Презентация на казахском языке для научной работы на тему Виды тюльпанов


Бағыты:ДүниетануТақырыбы: Өмір-гүліОрындаушы:Әбунасырқызы Несібелі .3 сыныпЖетекшісі: Қызылорда облысыЖаңақорған ауданы№209 Ә.Әбутәліпов атындағы орта мектеп
ppt_xppt_y
ppt_xppt_y
Мақсаты: Нәзіктіктің символы болып саналатын қызғалдақ гүлінің басқа да құндылықтарымен қатар тарихын зерттеу;Құндылығы: Қызғалдақтың отаны – Қазақстан екенін ашып көрсетілуі.Ғылыми түрде дәлелденуі;Өзектілігі: Қызғалдақтың жойылып бара жатқан түрлерін анықтауы және қызғалдақтың біз білмейтін сырларын ашуы;Ғылыми жаңалығы: Қызғалдақтың тарихымен қатар оның қазіргі жағдайын салыстырмалы түрде анықталуы,жойылып бара жатқан түрлерінің қандай сабептерге байланысты құрып бара жатқанының анықталуы;Практикалық маңыздылығы: Нәзік көркемділігімен талайды қызықтырған қызғалдақ гүлін көбейту жолдарын анықтауы. Туылған күні, айы ,жылы:05.04.2004жСыныбы: 3“а”Сүйіп оқитын пәндері: Дүниетану,ана тіліАты-жөні, тегі: ӘбунасырқызыНесібелі Мепктебі:№209 Ә.Әбутәліпов атындағы орта мектепТүйіндеме Аты – жөні,тегі: Туылған күні, айы, жылы :Пед.стажы:Сабақ беретін пәні:Бітірген оқу орыны:Марапаттаулар дәрежесі:Түйіндеме МазмұныІ. КіріспеҚызғалдақ –аңызІІ.Негізгі бөлім:а)Қызғалдақтың отаны - Қазақстанә) Қазақстанның “Қызыл кітабына” енген қызғалдақтарб)Қазғалдақ тың күтіміІІІ.ҚорытындыӨмір – гүліІV. Ұсыныстар.V. Жетекшінің аннотациясы .VІ. Пайдаланылған әдебиеттер. Қызғалдақ - аңыз Біз қызғалдақ туралы алғаш рет ежелгі парсы ақындарының өлеңдері-нен кездестірдік.Алғашқы мәде-ни қызғалдақтың ататегі қай түрі екенін айту қиын,мүмкін бұл Кіші және орта Азияда жабайы өсетін шренк қызғалдағы болар.Қызғалдақ Персиядан Түркияға келген,онда оны “Лале” деп атаған .Ал Еуропалықтар алғаш рет қызғалдақпен Византияда танысты. Түркияда қызғалдақ күні бүгінге дейін мемлекеттік нышандарының бірі болып саналады. Сонымен қатар әлемнің көптеген елдерінде “ҚЫЗҒАЛДАҚТАР ФИСТИВАЛЬІ” өткізіліп тұрады.Оның ішінде әлемнің алпауыт елдері- АҚШ,Канада,Түркияда бар. Түркия.Стамбулдағықызғалдақтар фистивальі “Лале”.Әлі күнге дейін Түркиядағы ең көп қойылатын қыздардың есімі “Лале” болып келеді.Канада астанасы Оттавадағы“Қызғалдақтар фистивальі”60 жылдан астам уақыт бойы жыл сайын мамырдың біріншіаптасында өткізіліп келеді.Голландиядағы“Қызғалдақтар фистивальі”80 жылдан астамуақыт бойы жыл сайын 7-14мамыр аралығында өткізіліп келеді. Қызғалдақтарды егу жұмыстары Түркиядағы Константинополь бақтарында бастау алды. Әлемді баурап алған кереметтей гүл шоқтарының алғашқы бумалары дәл осы бақтарда жасалды. Еуропа халықтары қызғалдақ туралы 1550 жылы Австрия елшісі Огир де Бусбектің арқасында білді. Де Бусбек бұл гүлдердің сипатын жасап шығып және оны Венаға жолдаған көрінеді. Бұл мағұлматтар белгілі ғалымдар Конрад Геcнер мен Каролус Клузиустың қолдарына тапсырылады. Дәл сол кезде Каролус Лейден униферситетінің шипалы шөптер бағын басқару үшін Голландияға кетіп қалады. Әрине, Каролустың өзімен бірге қызғалдақ баданасын алып кеткендігі айдан-анық. Осылайша голандиялықтар әдемі қызғалдақтарға бір көргеннен ғашық болып