Тлесова Балзия Нуржаубаевна Электромагниттік индукция 8 класс


Тлесова Балзия Нуржаубаевна Физика пәнінің мұғаліміЕмбі қалалық №1 мектеп Тақырыбы: Электромагниттік индукция Мақсаты: Білімділік: Электромагниттік индукция құбылысын енгізу, құбылыстың физикалық мағынасын ашу, электр өрісі мен магнит өрісінің байланысын айқындау. Дамытушылық: Оқушылардың логикасын танымдық қасиетін және шығармашылық қабілетін дамыту, пікір таластыруға, өз бетімен іздестіруге, өздіктерінен қорытынды жасауға машықтандыру. Тәрбиелік: Пәнге, ғылымға қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа өз бетімен ізденуге машықтандыру.Электромагниттік индукция құбылысының мәні мен рөлі адам өмірінде. Сабақтың түрі: Аралас Сабаққа қажетті құралдар: гальвонометр, шарғы, жолақ магнит, алюминий сақинасы, тоқ көзі. өткізгіштер. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, бейнефильм. Жоспары: 1.Ұйымдастыру 2. Сергіту сәті 3.Жаңа тақырып А) М.Фарадей өмір баяны Б) Электромагниттік индукция құбылысы В)Бейекөрініс (тәжірибе) 4.Оқулықпен жұмыс 5.Ой қозғау стратегиясы (Сұрақ – жауап) 6.Үй тапсырмасы 7. Жаңа тақырыпты бекіту 8.Қорытынды І.Ұйымдастыру кезені (амандасу, оқушылардың сабаққа келуі, кабинетттің және оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.) ІІ. Сергіту сәті. 1.Қозғалмайтын зарядтарға әрекет ету ерекше қасиетін, қабілетін сипаттайтын өрісті қалай атаймыз? Жауабы: Электр өрісі 2. Өткізгіштердің электр тоғымен өзара әрекеттесуі жүзеге асатын материяның түрін қалай атаймыз? Жауабы: Магнитті өрісі 3.Магнит өрісінің күш сызықтары дегеніміз не? Жауабы: Магнит сызығының күш дегеніміз Магнит өрісінде кішкентай магнит тілшелерінің остерін бойлай орналасқан сызықтар 4. 1820 жылы дат ғалымы Эрстедтің жасаған тәжірибесінің физикалық мағынасы? Жауабы: Электрлік және магниттік құбылыстардың арасында өзара байланыс бар екендігі дәлелдеді 5.Бұрғы ережесіне анықтама Жауабы: Егер бұрғыны тоқтың бағытымен қозғалта бұраса, онда бұрғы тұтқасының айналу бағыты ой өрістің магниттік күш сызықтарының бағытын көрсетеді 6. Сол қол ережесі Жауабы: Егер сол қолдың алақаның өрістің күш сызықтары кіретіндей етіп орналастырса, ал керілген төрт саусақ тоқтың жүру бағытына сәйкес бағытталса онда 90 ° бұрылған бас бармақ өткізгішке әрекет ететін күштің бағытын көрсетеді. ІІІ. Жаңа тақырып А) Ағылшын физигі М.Фарадей (1791 - 1867) М.Фарадейдің өмірбаяны (1791 - 1867) ағылшын физигі Майкл Фарадей 1791 жылы дүниеге келген бала кезден жүйелі түрде білім ала алмаған.Кітаптар сатып алуға мүмкіндігі болмаған. Қажетті кітаптарды тегін оқу үшін ол түптеу шеберханасына жұмысқа орналасқан. Британдық энциклопедияда басылған электр туралы мақалаларға ерекше көңіл бөлді. Яғни М.Фарадей электромагниттік өріс туралы ілімнің негзін салған ағылшын физигі, химигі. Электролиз құбылысын зерттеді, әртүрлі материалдың магниттік қасиеттерін зерттей келе парамагнетизм,диамагнетизм құбылыстарын ашты т.б. Б) Электрмагниттік индукция құбылысыМагнит өрісі электртоғын тудыра алама? Деген сұрақты Фарадей 1821 жылы өз күнделігіне жазған. Магнит өрісін өзгерткенде электр тоғын пайда болатының 1831 жылы ашты. Бұл құбылыс электромагниттік индукция деп атады («Индукция» - латын тілінде «Бағыттау»дегенді білдіреді) В) М.Фарадей ашқан бұл электромагниттік құбылыстың мәнін толығымен ашатын кейбір тәжірибелерді қарастырайық ІV Оқулықпен жұмыс(дәптерге ережесін жазу) Ереже : Электромагниттік индукция дегеніміз уақыт бойынша айнымалы магнит өрісінде тыныштықта болатын немесе тұрақты магнит өрісінде контурды тесіп өтетін магнит индукция сызықтарының саны өзгеріп отыратындай түрде қозғалатын өткізгіш контурда электр тоғының пайда болуы. V Ой қозғау стратегиясы 1.Магнит өрісіне орналасқан раманы қандай жағдайда айналдыру жеңіл рама тұйық немесе тұйық емес болғанда неліктен? 2.Тұрақты тоқ өтетін өткізгіштердің тұйық орамына шарғы орнатылған шарғыны жылжытқанда да және оның болат өзегін алып тастаса онда неге тоқ туындайды. 3.Алюминий сақинаның солтұстік полюсіне тұрақты магнитті жақындатады. Сақина магнитке тартыла ма? Әлде одан тебіле ме? 4.Сым сақинаны электро магнит полюстері аралығындағы тез айналса ол едәуір қызады. А) Осы құбылысты түсіндіріңдер Б) Егер сақина тұйық болмай ашық болған жағдайда қыза ма? VІ Үйге тапсырма § 59 27 жаттығу (1,4,6) VІІ Бекіту VІІ.Қорытынды