Презентация на тему Мені? с?йікті отбасым ж?не мен 8-сынып


Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық орта мектебінің 3-сынып оқушысы Аңсаған ТолқынМенің сүйікті отбасым және менЖетекшісі:Биология және химия пәнінің мұғалімі Хожа Ақбота
style.rotation
style.rotation ЭпиграфТал бесіктен басталар ,тәрбиесі баланың,Есінде мәңгі сақталар , әлдиі асыл ананың.Рухани байлық бар , әдет-ғұрып салтында,Сұлу ән мен , тәтті күй құдіреті сананың.Отбасы алтын бесігің ата салтын ұстаған,Оқу , білім , еңбекті тәрбиемен ұштаған.Елін сүйген ержүрек , парасатты,Патриоты бол еліңнің , барша халқың қоштаған. Менің ең жақын адамдарым – менің отбасым. Менің атым Толқын.Мен үшінші сыныпта оқимын.Менің отбасым шағын отбасы қатарында. Отбасымда төрт адам бар. Олар менің әкем, шешем, қарындысым Айғаным және мен. Енді осы отбасым , атам , әжем , нағашы атам , нағашы әжем жайында айтып өтсем... Ата жолын қуармынАта бабаларымыз Қытай елінің Шыңжан аймағында мекендеп зорлық-зомбылыққа , әділетсіздікке қарсы ұлтазаттық көтерілісін бастаған атақты-Зуха қажы батыр бабамыз болады.Қазір Алматы облысының Райымбек ауданында «Зуха қажы» мешіті жұмыс жасайды. Атам Ілияс Тойшыбай технология және бейнелеу пәнінің мұғалімі. Атам бес саусағынан өнер тамған , алтын саусақты адам. Қазақтың ұлттық қол-өнерін технология пәнімен ұштастыра отырып,оқушыларға үйретіп , аудандық көрмелерге қатысып , жүлделі орындарға ие болуда. Сондай-ақ балаларына , немерелеріне , туған жерге , елге арнап көптеген өлең жазады. Көзімнің ақ пен қарасы Айгөлек,Толқын немеремАлла неткен шебереңСендер үшін құлынымЖанымды қиып берер ем.Ұрпағын пенде қолдайдыАрмансыз адам болмайдыҒалым бол , ойшыл данагөйАқниет атаң жолдайды.Айгөлегім , құлынымЖелкілдеген тұлымыңЖүзіңнен күлкі кетпесінҰзақ болсын ғұмырың.Кетпесін күлкі көзіңненКүн нұрындай төгілгенАйналдым сенен періштемАташым деген сөзіңнен.Туған жердің даласыАңқиды жұпар ауасыАйғаным мен ТолқынымКөзімнің ақ пен қарасы Ілияс Тойшыбай Атам Тойшыбайдың қолөнері Нағашы атамды мақтан тұтамынНағашы атам Қабан Қожа бір кездері мектепте биология-химия пәнінің мұғалімі мамандығымен қатар оқу ісінің меңгерушісі қызыметін де атқарған. Сонымен қатар музыка , сурет сабақтарынан да сабақ берген.Қазір зейнеткер әрі аудандық «Тайынша таңы» газетінде тілші қызметін атқарады. Нағашы атам ды сегіз қырлы-бір сырлы адамдардың қатарына қосуға болады.Өйткені ол кісі өлеңдер шығарып , мақалаларын газет бетіне жариялап ғана қоймай , ән жырларын жинақтап бір кітап шығарсам деген арманы да бар. Сонымен қатар домбыра , гитара , баян сияқты музыкалық аспаптардың құлағында ойнайды.Ұлттық салт дәстүрді бүгінгі күнге дейін жалғастырып , атадан қалған киіз үйді керегіне жаратуда. Нағашы атамның жетістіктері ... Әжем де мұғалім болған!Әжем Мағалай Қуандық та атам, нағашы атам сияқты мектеп қабырғасында қызмет атқарған жан.Қазақ-тілі және қазақ әдебиеті пәндері бойынша оқушылардың бойына білімін дарытып ,қажымас еңбек еткен мұғалім.Қазір сол еңбегінің зейнетін көріп отыр.Әжем 6-баланың анасы. 2010- жылы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жарлығы бойынша “Күміс алқа” алқасымен марапатталды.6-баланың үлкені , менің әкем Аңсаған- технология пәнінің мұғалімі.Алтынбек-биология пәнінің мұғаліміАйкүміс- -биология пәнінің мұғаліміАйболат-денешынықтыру пәнінің мұғаліміАғжан мен Мағжан –10-сынып оқушылары, қазақ күресінен облыстық жарыстарға қатысып көптеген алтын,күміс , қола алқалармен марапатталуда.
