Презентация по казахской литературы на тему Кер??ла атты Кендебай


Жангелдин орта мектебіҚазақ әдебиеті“Керқұла атты Кендебай” ертегісіПән мұғалімі: Бекенова И Білімділігі: ертегі мазмұнын түсіндіру, басқа ертегілерден айырмашылығы мен ұқсастығын ажырата білуді үйрету, Кендебай бойындағы адами қасиеттерді нақтылап ашу; Дамытушылығы: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, жоспар құру дағдыларын, өзіндік пікір айту, ауызекі сөйлеу тілі мәдениетін дамыту;Сабақтың мақсаты:Тәрбиелік: Кендебай мінезін ашу арқылы адамгершілікке, қамқор да мейірімді, адал да қарапайым болуға, айналасындағы адамдарға қол ұшын бере білуге тәрбиелеу.rr

Сабақтың түрі: дамыта оқыту Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, айтылым, тыңдалым, «болжау стратегиясы», Топтық жұмыс, жеке жұмыс, ой қозғау, Венн диаграммасы, шығармашылық қабілеттерін арттыру.Күтілетін нәтиже: балалар ертегіден үлгі аладыАқпарат құралдары: интерактивті тақта, слайд. Қосымша көрінекіліктер: бүктемелі альбом, тірек сызбалар. «Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды»Эпиграф Бағдарлау-мотивациялық кезең -Балалар, ерлік ұғымын қалай түсінесіздер?-Кендебай ең алдымен қандай адам? -Ертегідегі Кендебай сынды батырдың адал серігі – Керқұла аты. Кер – құла мен торының, құла – сары мен жиреннің аралас түсі. Материалды түсіндіру кезеңіМазмұндау жоспары:1.Кендебайдың дүниеге келуі.2.Керқұланың тағдыры.3.Кендебай мен жетім бала. 4.Кендебайдың аралға баруы. 5.Кендебайдың биені күзетуі. 6.Хан бұйрығы. 7.Кендебайдың бұйрықты орындауы.8.Кендебай мен ханның бір-біріне қойған шарттары.9.Баланың ата-анасымен қауышуы. 10.Керқұла атты Кендебай батырдың елі.Әр бала әр тарауды мазмұндайды. Алты айдың ішінде алты кез ат болды. (Кез – 71 см-ге таң ұзындық өлшемі).Ернім жалақ, басым таз болды. (Жалақ – ерінді жалай беруден жел қақты боп кеберсіген жара). Құндыз жүнді арғымақ құлын туады. (Құндыз – салмағы 10 кг-дай өзен-көлде тіршілік ететін терісі бағалы аң).Зынданның аузы құлыптаулы. (Зындан – тұтқынға түскен адамдарды жазалау үшін жер астынан қазылған терең ор, апан).Батпан – салмақ өлшемі. Бір батпанда 200-300 грамм ауырлық бар. Сөздікпен жұмыс. (ұжымдық жұмыс) 1-топ тапсырмасы: «Кейіпкерді таны». Ертегінің образдар жүйесіне талдау жасау. (флипчартқа түсіру)Кендебай Керұқұла Қазанғап 2-топ тапсырмасы: «Керқұла атты Кендебай» Ұқсастықтары «Аяз би» ертегісі ертегісі 1.Қиял-ғажайып ертегілерде таңғажайып оқиғалар болады.2.Іс-әрекет қиялға құрылған.3.Ғажайыптың арқасында, ерліктің арқасында мұратына жетеді. 1.Шыншыл ертегіде ешқандай таңғажайып оқиға берілмейді.2.Қарапайым өмірдегі шынайы іс-әрекет.3.Ақылының арқасында мұратына жетедіЕртегі – халық мұрасы 3-топ тапсырмасы: Кендебайдың орнында болсаңдар, қойшы балаға қандай жақсылық етер едіңдер? (флипчартқа өз ойларын түсіріп дәлелдейді) Кендебай бойындағы қасиеттержанашыршыдамдыақылдықайырымдықамқоркішіпейіл Көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойып жазу қажет. (Ұжымдық жұмыс).Күндерде бір күн ..................................... әйелі босаныпты. Торсық шеке, аппақ ұл тауыпты. .............-..................... қуанып, төбелері көкке жетіпті. Баласына ............................. деп ат қойыпты. Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті. ............ күнде күліпті, .............. күнде жүріпті. ............ жылда алып жігіт болыпты. Сондай күшті болыпты, алысқанын алып ұрыпты, күрескенін жыға беріпті. Шыңырау құдыққа құлаған ............................. жалғыз өзі тартып шығара беріпті. Аң аулап, әкесіне жәрдемдесіпті. Бара-бара құлан атыпты. Құралайды көзінен тигізген .......................... болыпты. Арқар мен киікті, құлан мен маралды ............. - .............. үйіп тастапты. ................................. бойындағы жыртық үйлі кедейлер қарық болыпты да қалыпты. Ақпарат-карточкалармен жұмыс РефлексияӘр топ өз кейіпкерлеріне хат жазады. (Кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін қолдап немесе ақыл-кеңес беріп, өз пікірлерін білдіреді) Аты-жөніТоп жетекшісіӨзіндік бағаМұғалімнің бағасыТоппен жұмысты бағалау Үйге тапсырма: «Менің досымның басынан кешкендері» тақырыбына ертегі өрбітіп жазу.