?дістемелік баяндама: О?ушыларды? дене т?рбиесі саба?ына ?ызы?ушылы?ын арттыру


ТақырыбыОқушылардың дене тәрбиесі сабағына қызығушылығын арттыру№42 "Ақ ниет" гимназиясы Мақсатым: пәнге деген қызығушылықты арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыруМіндеттерім:әдістемелік жұмысты іске асыру, біліктілікті арттыру үшін мүмкіндіктерді қолдану;жаңаша мінез – құлықты, жаңа педагогикалық ойлауды дамыту;ғылыми – зерттеушілік және әдістемелік мәдениет деңгейді дамыту, арттыру;кәсіби әрекеттің нұсқасын жасау. кәсіби құзыреттілікті бағалау.қиындықтарды жеңу және жоғары нәтижеге жету әрекеттерін жоспарлау.жұмыс нәтижесін талдау, жалпылау, жүйелеу.Күтілетін нәтижелер:пәннің рөлін айқындау арқылы қызығушылықты арттыру;біліктілікті арттыру;еңбектің жеке сапалық көрсеткіштерін өзгерту; оқытушы – сабақ беруші бағытынан педагог – басқарушы, педагог - әдіскер, педагог – зерттеуші бағытына сапалы ауысу. Оқушылардан күтілетін нәтижелер:Дене тәрбиесі пәнінің рөлін айқындау арқылы қызығушылықты арттыру;Танымдық қызығушылығн қалыптастыру; Дене мәдениетіне деген сенімді көзқарастарын негіздеу;Денсаулық жағдайын жақсарту,Тұлғалық сапаларын дамыту,Спорттық жетістіктерге жету. Қазіргі дене тәрбиесі жүйесінің әлеуметтік – экономикалық және әлеуметтік - мәдени жағдайында жалпы орта білім беру мектептерінде дене тәрбиесі пәнінің негізгі мақсаты адамның жалпы мәдениінің компоненті ретінде дене мәдениетін де қалыптастыру көзделіп отыр.Кез – келген мұғалімнің алдында сабақта оқушылардың белсенділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету міндеті тұр. Ол үшін оқушылар дене жаттықтыру сабағына қызығушылық танытуы, денелік және психикалық сапаларды дамытуы және сабақтан ерекше әсер алуы қажет.Қызығушылықтан ерекше дүниені күту пайда болады. Оның деңгейіне оқушының сабақтағы зейіні, мінез – құлқы, белсенділігі, сынй ойлауы, шығармашылықпен жұмыстануы байланысты.Оқушылардың денсаулығы - білім беру саласы мен мемлекеттік саясаттың өзекті бағыттарының бірі. Оқу – тәрбие үрдісінде кездескен қиындықтарҚиындықтар мен проблемалар адамның өркендеп, дамуына себепші. А.Эйнштейн Дейін........Бұл мәселе неден туындады? «Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, Білікті адам жетер тілек, бағына» Ж. Баласағұн.Ағымда...Шешу жолдары       Мектептегі дене тәрбиесі пәнінің  мұғалімдері - тәрбиеші, жаттықтырушы және тәлімгерлік қызметтерді қатар атқаратындығы белгілі. Мұғалімнің кез-келген мәселені шешу қабілеті, мектептегі дене шынықтыру мен сауықтыру жұмыстарын сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта ұйымдастыра алу шеберлігі, оқушылардың денсаулығын нығайту міндеттерінің орындалуы осы тұстан көрініс табады, осы тұрғыдан алып қарағанда дене шынықтыру сабағы барлық уақытта мектептегі дене тәрбиесі және тәрбие жүйесіндегі басты пән болып қала береді.      