Нағашы әжем ақ халатты абзал жан ... Нағашы әжем Монғол Күлай ауруханада дәрігер болып жұмыс жасаған ақ халатты абзал жан. Нағашы әжем 8-баланың анасы. 2005- жылы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жарлығы бойынша “Күміс алқа” алқасымен марапатталды.Ал 2010- жылы “Алтын алқа” алқасымен марапатталды.8-баланың үлкені : Рая- бастауыш сыныбының мұғалімі.ГауҺар-музыка пәнінің мұғаліміАнам Ақбота -биология және химия пәнінің мұғаліміФатима- «Информатика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша білім алып жатыр.Жаңылсын– «Психолог» мамандығы бойынша білім алып жатыр.
Нағашы әжемнің қолөнер кәсібін дамы-туға қосқан үлесі үшін алған марапаты Алтын алқаКүміс алқа
style.rotation
style.rotation Әке көрген оқ жонарШеше көрген тон пішерАта-анам туған елге қоныс аударғанда небәрі 5-сыныпта болыпты. Екеуі кішкентайынан бір мектепте, бір сыныпта білім алып 11-сыныпты да бірге тамамдаған екен. Атам мен нағашы атам да бір мектепте қызмет істеп әрі әріптес , әрі аға мен іні сияқты , әжем мен нағашы әжем әпке мен сіңілідей жақын араласқан жандар болыпты. Бір алланың жазуымен қазір құда-құдандалы болып отыр. Мектептің 11-сыныбын бітірер шақта ата-анам әке жолын қуып, бірі технология пәнінің мұғалімі мамандығын таңдаса , бірі биология-химия пәнінің мұғалімі мамандығын таңдап , грантқа оқуға түсіп, бір алланың демеуімен жоғарғы оқу орынын аяқтап , аса мәртебелі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Дипломмен ауылға» атты жобасымен СҚО Тайынша ауданы Амандық ауылында келешек көшбасшы ұл-қыздарға білім нәрін дарытып , дәріс беріп, көппен бірге міндеттерін атқарып жатыр.
Мен болсам , ата-анам осы мектепке келіп жұмысқа орналасқан кезде , мектеп табалдырығын аттап 1-cыныпқа қабылданған едім.Қазір 3-сыныпта оқимын.Осы 3-жылдың ішінде менде көптеген жетістіктерге жеттім.2011-2012 оқу жылында химия- биология пәнінің мұғалімі , анам Ақботаның жетекшілігімен мектеп ішінде болған ғылыми жобаға «Шұбаттың адам ағзасына тигізетін пайдасы» атты тақырыппен қатысып , жүлделі орынға ие болдым.Жігітке жеті өнер де аз дегендей , Қарындасым Айғаным 1-сыныпта оқиды. Мектеп табалдырығын 5-жасында аттады. Жасы бойынша сыныбында ең кішкентайы болғанымен , бетке ұстар оқушыларының бірі.Сонымен қатар мың бұралған биші. Менің отбасым Айналайын қыз-ұлымАйналайын , қыз-ұлым , Асыр салған құлынымЖүгіріп әне келедіЖелпілдетіп тұлымынАйналайын , қыз-ұлым,Байқалмасын бұзығың.Ақылға сәйкес болса екен,Төгіліп тұрған бұрымың.Айналайын , қыз-ұлым , Ана-деген ұлы ұғым.Әлпештеп сыйла әрдайым,Ананың жүрек жылуын.Айналайын, қыз-ұлым,Сыйлағанның құлымын.Бәз біреулер жақтырмас,Түсінгенге ұлымын.Айналайын , қыз-ұлым,Тау суындай тұнығым.Жалғасын тауып келеді,Сендерменен қызығым.Айналайын ,қыз-ұлым,Алланың берген құлымын.Қанағаттан әрқашанТәңірдің берген қызығын.Айналайын қыз-ұлым,Менде көптің бірімін.Өзім ұсақ болғанмен,Тұяғымын ірінің.Айналайын,қыз - ұлым,Ұзақ болсын ғұмырың.Алғысын ал үлкеннің,Жайнай берсін жұлдызың. Қабан Қожа