Механикалы? тербеліс кезіндегі энергияны? т?рленуі


Сабақтың мақсаты:1. Білімділік: Механикалық тербеліс кезіндегі энергияның түрленуін түсіндіру. Энергияның сақталу заңын меңгерту.2. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық көзқарастарын жетілдіріп, белсенді жұмыс жасау қабілеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды жаңа теориялық материалдарды оқу барысында белгілі бір нәтиже көрсету. Механикада тербелістер деп дененің бірдей уақыт аралығындағы дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отырытын қозғалысын айтады; Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын шамалар Тербеліс периоды 1с Тербеліс жиілігі 1Гц Тербеліс амплитудасы 1м Период пен жиіліктің арасындағы байланыс Кинетикалық энергия: қозғалып келе жатқан дене энергиясы. Потенциялдық гия: денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене Бөлшектерінің өзара орналасуына байланысты болатын энергия. немесе Механикалық энергия: қозғалыс барысында материялық нүктенің күйі үздіксіз өзгеріп, нүкте бір күйден екінші бір күйге өтіп отырады. Осы дененің немесе материялық нүктенің механикалық күйін сипаттайтын шама. Механикада тербелістер деп дененің бірдей уақыт аралығындағы дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын айтады. Ығысуға пропорционал және оған қарама-қарсы бағытталған күштің әрекетінен болатын механикалық тербелістер гармоникалық (өшпейтін) тербелістер деп аталады. Уақыт өткен сайын амплитудасы азайып отыратын тербелістер өшетін тербелістер деп аталады Механикалық тербеліс кезіндегі энергияның түрлену формулаларын жазу. Тест Уақыт өткен сайын амплитудасы азайып отыратын тербелістер –А) өшетін тербелістер В) гармоникалық тербелістер С) өшпейтін тербелістер2. Дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәні-А) тербеліс периоды В) тербеліс амплитудасы С) тербеліс жиілігі3.10 секундта 5 рет тербеліс жасайтын механикалық тарбелістің периоды қандай?А) 5 с В) 0,2 с С) 2 с4. Механикалық тербеліс кезінде энергияның жалпы мөлшері-А) артады В) өзгермей сақталады С) кемиді5. Механикалық тербеліс кезіндегі потенциалдық энергияның шамасы неге тәуелді?А) периодқа В) жиілікке С) амплитудаға 1. А 2. В 3. С 4. В 5. С Оқулықтың 94-бетіндегі дайындық сұрақтары бойынша өтілген сабаққа дайындалу.