Энергия.Денелерді? потенциалды? ж?не кинетикалы? энергиясы


I саты. «Білемін» Бақылау сұрақтарын қою. ІI саты.«Білгім келеді» Шығармашылық тапсырма. Есеп шығару. III саты. «Білдік» Өзін-өзі тексеру. Тест Үй тапсырмасын сұрау. 1. Қуат дегеніміз не? (қуат – жұмыстың орындалу теңдігін сипаттайтын физикалық шама) 2. Қуат бірлігі қалай аталады және қай ғалымның есіміне берілген? (Бұл бірлікті бу машинасын ойлап тапқан ағылшын ғалымы Уаттың құрметіне ваттт (Вт деп белгіленеді) деп атайды). 3. Жұмыстың формуласы, өлшем бірлігі. (A= F*s Джоуль – (Дж) 4. Жұмыстың нақты екі белгісі қандай? (оның біріншісі - денеге әрекет ететін күш, ал екіншісі - дененің сол күш әрекетінен орын ауыстыруы) 5. Қысымның анықтамасы, формуласы. (қысым - бетке перпендикуляр әсер ететін күштің осы беттің ауданына қатынасына тең шаманы айтады. P=F/S) 6. Қуаттың үлестік және еселік бірліктері қандай? (киловатт (кВт), мегаватт (МВт), милливатт (мВт), микроватт (мкВт). 7. Қуатты қалай есептеуге болады? (Қуатты табу үшін істелген жұмыстың шамасын сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа бөлу керек: N= A/t ) 8. Жұмыстың джоульден басқа қандай үлестік және еселік бірліктері бар? (килоджоуль (кДж), миллиджоуль (мДж), микроджоуль (мкДж). 9. Бір киловатта (1кВт)-та қанша ватт (Вт) бар? 1000 Вт=10іВт 10. Механикалық жұмыс дегеніміз не? (Күш әрекетінен дене орын ауыстырғанда атқарылатын жұмыс) §53 Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялар II саты. «Білгім келеді» Шығармашылық тапсырма. Кинетикалық ( грекше кинетикос - қозғалыс) энергия дегеніміз - денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергияны айтады. Шығармашылық тапсырма. 1-топ Потенциалдық энергия дегеніміз не? Оның формуласы қандай?Есеп: Массасы 100 кг дененің 10 м биіктікте Жерге қатысты потенциалдық энергиясы қандай? 2- топ Кинетикалық энергия дегеніміз не? Оның формуласы қандай?Есеп: Массасы 5 кг оқ винтовка ұңғысынан 100 м/с жылдамдықпен шығады.Оның кинетикалық энергиясы қандай? III саты «Білдік» Өзін-өзі тексеру. Тест Дұрыс жауаптары: 1-ә, 2- а, 3- б, 4- а, 5-ә. Сергіту сәті «Байқап қал» ойыны Үй тапсырмасы §31 Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялар.