастағы қой,Қошқар – аталық.Саулық – аналық қой. Қойды пұшайт – пұшайт деп шақырады. Көп қойдың тобын отар деп атайды. Отарда 500-дей қой болады. Қойды бағатын адамды «шопан» немесе «қойшы» деп атайды. Қойды жазда жайлауға бағады, қыста қыстауда ұстайды. Қой раң, селеу, жусан, ажырақ, жоңышқа сияқты шөптермен, өсімдіктермен қоректенеді. Қой көктемде төлдейді, бұл уақытты халық «төлдем» деп атайды. Қойдың адамға тигізер пайдасы өте көп. Қойды жылына 2 рет қырқып, жүнін алады. Күзде қырыққан жүнді күзем, көктемде қырыққан жүнді жабағы деп атайды. Күземнен үйге төселетін текемет жасайды, қойдың жүнін бояп, бетіне ою-өрнек салады және киіз үйдің сүйегін жабатын киіз басады. Жабағы жүнді әжелеріміз түтіп, ұршықпен иіріп, жіп алып, одан кеудеше, қолғап, шұлық тоқиды Мынау менің атамның тоны. Оны қойдың терісінен жасаған. Теріні илеп, қыста киетін тон тігеді. «Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі артық» деген сөз бар, ол аязда еш суыққа тоңдырмайтын киім. Тонның жағасын қойдың бір түрі - қаракөлдің терісінен жасайды. Қаракөл – бағалы қой терісі. Қойдың етін асып, ет жасайды, қуырып,қуырдақ дайындайды. Сүтінен ақ ірімшік алады, ұйытып қатық жасайды. Сергіту сәті: Жайылыңдар кең жерге,Тиіспейтін сендерге.Су ішіңдер, қаныңдар,Көкке тойып алыңдар.Бұлақтарды кешіңдер,Мықты болып өсіңдер!Асыр салып ойнаңдар,Өрісте қап қоймаңдар!Тек сүзісе көрмеңдер,Тентек лаққа ермеңдер. Жайылыңдар кең жерге,Тиіспейтін сендерге.Су ішіңдер, қаныңдар,Көкке тойып алыңдар.Бұлақтарды кешіңдер,Мықты болып өсіңдер!Асыр салып ойнаңдар,Өрісте қап қоймаңдар!Тек сүзісе көрмеңдер,Тентек лаққа ермеңдер.