??растыру сызбасы туралы жалпы м?лімет, сипаттамалы? ??жат (презентация)


Сабақ тақырыбы:Құрастыру сызбасы туралы жалпы мәлімет, сипаттамалық құжат Сабақтың мақсаты:Білімділігі: оқушыларға құрастыру сызбасында пайдаланатын кейбір шарттар мен жеңілдіктерді түсіндіру және сызуға үйрету.Дамытушылығы: оқушылардың құрастыру сызбасын кеңістікті көз алдында елестете білу қабілетін, ойын дамыту.Тәрбиелігі: сызбаны өмірде қолдана білуге, сызбаны таза, әдемі, ұққыпты, сызуға тәрбиелеу. Үй тапсырмасын тексеруV тарау- машина жасау сызбалары туралы жалпы мәліметтер бойынша екі топ бір-біріне «экспресс сұрақтар» қою арқылы тексеру. (теориялық және практикалық сұрақтар). Жаңа сабақты түсіндіруБірнеше тетіктерден тұратын бұйымдарды құрастырмалы сызбалар деп атайды. Құрастырмалы сызба деп құрастырмалы бөліктердің кескінін қамтитын, өзара біріктірілген құрама бөліктердің орналасуы мен байланысы туралы түсінік қалыптастыратын және құрастыруды, құрастырмалы бөлікті бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін құжатты айтады. Құрастырмалы сызбаны оқу дегеніміз бұйымның пішіні мен құрлымын елестету, оның міндетін, жұмыс принципін, құрастырылу ретін түсіну, сондай-ақ тетіктің берілген құрастырмалы бірліктегі пішінін айқындау деген сөз Құрастырмалы сызбаны оқуды мынадай ретпен жүзеге асырады:1. Құрастырмалы бөліктің атауын және оның кескінінің масштабын айқындап, негізгі жазудың мазмұнын оқып үйрену.2. Құрастырмалы сызбада көріністерді, тіліктерді және қималарды қарастыру.3. Бұйымның сипаттамалық құжатын пайдалана отырып, оның қанша тетіктен тұратындығын анықтау және әрқайсысының атауы мен жасалған материялын айқын білу.4. Әрбір тетіктің құрастырмалы сызбадағы кескіндерін қарастыра отырып, олардың пішіндерін анықтау.5. Бұйымда қолданылған тетіктерді біріктірудің түрлерін айқындау.6. Бұйымның жұмыс істеу принципі мен оны құрастырудың ретін тағайындау. «Параллель бұрандалы қысқыш» бұйымының құрастырмалы сызбасын қарастырайық Параллель Бұрандалы қысқышБұрандалы қысқыш деп тетіктерді верстакта қысып қою үшін, станоктарда тетіктерді желімдеу кезінде қолданылатын құралды айтады.Сызбада бұрандалы қысқыштың төрт тетіктен тұратындығын байқауға болады:(1) тіреуіш ерін(2) жылжымалы ерін(3) тіреуіш винті(4) реттеуші винт Сипаттамалық құжатСипаттамалық құжат - кесте түрінде орындалатын негізгі құжат, онда құрастырмалы бірліктің барлық құрамды бөліктерінің атаулары, тұрған орындарының нөмірлері келтіріледі және олардың саны көрсетіледі.Сипаттамалық құжатты А4 пішімдегі жеке параққа орындайды, егер оны орналастыруға орын жеткілікті болса, тікелей құрастырмалы сызбаның төменгі жағына сызады. Сипаттамалық құжат өлшемі Практикалық жұмысАжыратқыш деп - біліктің ұштарынан төлкелерді, шкифтерді, дискілерді шығарып алу үшін пайдаланылатын құрылғыны айтады.207-сурет «Ажыратқыш» бұйымының сипаттамасы. 208-сурет «Ажыратқыш» бұйымын құрастыру сызбасы. «Ажыратқыш» бұйымының сипаттамасы «Ажыратқыш» бұйымын құрастыру сызбасы сабақты бекітутест тапсырмалары 1.Құрастырмалы бөлікті бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін құжат?А) механизмдердің бөліктері;Б) Құрастырмалы сызба;В)техникалық құрылғылар: 2.Тетіктерді верстакта қысып қою үшін, тетіктерді желімдеу кезінде қолданылатын құжат? А) Бұрандалы қысқыш; Б) Құрастырмалы сызба;В) Параллель бұрандалы қысқыш: 3.Параллель бұрандалы қысқыш бұйымның құрастырмалы сызбасы қай суретте берілген? А) (203-сурет); Б) (204-сурет); 4. Кесте түрінде орындалатын негізгі құжат? А) жеке құжат; Б) Сипаттамалық құжат; 5. Сипаттамалық құжатты қандай парақта орындайды? А) А3 пішімдегі жеке парақ; Б) А2 пішімдегі жеке парақ;В) А4 пішімдегі жеке парақ; 6.Құрыстыру сызбаларына қандай өлшемдер қойылады? А) Габариттік өлшемдер;Б) барлық тетіктердің өлшемдері;В) монтажды;7. Құрастырмалы сызбаны оқу дегеніміз не? А) Құрастырылу ретін түсіну;Б) Құрастырмалы бірліктегі пішінін айқындау;В) Бұйымның пішіні мен құрлымын елестету:8. Біліктің ұштарынан төлкелерді, шкифтерді, дискілерді шығарып алу үшін пайдаланатын құрылғы? А) ажыратқыш деп аталады;Б) ажырамайтын деп аталады;9. Ажыратқыштар неше тетіктен тұрады ж/е неден жасалады? А) 19 тетіктен, шойынан;Б) 17 тетіктен, шойынан;В) 15 тетіктен, шойынан:10. Құрастырмалы сызбадағы «ажыратқыш» бұйымы қандай көріністерді және тіліктерді қамтыған ?А) барлық көрініс пен тіліктер;Б) жергілікті тілік пен алдыңғы көрініс;В) алдыңғы, үстіңгі көрініс пен жергілікті тілік “Бірін-бірі бағалау” әдісімен тексеруДұрыс жауаптары: 1. Б 6. А2. А 7.В 3. Б 8. А4. Б 9. Б 5. В 10. В  Үйге тапсырма: §38,39 оқып келу. 209 суреттегі сызбаны сызу.