?теш пен б?рша? д?ні ертегі балаба?ша ересек тобы


Білім саласы: Қатынас.Таным. ШығармашылықҰйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Тіл дамыту. Жапсыру. Қоршаған ортамен танысу. Тақырыбы: «Әтеш пен бұршақ дәні.»Дайынған Дөң орта мектебінің жанындағы шағын орталық тәрбиешісі: Достаева Жаңагүл Ғалымжанқызы Мақсаты: Балаларды ертегінің мазмұнымен таныстыра отырып,ертегі желісі бойынша тапсырмаларды өз беттерінше орындауға үйрету. Үй жануарлары мен үй құстарының белгілерін ажырата білуге дағдыландыру. Құм терапиясы арқылы балалардың танымдық құзыреттіліктерін тілдерін дамыту.Еңбекке, қамқорлыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу , ойын, сұрақ-жауап.Құралдар: Көрнекіліктер, балаларға үлестірмелі құралдар, кестелер, суреттер, түрлі түсті құм, желім. I.Мотивациялыққозғаушы кезең Шаттық шеңберАрайлап бүгін атты күн,Шашып бірге шапағын.Тілейміз сізге ақ таңныңҚуанышын шаттығынҚайырлы таң,қайырлы күн! Күтпеген сәтТопқа жылап әтеш келеді.Ол асығып бұршақ жеп жүріп, дәннің тамағына тұрып қалғанын айтып, балалардан көмек сұрайды. ІІ. Іздену ұйымдастырушы Сұрақ – жауап:-Балалар, әтештің қылығы дұрыс па? -Тамақты қалай жеу керек? -Жақсы,ал,енді біз әтешке қалай көмектесе аламыз? -Оның тамағын маймен сылау қажет. Бізде май жоқ, ендеше бәріміз әжеге барып, одан май сұрайық. Әже (сырттан дауыс)-Егер де маған көмек берсеңдер, онда мен де сендерге май шайқауға көмектесемін. Әже тапсырмасы: Д/о:«Үй құстарының балапандарын ажырат» (Алдарына берілген суреттерді орналастыру керек) Әже балаларға риза болып, оларды сиырға сүтке жұмсайды. Сергіту сәті:Тауық, үйрек, қаз, әтешБидай теріп жейді екен Тұмсығымен шоқып жепҚандай дәмді дейді екен Сергіту сәті «ЦЫП – ЦЫП»Менен кейін қайтала! Жарайсыңдар! Сиыр (даусы): Менің қарным ашып тұр.Егер менің не жейтінімді тапсаңдар,мен де сендерге көмек-тесемін. Сиыр тапсырмасы:Д/о: «Жейтін азығын тап» -Жарайсыңдар, балапандарым! Ал, енді атаға барайық.   Ата (даусы) : Балалар, мен сендерге көмектесуге дайынмын, бірақ менің шөп оратын шалғым жоқ. Саусақ жаттығуы. «Тауық пен балапандар»Тауық шықты сайраңдап,Балғын шөпті шымшылап.Артынан балалары-Сары үрпек балапандары.Қыт-қыт-қыт,қыт-қыт-қытАлысқа кетпеңдер,Табанмен қазбалапДәндерді іздеңдер. Балалар, алдарында тұрған қағаз бен құмды пайдаланып, атаға шалғының үлгісін жасап берейік. Балаларға алдымен жұмыстың орындалу барысын түсіндіріп өту. Шалғыны атаға беру.Ата шөп орып береді,шөпті сиырға береді,сиыр сүтін береді,сүтті әжеге апарады. Әже май шайқап береді.Маймен әтештің тамағын сылау.Әтештің тамағынан дән шығып, қуанып,балаларға алғысын білдіреді «Шөжелерім» әуені жай ойналып тұрады.Шеп,шеп, шөжелерім,Шеп,шеп, шеп, шеп шөжелерім.Мамық жүнді шөжелерім,Нәзік үнді шөжелерім.Көк шалғында жайылыңдар,Тез келіңдер,жайылым бар.Әй,менің шөжелерім,Әй,менің шөжелерім -Балалар қараңдаршы, кімнің шалғысы бәрінен де әдемі шықты? -Біз шалғыны немен жасадық? Қандай түстер пайдаландық?ТРИЗ технологиясы арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылау Рефлексивті-коррекциялаушы Балалар суреттерін тақтаға іліп, өз-өздеріне баға береді.Құммен жасадық.Сары және қоңыр түстерді пайдаландық.Суреттер арқылы іс-әрекет барысында орындаған тапсыр-маларын еске түсіреді. Күтілетін нәтижелер:Қорытынды: Балалар ертегіні жетік меңгеріп, құммен жұмыс жасауды үйренеді. Білу керек: Үй құстарының балапандарын ажыратуды және әр жануардың азығын таба білу керек. Игеру керек: Құммен жұмыс жасау дағдыларын игеру керек. Назарларыңға көп-көп рахмет!