қалады. Баданалар Голандиядан Италия мен Чехияға жеткізілді. Осының нәтижесінде бадана сату науқаны белсенді түрде жүргізіле бастайды. Бір бадананың өзі 4600 флорин, бірнеше ат және күймеге бағаланды. Айлар өтеді, жылдар өтеді, бірте-біре қызғалдақтардың түрлі-түсті үлгілері, бірнеше пішіндері шыға бастады.1625-1673 жылдары «қызғалдақ айналымы» өте үлкен жетістіктерге жетті. Қызғалдақты әлеуметтік таптың кез-келген өкілі өсіретін болды. Ақсүйектер мен шеберлер, саудагерлер мен мұржа тазалаушылар, патшалар мен құлдар бір бірінен қалыспады.1637 жылдары қызғалдаққа деген сұраныс күрт төмендеп кетті. Көптеген саудагерлдер мен кәсіпкерлер шығынға ұшырады. Қызғалдаққа деген сұраныс төмендегенімен көптеген адамдар гүл өсірумен айналысуды тоқтатпады. Мұның арқасында Голандия «қызғалдақтар патшалығы» атанды. Огир де БусбекКонстантинопольВенаКонрад Геcнер мен Каролус КлузиусГолландиядағы Лейден университеті ГолландиядаИталия Чехия Қызғалдақтың 1 баданасы4600 флоринғанемесеБірнеше жылқы + бір күймеге бағаланды Голландия “қызғалдақтар патшасы” атанды! Кең байтақ қазақ даласының қойнауы табиғи байлықтарға, алуан түрлі өсімдік түрлеріне аса бай. Соның бірі – көктем шыға көздің жауын алып, қырларда құлпырып, жайнайтын қызғалдақ гүлі. Тамаша қызғалдақ гүлінің біздің жерімізде 34 түрі кездеседі. Оның 12-сі эндемикалық, яғни, тек қазақ жерінде ғана өсетін түр болып саналады. Осыдан болар, Қазақстанның «Қызғалдақтың отаны» аталуы. Шындығында, аталмыш гүлдің қазақ даласынан бүкіл жер жүзіне таралғандығына бүгінде көзіқарақты ғалымдар нақты дәлелдер келтіруде. Осылай әлем мойындап отырған ғажайып өсімдігімізді өзгелерге насихаттап, қазақстанның бренді ретінде мақтаныш етуге біздің толық қақымыз бар. Елбасының  2002 жылы  Нидерланды Корольдiгiне жасаған  ресми сапары кезiнде сол  елдiң ханшайымы  Беатрикс ханым  қызғалдақ  жайында ағынан  жарыла: — Ұлы Жiбек жолы ғасырлар  бойы Еуропаны Азиямен, ал Қазақстанды Нидерландымен  байланыстырып  тұрды. Осы қатынастар  бiздiң елiмiзге  қызғалдақты  әкелдi, Қазақстанның  даласы мен  тауларында  жайқалып  өсетiн  бұл  гүл осылайша Нидерландыға жол  тапты.  Саудада ол  ең өтiмдi өнiмге айналды.  Қазiргi кезде қызғалдақ  гүлi нидерландықтарға барынша танылған  экспорттық  тауар  ретiнде  бағаланады.  Ол  бiздiң ұлттық  символымыз iспеттi.  Қызғалдақ – ең үлкен  сыйлық.  Ол  екi мемлекеттiң  арасындағы  қатынастарды гүлдендiретiн  дәнекер  ретiнде жайнап өсе берсiн, — деп  шынайы ризашылығын  бiлдiрген  болатын.  Аңыздарға сенсек, жаугершiлiк заманда жер үшiн болған шайқастардан кейiн сан мыңдаған үйiлген өлiк пен қозыкөш жерден көрiнетiн қан ұйыған қызғылт дақтар қалады екен. Бұл ұрыс даласында ата-бабаларымыздың жаны мен қанын қиып соғысқан ерлiгiнiң белгiсi iспеттес. Сол батыр бабаларымыздың қаны тамған жерлерге арада бiрнеше жыл өткен соң қанқызыл қызғалдақтар шыққан деседi. Қызғалдақтың өте сирек кездесетін 18 түрі (Альберт қызғалдағы, Борщов қызғалдағы, Грейг қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы, Шренк қызғалдағы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.1.