Тілім мені? — тірегім 6 сынып


Тілім менің - тірегім 6 «а» сыныбы ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! М.Шаханов. Төрт ана Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,Әр адамда өз анасынан басқаЖебеп жүрер, демеп жүрер арқадаБолу керек құдіретті төрт ана:Туған жері-түп қазығы айбыны,Туған тілі-сатылмайтын байлығы,Туған дәстүр, салт-санасы – тірегіЖәне туған тарихы, еске алуға қаншамаАуыр әрі қасиетті болса даТөрт анаға әнін жолдай алмағанПенделердің басы қайда қалмаған?Төрт анасын қорғамаған халықтыңЕшқашанда бақ жұлдызы жамбаған. Ана тілім — әнұраным, Ана тілім — өрлігім,Ана тілім — һәм құралым, Ана тілім — елдігім.Ана тілім болмаса, Ана тілім болмаса,Мықты болмас тұрағым. Бүтінделмес кемдігім.Қадыр Мырзалиев Тіл-ұлттың жан дүниесі.Тәрбие басы – тіл.Бал тамған жерден у да тамар.Мақал - мәтелдерТіл сүйексіз болса да,Адам сүйегін тебірентер.Сөз сиқыры тіл байлар.Тіл – көңілдің кілті.Тіл ерді қабірге салады,Қарды қазанға салады. О, туған ана тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, қыран құстың жанары да сенде, назды сұлудың нәзіктігі де сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде... Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы.Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі. Ата-бабамыздан қалған асыл қазына тілімізді сақтаудың тиімді жолы – отбасында ана тілінде сөйлеп, айналадағы дүние туралы сол тілде айтып, сол тілде қуаныш ренішіңді бөлісіп, өзіңді, өзгені жұбату болып табылады. Бұл  - ана тілінің қадір-қасиетін арттыра түсері  даусыз. Ақын  Оразақын Асқар «Тәуелсіздік тартулары» жинағына енген өлеңінде:Көрінесің көзге шыққан сүйелдей,Сұрақтар да шаншу болып тиер кей.Құтылмайсың барлық тілді білсең де,Өз тіліңнің көмегіне сүйенбей...Ана тілінде ата-баба сыры бар,Аудармадан түпнұсқадай кім ұғар.Өсе келе құстың тілін білсең де,Ана тілсіз оның қандай құны бар, - деп өлең жолдарында өз тілің өзге тілді үйренуге басты тірек екенін баяндаған. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға, алтын уақыттарыңызды қиып тамашалағандарыңызға көп рахмет! Келесі кездескенше күн арасы нұрлы болсын! Сау болыңыздар!