«Зерттеу ж?мысы – о?ушыны? шы?армашылы? ?абілетін ж?зеге асыру ??ралы» презентация


«Зерттеу жұмысы – оқушының шығармашылық қабілетін жүзеге асыру құралы» Садуакасова Асель Сапарбековна Бастауыш сынып мұғалімі Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру төмендегі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: Оқушыны ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту;Қоршаған ортаны танып білуге құштарлықтарын арттыру;Өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашуға ұмтылу; Таңдаған бағыты бойынша өзінің даму деңгейіне шығуына мүмкіндік жасау; Әдебиеттерді талдай білуге, анықтамалармен жұмыс істеуге үйрету; Басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (ғаламтор, электронды пошта); Қоршаған ортада өз орнын, жеке рөлін анықтай білу;ББД-ын жан-жақты қолдана білуге мүмкіндік туғызу. Жаңа білім алуға бағытталған шығармашылық қызмет. Зерттеушілік қызмет Зерттеушілік іс-әрекетке бейім оқушының төмендегідей сипаттамаларына көңіл бөліну керек: жұмысты орындауға деген жоғары деңгейдегі талпыныс; жаңа біліммен және біліктілікпен қарулануға деген белсенді ұмтылыс; алынған ақпаратты талдауға,жинақтауға,қорытындылауға және өз қызметінде пайдалана отырып нәтиже шығаруға деген қабілеттілік; өз көзқарасын басқаның пікірімен сәйкес келмесе де дәлелдеуге талпыну; белгілі бір қызмет түрінде басқа балалармен сайысуға деген ұмтылыс. Осы жұмыс барысында ғылыми жұмысты жүргізудің теориялық принциптері: 1. Ғылыми жұмысты ұйымдастыруда белгілі бір тақырып бойынша көмек көрсетемін, қосымша мағлұматтар беремін.2. Ғылыми бағыт бойынша зерттеу материалдарының тізбесін жасаймыз және сұрыптаймыз.3. Жұмыстың өміршеңдігіне мән беріп, ортамен байланысына көңіл бөлу. 4.Зерттеу кезеңдері бойынша қолданатын әдіс-тәсілдерді анықтаймыз.5. Оқушының жұмыс барысындағы жеке қолтаңбасы, жаңалық қыры, шығармаларын талдай білуі ескеріледі.6. Жұмыстың соңында қорытындылар мен пайдаланылған әдебиеттердің тізіміне көңіл бөлінеді. «Оқушыны ең алдымен көруге, түсінуге және сүюге үйрету қажет, оқуға үйрету одан кейін келеді»