Альберт қызғалдағы (Tulіpa albertі) – лалагүлділер тұқымдасы, қызғалдақ туысына жататын жуашықты көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Балқаш-Алакөл ойысында, Қаратауда, Батыс Тянь-Шаньда, Шу-Іле тауларында өседі. Биіктігі 12 – 20 см, қара қоңыр түсті жуашығы жұмыртқа тәрізді2.Шренка қыздалдағы (Tulipa schrenkii) Ресей және Украинаның оңтүстік аймағында, Кавказда, Қырымнан Шығыс Сібірге дейін және Қазақстанның солтүстік аудандарында  көптеп тараған. Зерттеу аймағы: барлық шалғынды аймақтарда, әсіресе селеулі далаларда, топырақты сазды және сортаң жерлерде белгіленген. 3. Биберштейн қызғалдағы (Tulipa bibersteiniana) – Науырзым қорығында эндем түр болым есептеледі. Жалпы таралуы: Ресей және Украина далаларында, Сібірдің оңтүстік шығысында, далалық және солтүстік жартылай шөлейтті Қазақстан аймағында таралған. Қазақстанның - шығыс Қазақстанында, Ақтөбеде, Қостанай облыстарында,  Ақтөбе және Қарағанды облыстарының шығысында кездеседі. Шалғындарда, далалық аймақтарда, өскен бұталарда, ормандарда өседі. 4.Ашық қызғалдақ (Tulipa patens) – Науырзым қорығының эндем түрі. Жалпы таралуы: Ресей және Украина далаларында, Сібірдің оңтүстік шығысында, далалық және солтүстік жартылай шөлейтті Қазақстанның далалық аймақтарында, Алтайда таралған. Сазды және тасты топырақты далаларда, шалғындарда өседі. Сәуірдің ортасынан мамыр айының ортасына дейін гүлдеп, маусымда тұқым шашады.5.Қостүсті қызғалдақ (Tulipa biflora) – Науырзым қорығының эндем түрі. Жалпы таралуы: Ресей және Украина далаларында, Сібірдің оңтүстік шығысында, далалық және солтүстік жартылай шөлейтті Қазақстанның далалық аймақтарында  таралған. Қазақстанның солтүстік бөлігінде кездеседі. Сазды далалық аймақтарда  және сортаңдарда өседі. Сәуірдің басынан мамыр  айының басына дейін гүлдеп, мамырдың аяғынан маусымға дейін тұқым шашады.6.Дарагүл қызғалдақ (Тulipa unifolra) — Лалагүлдер тұқымдасы Саны Қысқарып бара жатқан түрі. Алтай, тарбағатай таулары мен Зайсан шұңқырында кездеседі. Мәдени өсіру тек Қазақстанда сынап байқалды. Алтай ботаника бағында (Ридер қаласында) жақсы гүлдеп, жеміс береді. Батыс Алтай қорығында қорғалады.7.Борщов қызғалдағы(Тulіpa borszczowіі) — лалагүлділер тұқымдасының қызғалдақ туысына жататын көп жылдық жуашықты шөптесін өсімдік. Торғай, Арал өңіріндегі құмды шөлдерде, Қызылқұмда өседі. Биіктігі 20 — 40 см. Жуашығы жұмыртқа тәрізді, ені 2 — 4 см. Сабағын түк басқан. Жапырағы — 4, олар кезектесіп орналасады, сыртқа қайырылып, бұйраланған. 8.Грейг қызғалдағы (Tulіpa greіgіі) – лалагүлділер тұқымдасы, қызғалдақ туысына жататын көп жылдық пиязшықты өсімдік. Қаратау жотасында, Шу-Іле тауларында, Қоржынтауда, Талас және Қырғыз Алатауында да кездеседі. Биіктігі 40 – 50 см. Сабағы жуан, түкті келеді. Жапырағы жалпақ таспа тәрізді, кейде жиегі иректеліп, үстіңгі бетінде қою күлгін таңбалары болады. Гүлі дара, қызыл, қызғылт сары түсті, көктемде гүлдейді 9.КАУФМАН ҚЫЗҒАЛДАҒЫ(Tulipa kaufmanniana) – лалагүлдер тұқымдасы, қызғалдақ туысына жататын көп жылдық жуашықты өсімдік. Қазақстанда Қаратаудың, Талас Алатауының, Өгем жотасы мен Қоржынтаудың тастақты жерлерінде, тауалды аймақтан субальпі белдеулеріндегі тау жылғаларының жағалауларында өседі. Биікт. 