?же-к??ілді? ажары, немере — ?мір базары


«Әжелер - көңілдің ажары, Немере - өмірдің базары» Байқауды өткізу тәртібіІ кезең Сырттай кезең « Шаңырағым- шаттығым» фото альбом (Қатысушылар туралы түйіндеме.Әже өмірбаяны. Жанұя туралы суреттер. Бос уақытында айналысатын сүйікті ермегі т.б сурет) 3наурызға дейін   ІІ кезең “  Өзін – өзі таныстыру”І кезең ІІ кезең «Көтерейік көңілді ән-жырменен» (өнер сайысы қазақша ән немесе би) «Шебердің қолы ортақ»(дайын қолөнер бұйымдарды көрсету Әжелер де, немерелері де қол шеберліктерін ортаға салады.) ІІІ кезең ІV кезең «Халық тәлімі-тәрбие бастауы» Әжелер мақал-мәтелдер айтады-1 мин, немересі тиым сөздер айтады-1 мин 123456 Адамгершілік туралы Дос туралы Білім туралы Тіл туралы Отан туралы Еңбек туралы V кезең«Қонақ жайлық-ата дәстүріміз» Ұлттық тағам түрлері. Алдын ала қазақтың ұлттық тағамын жасап әкелу және оның жасалу жолымен таныстыру VІ кезең«Сыр сандық» Әжелерге – салт - дәстүрлерге байланысты сұрақтар ,немереге түрлі сұрақтар. Әжелерге сұрақтар 123456789101112 Бала туған кезде немесе есі кіріп, оң – солын таныған соң, «сүндет тойына» немесе мектепте барғанда атасы немесе өз әке – шешесі оған тай атайды. Оны «бәсіре» тай дейдіБәсіре деген не?
Ұзатылып жатқан келіншек көшінің жолында отырған ауылдың адамдары (жастары, әйелдері) керуен атының ноқтасынан, не түйесінің бұйдасынан ұстап тұрып сұрайтын кәдесі. Қыз анасы оларға кәдесін жасайды, кәде алған риза болып, бақыт тілеп батасын беріп, жол болсын айтады.Түйемұрындық деген не?
Өңір салу-кей жерлерде «үй көрсету» немесе «есік ашар» деп аталады. Ниеттері келінге шашу шашып, құтты болсын айту. Шашудың сыртында өңір әкеледі. Өңір киім, бұйым деп ең құрығанда терме бау немесе жас төсекті басқалар басынбасын деп бүркіт тұяғы, үкі сықылдылар іледі.Өңір салу деген не?
Итаяғына салу (дәстүр, ырым). Жас келіншек бір ауылға қыдырып барғанда, не есік көруге шақырғанда әйелдер не үлкен әжелер оған «итаяғына» сал деп сақина,күміс, жүзік сияқты заттар береді. «Итаяғына салу» деген келіншек босанып баланы шаранасынан жуатын суға яғни «шілде суына» әлгіндей күміс жүзік, сақина, күміс түйме сияқты заттарды ыдысқа салып жіберіп, нәрестені жуады. Итаяғына салу деген не?
Атбайлар (салт). Құда құдағилар келгенде немесе күйеу қалыңдығын алуға келгенде олардың жеңгелері алдынан шығып түсіріп алып, атын байлайды. Бұл «атбайлар» деп аталатын той салты. Оған арнайы кәде беріледі. Ол кәдеден тағы бір әйел тәбәрік сұрайды. Атбайлар деген не?
"Өлі тірі" (дәтүр). Екі жақ келісімі нығайған соң күйеу жағынан құдаларына бір білікті адамды бас етіп «өлі тірі» яғни кәделі мал жылқы жіберіледі. «Өлі тірі» деген өлі мен тірі арасында адалмыз, құдай қосқан құдалығымыз ақиқат» деген ұлттық ұлағатты ұғымды білдіреді. Өлі тірі деген не?
Қыз көші (салт). Құда аттандырар кәдесі жасалғаннан кейін ұзатылған қыз шешесі, жеңгесі, жас іні, сіңлілермен бірге көлікке отырып жолға шығады. Қыз артта қалғандарға қарамауы керек. Құдалар алға түседі. Одан кейін шаңырақ түйе (қыз көші) жүреді. Тойшы жігіттер көш соңынан әсем киініп ән-күймен ереді. Былайша айтқанда көште ерекше салтанатты жарасымдылық болады. Қыз ауылынан бір көш жер шыққанша мұны «қыз көші» деп атайды. Одан әрі асқаннан кейін «келіншек көші» дейді. Келіншек көшінің келе жатқанын білетін жолдағы ауыл қыз-келіншектері, жастары «келіншек көшін» тоқтатып «түйемұрындық» алып, батасын беріп, «жол болсын» айтып шығарып салады. Қыз көші деген не?
Жарысқазан (ырым). Әйелдер босанар сәтте басқа әйелдер қазанға жеңіл желпі тамақ істеп оны босанатын әйелден бұрын пісірмек болып «жарысады». Халық ұғымы бойынша туатын бала «жарысқазанға» қатысып, одан бұрын өмірге келуге тырысады деп түсінген. Жарысқазан деген не?
Мизам деген қандай той?Мизам (Сабан той) .Күз айында диқандар мен бағбандардың құрметіне арналған той. Бұл тойда түрлі жарыстар мен ойын – сауықтар өткізілді.
Қоржын сөгу –Бұған әйелдер жиналады. Қоржынның аузына салынған бір киімдік бұл (мата) қоржын сөккен адамның сыбағасы. Оның соң жағалы киімдері – қыздың әке‑шешесіне, туған‑туысқанына тартылады. Тағамды жиылған жұрт жейді, бір табаққа салып, шатыр байғазысы болып жатқан жердегілерге де апарылады. Некесі оқылғанға дейін барар жерінің асынан ауыз тимейтін келінге бұл жолы рұқсат.Қоржын сөгу деген не?
Босаға майлау – жастар жеке отау құрғанда немесе біреу жаңа үй алғанда жақын – жуықтары келіп, жаңа үйдің босағасына май жағады, көптің үйі болсын деген ұғымды білдіреді. Босаға майлаған адамға кәде берілуі керекБосаға майлау деген не?
Ойын тойда, мерекеде жас жігіттер атпен келіп мүше сұрайды. Жеңгелері оған орамал, сақина айна т.б. мүше береді. Жігіт оны ала қашады. Басқа жігіттер оны қуып алып қалуға тырысады. Қашқан жігіт мүшені өзі ұнатқан қызға апарып береді.Мүше салу деген не?
Немерелерге сұрақтар 412356789101112 1991 жылы, 16 желтоқсан.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі қай жылы жарияланды?
Сөзін жазғандар:  Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Музыкасын жазған: Шәмші Қалдаяқов. Әнұранның авторлары кім?
Жандарбек Мәлiбеков  Шота Уәлиханов. Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбаның авторлары?
Тоқтар ӘубәкіровАлғашқы қазақ ғарышкері кім?
14 облыс Қазақстанда неше облыс бар?
Абай ҚұнанбаевҚазақтың бас ақыны кім?
Ыбырай АлтынсаринЕң алғаш мектеп ашқан кім?
42 әріп. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
Төл теңгеміз қашан айналымға енді?1993 жыл, 15 қараша.
1941-1945 жылдарҰлы Отан соғысы қай жылдар аралығында болды?
Керей мен Жәнібек ханҚазақ хандығын құрған хандар?
Жамбыл Жабаев100 жасаған ақын кім?
VІІ бөлімҚорытынды