Презентация по правоведении на тему Озы? ойлы тап?ырлар (10 класс)


Еліміз тәуелсіздігін алып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетіміздің қабылдаған конституциясы ел дамуының формасы болды. Мемлекет дегеніміз – белгілі бір территориясы, шекарасы, рәміздері, ұлты бар жалпыхалықтық ірі ұйым десек, сол қазақ ұлтының төл Конституциясын қабылдағанына 20 жыл толып отыр.Қабылданғанына 20 жыл толған Ата Заңы бүгінге дейін жалғасып келе жатқан, адамгершілік принциптерге негізделген демократиялық қоғамды құрудағы өзінің адал дәстүрлерін алдағы уақытта жалғастыра бермек. Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы кеңестік дәуірдегі 1978 жылғы соңғы Конституциясын қабылдаса, 1993 жылы Жоғарғы Кеңес бекіткен Егеменді еліміздің алғашқы Конституциясы, 1995 жылы референдум арқылы бекіткен екінші Конституциясын қабылдады. Бүгіндегі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп алғаны дұрыс. Заңды аттамай тура жолмен жүріп, еліне қызмет еткен азамат қана арманына жетеді. Сондықтан, заңды білу – заман талабы. Жастарды қылмысқа итермелейтін не? Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек? Біреудің дүние – мүлкін құпия түрде алу Жеке жауапталудағы көрсетулердің қарама-қайшылығы бар екі адамды кездестіріп жауап алу Мемлекет белгілеген жалпыға міндетті ережелер, тұтас нормативті құқық актілері Мемлекеттің құрлықпен, сумен, әуе кеңістігімен өтетін ішкі сызығы Біреуді айыптайтын, қорлайтын ойдан шығарылған өтірік әңгіме тарату Қылмыстық істі сотта қарау нәтижесінде сотталушының айыпты немесе айыпсыздығын анықтап, айыптыға жаза шарасын белгілейтін сот шешімі Айыбын өтеу орнынан немесе алдын алу шараларынан өз бетімен кетіп қалу Кемтар адамды, оның құқығы мен мүддесін қорғауды мемлекеттік ұйымдастыру және жүзеге асыру Сыныптастарың туған күн кешін атап өткен.Түн ортасында тұрғын үй ауласына би кешін ұйымдастырды.Музыканың үні мен шулаған оқушылардың айқай-шуынан тұрғындар ұйқыларынан оянып, шуды тоқтатуды өтінген. Тұрғындардың өтінішіне құлақ аспаған олар полиция қызметкерлері келгенше биді жалғастырды. Аудандық ІІБ-не 8-сынып оқушысының ата-анасынан арыз түсті. Онда 11-сынып оқушысы С.өзінен төменгі сыныптағы балаларды қорқытып, ақша, бағалы заттарын алып қоятынын мәлімдеген.Осындай тінту, күш көрсетудің нәтижесінде баласының соққыға жығылғанын жазады. Мектеп оқушылары қандай құқық бұзушылыққа жол берді? Оларды жауапкершілікке тартуға негіз бар ма? Әкімшілік жазаны қалай қолдануға болады? С-ның әрекетін заң тұрғысынан қалай бағалауға болады? Жауапкершілікке кімді тарту керек? Зиян қалай өтеледі?