40 см-дей, жуашығының пішіні жұмыртқа тәрізді, сыртын қара қоңыр қабық жапқан.10.КОЛПАКОВСКИЙ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ(Tulipa kolpakowskiana) – лалагүлдер тұқымдасы, қызғалдақ туысына жататын көп жылдық жуашықты өсімдік. Қазақстанда Солтүстік Тянь-Шаньдағы Іле Алатауында, Жетісу (Жоңғар) Алатауында, Кетпен (Ұзынқара) жотасында кездеседі. Таудың тасты, қиыршықтасты беткейлерінде, жарықтарында, құздарында өседі11.Островский қызғалдағы - лала гүлдер тұқымдасына жататын Көп жылдық, жуашықты өсімдік. Іле Алатауында кездеседі. Жуашығы жұмыртқа сияқты. Жапырағы қандауыр пішінді, гүлсидам сабағының биіктігі 15-40 см. Әдетте, алқызыл тусті 1 ғана гүлі болады. Cәyip-мамырда гүлдеп, мамыр-маусымда жемістенеді. Жемісі - қауашақ. Сәндік үшін өсіріледі. Сирек кездесетін эндемик түр. Қазақстанның "Кызыл кітабына" енгізілген.12.КЕШ ҚЫЗҒАЛДАҚ(Tulipa tarda) – лалагүлдер тұқымдасы, қызғалдақ туысына жататын көп жылдық жуашықты өсімдік. Қазақстанда Іле Алатауының батыс бөлігінде (Қастек, Суықтөбе, Ұзын Қарғалы) ғана кездеседі. Тастақты, қиыршықтасты далалық өңірде өседі. Биіктігі 5 – 15 см, жуашығы жұмыртқа тәрізді, жуандығы 3 см-дей, сырты қара қоңыр қатпарлы. Жапырақтары жіңішке және ұзын, төменгі жапырақтары қауырсын немесе таспа тәрізді. 13.Зинайда қызғалдағы- Майда топырақты және тасты баурайларда өседі.Қазақстанның Жамбыл өңірінде және Қырғызстанмен шекаралас аймақтарда өседі және осы аймақтардың эндемигі. Орта азиялық қызғалдақтарды зерттеуге өз өмірін арнаған профессор Зинайда Петровнаның құрметіне осылай атаған.14.Леман қызғалдағы -құмда,түрлі-түсті тау жыныстарының жиынтығы бар жерде,Қызылқұм мен Түркіменстанда тараған.Қызғалдақтың бұл түрін Мойынқұмда,Қызылқұмда және Бетбақдаладан кездестіруге болады.15.Алакүлте қызғалдағы. Алтай мен Тарбағатай флористикалық аудандарында өседі.Мәдениетте аз таралған.Қазақстанның ботаникалық бақтарында өсіріледі.16.Күмәнді қызғалдағы. Шығыс Азияда таралған. Далалы,таулы аймақтарда өседі.Түсі ашық сары және ашық қызыл.17.Жатаған Қызғалдағы -Тобыл-Ертіс,Көкшетау, Торғай,Қарқаралы,Зайсан,Арал маңында, Қызылордада, Алтайд өседі. "Қазақстанның өсімдік әлем" монеталар сериясы Қазақстанның өсімдік әлемінің сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан түрлеріне арналған сериясы«Регель қызғалдағы»номиналы - 500 теңге2006 жылғы 7 қарашада айналысқа шығарылды.Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, шығару сапасы - «proof», таралымы – 4 мың дана.18.Регель қызғалдағы – Қазақстанның жергілікті өсімдігі. Шу-Іле тауларында (Алматы облысының батыс бөлігі және Жамбыл облысының шығыс бөлігі) ғана тасты және жартасты беткейлерінде, қара түсті жалаңаш жартастарда жиі кездеседі. Қазақстан қызғалдақтарының ішіндегі ең ерекшесі – сабағы көлемді эллипс түріндегі жапырақтың бетінде көлденең тараққа ұқсаған көп өскіндер бар. Гүлдеп бітіп, жапырағы мен сабағы қураған соң пиязшығын қазып алып, кептіріп, құрғақ орында сақтап қою керек. Күзде қайтадан қолайлы орынға