Презентация “Бейнелеу ?неріні? д?ст?рден тыс ?діс – т?сілдері ар?ылы балаларды? шы?армашылы?ын ?алыптастыру”


Тақырыбы: “Бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдіс – тәсілдері арқылы балалардың шығармашылығын қалыптастыру” Мақсаты: Балаларға дәстүрден тыс сурет салу әдістерінің барлық түрлерін меңгерте отырып, оның қолдану тиімділігін уйрету. КіріспеМектеп жасына дейінгі баланың үдемелі дамуын қамтамасыз ету үшін сәбилердің мүмкіндіктеріне сүйеніп, оның өмірінің, әрекетінің мазмұнын, айнала қоршаған ортамен қарым-қатынасын өзгерту керек. Сәбидің жаңа талап-тілегін, қажеттілігін қамтамасыз ету үшін бұрынғы өмірін қайталау аз, ол қанағаттандырмайды. Сол себептен баланың бұдан былайғы өмірін мектепке дейінгі кезең талабына сай ұйымдастырған жөн.Болашақ ұстаздар мектеп жасына дейінгі балалардың жас кезеңдеріне бөлінуін жақсы түсініп, дидактикалық принциптерге негіздей отырып, тәжірибеде пайдалануға үйренеді. Мұнда нәрестелік кезең, сәбилік кезең, мектепке дейінгі кезеңдегі бала дамуының ерекшеліктері мен бала дамуындағы іс-әрекеттің ықпалын оқып-үйренеді.Қазіргі кезде жасөспірім жеке тұлғаны тәрбиелеуде өнердің, соның ішінде бейнелеу өнерінің ықпалы зор екендігін педагогика, психология ғылымдары дәлелдеп берді.Бейнелеу өнеріне оқыту барысында балалардың ойлау қабілеті, көргенін есте сақтау, шығармашылық қиялы, көркемдік икемділігі, адамгершілік және сұлулық сезімі дамиды, әрине бұл қасиеттер жеке тұлғаның жан-жақты дамуына негіз болары сөзсіз.Бейнелеу сабақтары балалардың қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру арқылы сұлулық сезімін оятады, дүниетанымын қалыптастырады, шығармашылық белсенділігін арттырады. Сонымен қатар, жеке тұлғаны ұқыптылыққа, дербестікке, еңбексүйгіштікке бейімдейді.Бейнелеу іс-әрекеті барысында сурет салу біліктілігі мен іскерлігін меңгеріп, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды байқап зерттеуді үйренеді. Демек, бейнелеу қоршаған ортаны тану, кеңістікті қабылдау, есте ұстау, қиял, сезім сияқты тағы басқа психологиялық процестердің дамуына көмектеседі.Көбінесе бейнелеу іс-әрекеті барысында баланың ерекше белсенділігін байқауға болады. Ол, әсіресе танымдық шығармашылығын белсенділік тұрғысында байқалады. Бұдан жеке тұлға өз белсенділігін қоршаған ортамен сезімдік қарым-қатынас, жұмыс (қоршаған ортаны бейнелеу) процесінде арттыратындығын көруге болады. Ұстаздың ұйымдастыруымен өткізілген сабақтағы немесе сыныптан тыс шаралардағы танымдық, эстетикалық тәрбие балалардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырады. Сондықтан да педагогика ғылымының оқыту мен тәрбиені ажыратпай тұтас қарастыруы бейнелеу өнерін оқытудың негізі болып табылады.Сабақ жүйесіне енгізілген дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер балалардың бойында шығармашылық ізденіске деген құштарлықты арттырып өзіндік образ, өзіндік іс-әрекет жобасын құрауға мүмкіндік жасайды. Қоршаған ортадан, үлкен өнер туындыларынан сұлулықты көріп қана қоймай, оны өз бетімен іздеуге ұмтылуға баулиды. Бейнелеу өнерінің сезімдік әсерін түсініп, оған қызығушылығы артады. Өзінің және өзгенің жұмысына құрметпен қарап, саналы түрде талдап баға беруге, өнерді өз өмірінің құрамдас бір бөлігі ретінде көруге тәрбиеленеді.