Презентация по казахскому языку на тему М?зафар ?лімбаев (8 класс)


Қазақтың көрнекті ақыны, балалардың сүйікті жыршысы, Қазақстанның Халық жазушысы, жерлесіміз — Мұзафар Әлімбаев 1923 жылдың 29 қазанындаПавлодар облысы, Шарбақты ауданындағы Маралды ауылында туған. Әкеден 8 жаста, шешеден 13 жасында айырылды. Өкінемін ерте өмірдің өткеніне,Көре алмай қызығымды кеткеніңе.Өзгелер өз баласын еркелетсе, Жетімдік сүйегіме жетпеді ме Мұзафар Әлімбаев соғыс басталғанда он сегізге толар-толмаста болған. 1941 жылдың желтоқсанында соғысқа шақырылып, Павлодардан Семейге, Семейден Талғарға келіп, бір ай саяси жауынгерлер бригадасының 120 мм миномет дивизионына барды. Үш жарым айдай қатардағы жауынгер, сосын саяси жұмыстар жөніндегі жетекшінің орынбасары болды. (замполитрук) Калинин майданында Ржевтің түбінде 1942 жылдың қарашасынан ұрысқа кірісіпті, 1943-тің шілдесіне дейін соғысты. Сол кезде саяси қызметкерлер институтын жойып, жауынгер командир етіп даярланып, танк батареясының командирі болды. Соғыс біткесін Мұзафар Әлімбаевты Шығыс Германия жерінде әскери қызметке алып қалып, одан елге … 1948 жылы оралады.Баста алға батысқа,Ініңнің күші өскелең, - деген артиллерист, лейтенант Мұзафар «өскелеңдігін» тек соғыс майданында ғана емес, әдебиет майданында да көрсеткен. Уақытты бағалауды, өмірді қадірлеуді, Отанды қастерлеуді үйреніп қайтты. Ұзына тарихы қырық жылға жуықтаған «Балдырған» журналын Мұзафар Әлімбаев қолымен құрып, 28 жыл бас редактор ретінде басқаруы қазақ балалар әдебиеті үшін ырыс-құт болды. Қазақ топырағында бойындағы бар жұпарын балаларға арнайтын шын мәніндегі балалар қаламгері «Балдырған» арқылы қалыптасты. Ақын, публицист, майталман аудармашы, әдебиет зерттеуші, сыншы, очеркші,прозашы,жинақшы, ән-өлеңші, ұстаз, редактор Мұзафар Әлімбаевтың бұл қырларының қай-қайсы да қазақ әдебиетінде қымбат. Бүгінде әдебиеттің әр түрлі жанрындағы (поэзия, әдеби зерттеу, фольклортану, халық тағылымы, эссе, очерк, естелік, ән өлеңдері) 50 төл туындының авторы. Абай атындағы мемлекеттік сыйлығын 1984 жылы «Аспандағы әпке» атты балалар жинағы үшін алды. «666 мақал мен мәтел», «Мақал - сөздің мәйегі», «Өрнекті сөз - ортақ қазына», т.б. жинақтар мен зерттеу еңбектері бар. Сын - зерттеу саласында еңбектері жарық көрді. Әлем әдебиетінің кейбір үздік шығармаларын қазақ тіліне аударды. Мұзафар Әлімбаев әлі де қаламын қолынан тастамай, жемісті жұмыс істеп отырған қаламгер! Кәрі де, жас та, бала да жырына құмар Мұзафар атамыздың тәрбиелік мәні зор шығармаларын әлі де сан ұрпақ қанына сіңіріп, бойына дарытып, ойына нәр ете беретініне сенеміз.