егеді. Ашық күн көзін, құнарлы, жеңіл топырақты ұнатады. Пиязшықтан бөліп алынған балапандарын отырғызу арқылы көбейтіледі. Суық түскенше тамырланып үлгеруі үшін, күздің алғашқы айларында егу керек. Отырғызу тереңдігі пиязшық көлемінен екі-үш есе терең болуы тиіс (пиязшықтың ұзындығы 4 см болса 8-12 см тереңдікте егу керек). Пиязшықтардың арақашықтығы биіктігіне қарай 10-20 см-ден кем болмағаны жөн. Қызғалдақты отырғызу әдісіГүлдеп бітіп, жапырағы мен сабағы қураған соң пиязшығын қазып алып, кептіріп, құрғақ орында сақтап қою керек. Суық түскенше тамырланып үлгеруі үшін, күздің алғашқы айларында егу керек Егер қызғалдақтың пиязшығы үлкен болса, 15 сантиметр треңдікке отырғызуға болады,ал егер орташа болса 10см,кішкентай болса 5см тереңдікке отырғызу керек. Отырғызған кезде қызғалдақ пиязшығының жоғарғы жағы топырақ бетіне шығыңқырап тұрғаны дұрыс. Егер күзде үйдің ішнде тұру үшін гүл құмыраларына отырғызған болсаңыз,онда ол көктемде тамырлаған соңы сыртқа қайтадан отырғызуыңызға болады. Бұл сіздің еңбегіңіздің жемісі! Талай жанның жүрегін жаулаған, мұсылман қауымның “Жұмақтың гүлі” атауына ие болған қырмызы қызғалдақтар қазақтың ен даласына асқан сұлулық беріп тұрғандай.Бұл нәзік те талдырмаш жаратылыстың табығаттың асқан сұлу бөлшегі екені айқын.Алайда адамзаттың ақылсыз іс-әрекеттерінен,табиғаттағы тепе-теңдікті бұзуынан табиғаттың ең әсем жаратылысының көптеген түрлерінің құрып бара жатқандығы әрине жанға қаяу салары хақ.Егерде адамзат баласы бұл жаратылысқа кішкене болса да көңіл бөлетін болса жойылып бара жатқан қызғалдақ түрлерін қайта жаңғыртуға жол ашылар еді.Мен осы тақырыпты зерттей отырып осыншалық әсемдікті нәрінен айырып, Жер-Ананың әсемдігін қалайша адамзат баласы бір сәттік ермек үшін жұлып алатындығына таңданған көңілде қалдым. Алайда өмірде осындай әсемдікті бағалайтын жаңдардың аз емес екеніне де көзім жетті.Сондықтан қызғалдақтарды барлығымыз ел болып жұмыла жойылуға жақын қалған түрлерін қайта жаңғыртайық демекпін! Ұсыныстар Қызғалдақ тұқымдары мектепке әкелініп,мектеп ауласына жыл сайын егілсе; “Қызғалдақ” атауымен жыл сайын қолөнер көрмесі өткізілсе және көрмеде қызғалдақ гүлінің адам қолымен істелген қолөнер бұйымдары орын тапса; Жыл сайынғы ғылыми жобалар сайысына қызғалдақтың жеке түрлері зерттеліп,алып келінсе; Жетекші аннотациясы 3 сынып оқушысы Несібелі Әбунасырқызы “Өмірдің гүлі” атты ғылыми жұмысында қызғалдақтың көптеген түрлерін анықтап, қызғалдаққа байланысты біз білмейтін мәліметтерді іздеп таба білген. Қызғалдақтардың “Қызыл кітапқа” енген түрлерін де тауып,ол қызғалдақтардың бейнесін алу үшін көп ізденген.Мен өз оқушымның ізденімпаздығына дән ризамын. Болашақта егемен елдің ертеңі Әбунасырқызы Несібеліден үлкен үміт күтемін. №209 Ә.Әбутәліпов атындағы орта мектебінің Пайдаланылған әдебиеттер1. «Маңғыстау»энциклопедиясы, Алматы, 1997;2. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-83. Балалар Энциклопедиясы, 6 том.4. “Егемен Қазақстан” Республикалық газеті" ААҚ, 2006Электронды әдебиеттерhttp://www.undp.kz http://www.info-tses.kz http://ontustik.gov.kz/view.php?id=8402