Арал те?ізі слайд Орында?ан: ?шім Жанерке Тексерген: ?мірхан Самал Ермек?ызы


Арал теңізіДайындаған:Әшім ЖанеркеСыныбы:62017 жыл Арал теңізі – жас Тұран тақтасының үстінде орналасқан тұйық көл. Ауданы: 66 мың кмІ Суының көлемі жағынан Қазақстанда, тіпті бүкіл ТМД елдерінде 2-ші, ал Дүниежүзі бойынша 4-ші орынға ие көл. Ұзындығы 428 км, ені 235 км. Қазіргі Аралдың жасы 8-10 мың жыл шамасында. Геологиялық тарихына қарағанда,Каспий теңізінен едәуір жас. Арал теңізінің тұздылығы табиғи жағдайда 9-11‰ болатын. Соңғы 40 жылда суармалы жер ұлғайды, Шардара, Арнасай, Сарықамыс бөгендері пайда болды. Соған байланысты теңіздің тұздылығы 35 ‰-ге жетті. Теңіз суының түсі қара көк, мөлдірлігі 25 м. Теңіз суы тұнық. Бұндағы органикалық дүние Каспий теңізіне қарағанда әлдеқайда кедей. Теңізде балықтың 20-дай түрі бар. Кәсіпшілік жөнінен құндылары: бекіре, сазан, қаяз, шабақ, ақмарқа ауланады. Жерсіндірілген балықтардан каспий шоқыры мен балтық салакаласын атауға болады. Арал теңізінің тартылуы Тартылуының салдарынан болған жағдайлар Арал теңізін апаттан сақтау үшін көптеген жобалардың ұсынылғаны белгілі. Алайда олардың көпшілігі тенізді толтыруды емес, оны тек бүгінгі деңгейде ұстап қалуды көздейді. Ол ұсыныстар мынандай болатын:1. Сыр және Амудария өзендерінің суларын тиімді пайдалану;2. Оңтүстіктен солтүстікке карай Возрождение аралын пайдаланып дамба салу. Кіші Аралдан тұз өндіріледі, ал Үлкен Арал Сыр және Амудария есебінен сақталады;3. Жел тұрғанда аспаннан тұз жаумас үшін жағалауларға сексеуіл т.б. жасыл желек ағаштарды отырғызу;4. Арал аймағын Иран еліндегідей жер асты суларымен камтамасыз ету;5. Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға бұру.Бұл шаралардың теңізді бұрынғы қалпына келтіре алмайтыны анық. Әрине Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға тартуға болар еді, бірақ ол біріншіден қымбатқа түседі, екіншіден Ресей оған келісе коймайды. АҚШ, Жапония, Канада ғалымдарының Арал теңізінің суын бұрынғы деңгейіне жеткізу үшін 200 миллиард доллар қажет дейтін көрінеді. Аралды бұрынғы қалпына келтіру үшін іргелі зерттеу жолымен Каспий-Арал каналының ғылыми-техникалық дәлелдемесі жасалынады. Сол жоба бойынша Арал апатын шешу үшін 300 млн доллар жеткілікті екеніне көз жеткізген.