Дене тәрбиесінің жалпы міндеттерімен қатар оның  тәрбиелік, тәлімдік, нұсқаушылық бағыты оқушылардың сабақ барысында және үй жағдайында өзіндік шынығуына ықпал етуі де өте маңызды. Дене тәрбиесі сабағының тиімділігін арттыру, ол пән мұғалімін тек дене жүктемесінің орындалу деңгейіне ғана емес, сонымен бірге оқушы сабақта қандай білім, тәрбие және дағды алды, оны күнделікті өмірде нақтылы жағдайда пайдалана алды ма? және өзге іс-әрекеттерінде осы алған білім, дағдыларын қаншалықты жүзеге асыра алды - деген мәселелер де толғандыруы тиіс. Мектепте оқушыларға дене тәрбиесінен білімді бірыңғай теория (ақпарат) түрінде беру дұрыс емес. Оқушылардың дене қабілеттері мен қозғалыс дағдыларын дамыту үшін бір бағытта ғана емес, сонымен бірге сабақ өткізудің әдіс-тәсілдерін жан-жақты тиімді қолдану және жаттығулар мен жүктемелерді қиыннан оңайға, оңайдан қиынға ауыстыра жүргізу қағидалары арқылы қол жеткізуге болады.     Оқушының жаттығуларды орындаушылық қабілеті, ол дене әзірлігі жағынан қаншалықты дайын болуына байланысты.  Мұғалім осы бағытта оқушылардың бойындағы ізденушілік, белсенділік, жинақылық, шапшаңдық сияқты қасиеттерін дамытуға ұмтылуы тиіс. Жыл бойы ашық ауада өткізілген дене жаттығулары ағзаның шынығуы үшін тиімді, шыныққан ағза суық тиіп аурудан қорғайды және кез-келген ауруға қарсы тұратын болады.    Мектеп жанындағы ашық спорт алаңдарында орындалған дене жаттығулары мен ойындар оқушылардың дене бітімінің жан-жақты дамуына, дұрыс мүсін қалыптасуына жақсы әсерін тигізеді.    Таза ауада жаттығулар өткізу оқушылардың қозғалыс дағдыларының шеңберін кеңейтеді. Балалар табиғи кедергілерден өтуге, жаңа жағдайға бейімделуге үйренеді, өзіндік белсенділігін таныта бастайды. Таза ауадағы дене жаттығулары балаларды қоғамдық пайдалы еңбекке тартуға ықпал етеді. Қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастырады. Сапалы білім, көңілді демалыс, мықты денсаулық және әдемілікБілікті маманСпорттық сауықтыруТанымдық Қарым – қатынас дамыту және өркендетуОйын – сауық кештер Мен әр сабағымда оқушылардың патриотық сезімдерін ояту мақсатында, олардың болашақ жеңімпаздар болтынына көңіл білгізе отырып, ел чемпиондары туралы мәлімет, қызықты мағлұмат беру арқылы бастаймын. Лондондағы ХХХ Олимпиада ойындарының жүлдегерлері. 2012 жылЛондонда өткен олимпиадалық ойындарда біздің құрама: 7 алтын, 1күміс, 5 қола жеңіп алып, жалпы командалық есепте12 орынға шықты және алтын медалдар саны бойынша алғашқы ондыққа кірді. Бұл біздің еліміздің мақтанышы. Сапиев Серік Жұманғалиұлы (1983 жылғы 16 қарашада туды) — қазақстандық әуесқой боксшы.Қазақстанның Қарағанды облысының Абай қаласында туды, тұрады және жаттығады.Жаттықтырушысы — Стрельников Александр Владимирович.Екі дүркін әлем чемпионы (2005, 2007).Екі дүркін Азия чемпионы (2007, 2009).Азия ойындарының жеңімпазы (2010).Бірқатар ірі турнирлерде медальдар мен сыйлықтарға ие болды. Қазақстанның мейлінше атағы көп боксшыларының бірі.Бейжіңде өткен 2008 жылғы жазғы Олимпиадаға 64 кг-ге дейінгі дәрежеде жартылай финалға өте алмады, бұдан кейін салмақты төмендетуін қойып, 69 кг дәрежесіне өтті.Лондонда өткен 2012 жылғы Олимпиадада жарыс иесі – британдық Фрэдди Эвансты 17-9 есебімен жеңіп 69 кг-ге дәрежеде олимпиада чемпионы болды.Серік Сапиев Лондон Олимпиадасының қорытындысы бойынша Вэл Баркер кубогына ие болды - бұл сыйлық Олимпиада ойындарында 1936 жылдан бері бүгінгі күнге дейін ең үздік техникаға ие боксшыға беріледі. Илья Александрович Ильин. Қызыл Орда қаласында (Қазақстан) 1988 жылғы 24 мамырда туды, қазақстандық ауыр атлет.2007 жылы Илья Бейжің Олимпиадасына дайындалып, еш жарысқа қатысқан жоқ. Олимпиадада жұлқа көтеруде 180 кг-мен және итеруде 226 кг-мен ол алтын медаль алады.Бейжің Олимпиадасындағы жеңістен кейін Илья өз жаттығуларына үзіліс жасайды, бұны ол физикалық шаршағандықпен, омыртқа жарақатымен және Ауыр атлетика федерациясымен болған кикілжінмен түсіндіреді.2009 жылы Ильин жаттығуларын қайта бастайды және 2010 жылы Қазақстанның жеңімпазы және Азия ойындарының жеңімпазы атанады.Қазақстанның 2011 жылғы жеңімпазы.2011 жылғы Әлем чемпионатында Парижде жалпы сомасы 407 кг-мен (181+226) әлемнің үш дүркін жеңімпазы атанады.2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында 94 кг-ге дейінгі салмақта әлем жеңімпазы атағын тағы бір рет ұтып алды, ол екі дүркін олимпиада жеңімпазы атанған бірінші қазақстандық болып табылады. Қолданылатын құралдар мен жаттығулар Дене тәрбиесі сабағының балалар үшін ең қызықтысы – бұл жарыс түрінде өткізу. Оған қатысқан оқушы жоғары көрсеткішке жетуге ұмтылады, жеңіске жетеді, бұл қажетті психологиялық және дене қабілеттерінің (күш, ептілік, икемділік, жылдамдық, шыдамдылық) дамуына көмегін тигізеді.Спорт пен дене тәрбиесіне байланысты мұндай сабақтарды жақын орналасқан көрші мектеп оқушыларын да қатыстыра өткізген пайдалы. Ол балалар өміріне өзгеріс енгізеді, іс-шараға қатысушылардың қызығушылықтарын арттырады, эмоциялық күйін жақсартады, байытады, оқушылардың қарым-қатынасын қалыптастырады. Жеке тұлға ретінде дамуына оң ықпал етеді. Балалардың белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін тануына жағдай туғызады. Сыныптан тыс шаралар Мектептерде дене тәрбиесі сабақтарын табысты өткізу үшін келесі  қағидалар тұрақты сақталуы тиіс.·        оқушыларды кез-келген сабаққа ұйымдастыру кезінде оқу материалы осы сыныптың оқу бағдарламасына сай болуы тиіс;·        нақты жағдайларға қарай, сабақ жүргізудің әр түрлі әдістерін барынша жан-жақты қолдану қажет;·        әр сынып оқушыларының жаттығуларын жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріп  міндетті түрде іріктеу керек.·        бастауыш сынып оқушыларына үлгі ретінде жоғарғы сынып оқушыларының жаттығу орындау және ойындардағы іс-тәжірбисін шебер пайдалану қажет;·        барлық оқушылардың жаттығуларға, қимыл-қозғалыстарға белсене қатысуына зор көңіл бөлген дұрыс;·        сабақ жүктемесін жаттығу, ойын дәрежесіне сай реттеп отыру керек.·        бағалау, бақылау, қателіктерді дер кезінде түзеп отыру қажет.Осы аталған қағидалар мен сабақ өткізудің әдістерін мұғалім дене тәрбиесі сабағында тиімді қолданған жағдайда оқушылардың қозғалыс дағдылары қалыптасып, денсаулықтары нығайып, дене қабілеттері дамып, жетіледі, пәнге деген қызығушылығы артады. Жетістіктер Кейін........ Кім өмірді ойлауды қадірлесе, ол нағыз білім-өздігінен білім көтеру екендігін өте жақсы біледі. Д.Писарев Тыңдағандарыңызға рахмет