Химиялы? элементтерді? периодты? ж?йесінде металдарды? орналасуы, оларды? атом ??рылысыны? ерекшелігі.


Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде металдардың орналасуы, олардың атом құрылысының ерекшелігі. (I-III период) металдарының атом құрылысының салыстырмалы сипаттамасы. Металдардың электрохимиялық кернеу қатары. Металдар:ХЭПЖ-дегi 110 элементтің 89-ы металдар. Металдар- сыртқы энергетикалық деңгейiнде 1-3, сирек 4-6 электроны бар элементтер. Металдар- атомдары сыртқы (кейде iшкi) электрондық қабатындағы электрондарын оңай беретiн химиялық элементтер. Металдар-тотықсыздадырғыштар. Себебi металдардың сыртқы энергетикалық деңгейiнде электрондар саны аз және атом радиусы үлкен ВольфрамСынапҚолдың температурасында балқитын металл: Литий Ең...Ең...Ең... 1.Ең қиын балқитын металл - (вольфрам) 2.Адамга ең алғаш белгiлi болған металл - (алтын) 3.Жер бетiндегi ең көп таралған металл - (алюминий) 4.Адамзат баласы ең алғаш өндiрген металл - (мыс) 5.Ең жеңiл металл - (литий) 6.Ең оңай балқитын металл - (цезий) 7.Ең қатты металл - (хром) 8.Ең жұмсақ металл - (калий) 



#біріншідеңгей 1. Тез магниттелуге және магниттік қасиетін жоюға бейім металл 2. Электр шамының қылын жасайтын, ең қиын балқитын металл 3. Негізгі топшаның металдары  4. Неліктен темір «аспан тасы» деп аталған? 5. Сүйекті қаптайтын элемент?  6. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі металдардың пайыздық мөлшері. 7. Өсімдік жапырақтары неге жасыл, ол жапырақтарға түс беретін қандай элемент  8. Тайқазан 7 металдан құйылған, ол қандай металдар? (темір) (вольфрам) (s. p элементтер)(себебі метеориттің құрамында темір бар) (Кальций)(80%) (магний)(темір, мырыш, қалайы, қорғасын, күміс, алтын, мыс)  #екіншідеңгей 1. Жұмсақ белсенді металл, суға салсаң сутекті бөліп шабытты әрекеттеседі. Табиғи қосылысының ең маңыздысы адам мен жануарлардың негізгі қорегі. Тірі ағзада, қан плазмасында, клетка құрамында болады. Кез — келген көлдердің шөгінділерінің құрамында кездеседі.2. Бұл металдарды медицинада, атап айтсақ пластикалық хирургияда сынған сүйектерді бекітуге және адам бассүйегіндегі саңылауларды жабуға қолданылады. Бұл қандай металдар?  3. Менің тағы бір атым бар, мені «өсімдік күлі» деп атайды. Ал өсімдік күлінен сақар алады. Бұл металды тұңғыш рет ағылшын ғалымы Дэви 1807 жылы өзіне сәйкес сілтіден электролиздеу арқылы алды. Менің тұздарым Ақтөбе маңында көптеп кездеседі, қосылыстарым әрдайым бір валентті. Ағайым натрий сияқты мен де өте белсендімін. Сондықтан мені де керосинде сақтайды. Тұздарым бағалы тыңайтқыш, мен жетіспесем өсімдік жақсы түсім бермейді. Мен қандай элементпін?   (натрий) (титан, никель)(калий) #үшіншідеңгей #тест 1.Кальцийдiң электрондық формуласы: а) 1S22S22Р63S1  б) 1S22S22Р63S2  в) 1S22S22Р63S23P64S1 г) 1S22S22Р63S23P64S2 2) Мына электрондық формула 1S22S22Р63S23P64S2 тән атом: а) Na б) Са  в) Сu г) Zn З) Металдардың электрөткiзгiштiгi, металдық жылтыры, иiлгiштiгi, тығыздығы анықталады: а) атомдық массасы 6) металдардың балқу температурасы в) металл атомдарының құрылысы  г) жұптаспаған электрондардың болуы 4) Металдар бейметалдармен әрекеттескенде көрсететiн қасиетi а) тотықтырғыш  6) тотықсыздандырғыш; в) әрi тотықтырғыш, әрi тотықсыздандырғыш г) тотығу-тотықсыздану реакциясына қатыспайды 5)Периодтық жүйеде типтiк металдар кайда орналаскан? а) жоғарғы бөлiкте; б) төменгi бөлiкте; в) жоғарғы оң жақ бұрышта; г)томенгi сол жақ бұрышта;  Жауаптары 1-Г; 2-Б; 3-В; 4-Б; 5-Г Үйге тапсырма§ 28, 29;