Тақырыптың өзектілігі – мектеп жасына дейінгі балалардың баланың эстетикалық, шығармашылық дамуын дәстүрлі емес сурет салу әдістерімен жетілдіру. Зерттеу жұмысының мақсаты – дәстүрден тыс сурет салу тәсілдері арқылы балабақшадағы балаларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа бейімдеп, қоршаған ортаны, сурет өнерінің кең аясымен таныстыру. Зерттеудің міндеттері:- мектеп жасына дейінгі балаларда шығармашылық қабілеттерінің дамуын қарастыру;- мектепке дейінгі жастағы балалардың жастық ерекшеліктерін талдау;- арнайы шығармашылық қабілеттер түсінігі мен олардың сурет салу шығармашылығында көрінуін зерттеу;- бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы балалардың шығармашылығын қалыптастыру;- балаларға дәстүрден тыс сурет салу әдістерінің барлық түрлерін меңгерту; - бейнелеу өнері пәнінде дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді пайдалану тиімділігін анықтау.Күтілетін нәтиже:- баланың бойында табиғатқа деген эстетикалық-жағымды қарым-қатынастарды оны өз шығармашылығында бейнелеу арқылы қалыптастыру.- балалардың білім өрісін және қоршаған орта туралы түсініктер аясын кеңейту, жабайы болып өсетін мойылдың сыртқы түрімен, оның гүлденген сабақтарымен таныстыру.- балаларға сурет салу өнерінің жаңа әдістерін - үйрету;- балаларды табиғатты тану арқылы шығармашылық қабілеттерін ояту;- балалардың түсті, композицияны қабылдау сезімдерін жетілдіру.- баланың ойлау жүйесін, қиялын, шығармашылық қызметін дамыту;- балалардың қозғалыстар координациясын дамыту, қолдың ұсақ моторикасын жетілдіру.Зерттеу жұмысының зерттеу объектісі – бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері.  Пейзаж (француз сөзіне шыққан) – бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде, Қытайда, Жапонияда және басқа Шығыс елдерде (VII-VIII ғасырларда) Европадағыдан ертерек қалыптасты. Европалық живописьте ол XVII ғасырда, алдымен Италияда пайда болды, ал содан кейін Голландияда ерекше жоғары дамыды. Орыс өнерлерінде пейзаждың гүлденуі XIX ғасырдың саңына тұспа-тұс келеді. (И.Левитан, К.Коровин, Н.Рерих және басқа да көптеген суретшілер).XVII ғасырдағы голланд суретшілерінің картиналарында теңіз үнемі дерлік романтикалық сарынсыз болып келеді, олар табиғат сұлулығын іңкәрлікпен қызықтауға бейім емес. Олар үшін теңіз – сауда мен жұмыс орны, тіршілік қарекетін іздестіретін кеңістік.Айвазовский жұмыстарында теңіз - әрдайым дерлік үрейлі дүлей күш, мөлдірлеу құпия сырлы тұңғиық. Орасан зор толқындар қия жартастарға лап қояды. Адамдар, тіпті кемелердің өзі де – осынау қаһарлы, өлшеусіз қуатты стихияда өте кішкентай, дәрменсіз де қорғансыз. Оның картиналары әсем стихияда деген тәнтілікке, романтикалық сүйіспеншілікке бөленген.Бір табиғи мотивтің өзі суретшінің қылқаламынан мүлде басқа толысуға, басқаша түске ие бола отырып, шебердің талғамын, көзқарастарын, көңіл күйін береді.Пейзаж – қайсыбір жерлерді жай айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адым өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Бұл торлаған аспан, теңіз толқындары, ормандар мен таулар жүздеген, мыңдаған жылдар бұрын қандай болса, сондай күйінде қалады. Бірақ осы бір өзгермейтін табиғатты алуан дәуір суретшілері түрліше көріп, түрліше бейнеледі. Арнайы шығармашылық қабілеттер түсінігі мен олардың сурет салу шығармашылығында көрінуіБалалардың бейнелеу шығармашылығы – қызықты бейнелер мен ашық бояулар әлемі. Балалар өздерінің ғажайып қиялымен, ерекшелігімен ересектерді талай таңғалдырған. Сәбилер суретті ерекше ықыласпен және жиі салады. Оларды айналадағы қоршаған дүние әлемі өз қызығымен еліктіріп әкетеді. Балалардың сурет салу әдісін меңгеруі, олардың қабілеті дамуы болып табылады. Қазіргі кезеңде жаңа адамды қалыптастыру, оның шығармашылық белсенділігін дамыту басты назарға алынған.Бейнелеу өнері – мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылықпен айналысатын іс-әрекеттерінің бірі. Бейнелеу өнерінің сурет салу, мүсіндеу, жапсыру бала үшін өзінше әр қайсысы қызықты. Бала бейнелеу өнерінің қай түрімен айналысса да өз көңіл-күйін білдіре алады. Бейнелеу өнері, ең алдымен, балалардың эстетикалық, адамгершілік, еңбексүйгіштік, ойлау қабілеттерін дамытады.Я.А.Коменский, Ф.Фребель: «сурет салу, мүсіндеу және түрлі құралдармен айналысатын сабақтар балалардың сезімдерін, ойлау қабілеттерін дамытады» деп айтқан. Бейнелеу өнері – эстетикалық тәрбиенің негізгі құралы. Бұл көзқарасты философтар, ұстаздар, психологтар қолдайды. Ежелгі гректер сурет салуға үйрету – қол еңбегін дамыту мен тәрбиелеудің негізгі құралы болып табылады. Ежелгі көзқарастың дұрыстығына көзіміз жеткендей, себебі грек мәдениеті суретпен дамыды және осы заманға дейін сақталған.Сурет салу іс-әрекетінде балаларда эмоциялық көңіл-күй пайда болады. Сурет салу – көркемдік шығармашылық іс-әрекет. Өмірдегі алған әсерлерін бейнелеумен қатар, бейнеленген суретке деген қарым-қатынасын білдіреді. Суретті салған уақытта балалар салынған суреттің неге ұқсайтынын, оның нәтижесін айтып, өз көзқарасын білдіре алады. Салынған суретке деген көзқарастары эстетикалық баға берумен қатар танымдық қабілеттерін дамытады. Сурет салу оқу іс-әрекетінде балаларда бастаған істі аяқтау, ой тұрақтылығы, мақсатқа жету және қиындықты жеңе білу қабілеттері ашылады. Н.К.Крупская ойы бойынша, бейнелеу өнерінде балалар еңбекке, еңбектенуге деген көзқарас қалыптасады. Сурет салу өнері еңбек сияқты құралмен жұмыс жасауды талап етеді. В.А.Сухомлинский сурет салуды оқу еңбегінің үлкен зор құралы деп санаған. Бейнелеу іс-әрекеті кезінде ой және дене белсенділігі ұштасады. Сурет салу, мүсіндеу, жапсыруды орындау үшін еңбек жасалынады, сондықтан белгілі бір біліктер, дағдылар қажет. Бейнелеу іс-әрекетінде бақылай білу мен сурет сала білу маңызды рөл атқарады. Кейбір педогогтар өз міндеттерін тәрбиеленушілеріне   тек қажетті техникалық дағдыны меңгерту, сурет салу тәсілдерін үйрету, қылқаламды ұстай білу, бояу, бор, қарындаш, фломастермен жұмыс істеуді меңгерту деп ұғынады. Сурет салу да балалар айналадағы қызықты құбылыстарды көребілу қажет. Бала үшін сурет салу – сезім, көңіл-күйді берудің бірінші құралы. Ұстаз бала жұмысының нәтижесіне қарай отырып баланың ішкі сезімін, жан дүниесін көре алады. Сурет салу іс-әрекеттерінде балалардың қызығушылық сезімдерін дамыту мақсатында түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Ұстазтың мақсат-міндетіне сай балалар өнер жанрларын, стильдерін (сюжет, портрет, натюрморт, графика, скульптура) түсініп қабылдай білуі шарт. Сурет салу іс-әрекетінде суретшілер еңбектерімен таныстыру, ертегілер бойынша салынған суретшілер еңбектерімен таныстыру, ертегілер бойынша салынған суретшілер иллюстрацияларын көрсету, түрлі саяхат сабақтар өткізу (мұражайлар, жергілікті суретшілер үйіне) т.б. өткізген шарт. Осындай оқу әрекетінде балаларды өнерге деген қызығушылықтары дамиды. Сурет салу әдістерін меңгерту мақсатында дәстүрлі емес әдістерді пайдалану балаларға қызығушылықтарын дамытады. Дәстүрлі емес әдіс-тәсіл түрлері: мөр басу, кляксография, монотипия, ылғал бетте сурет салу, май шаммен, түрту, нүктемен, саусақпен т.б. дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді пайдалану ойлау қабілеттерін, қиялын шығармашылық қабілеттерін дамытады. Әрбір оқу іс-әрекеттерінде түрлі әдісті қолдану балалардың сурет салуға қызығушылықтарын дамытып, өз беттерімен жұмыс жасауларына мүмкіндік береді. Бейнелеу іс-әрекеті балаларды мектептегі бейнелеу өнері сабақтарына дайындау үшін арнайы дайындықтан өткізуге мүмкіндік береді. Ол үшін төмендегідей практикалық материалдар болу керек. - Суреттер, мүсіндер, халықтың қолданбалы өнерінің бұйымдар жинағы. - Классикалық саздар жинағы. - Бейнелеу құралдарының жинағы. - Байланыстыра сөйлеуге басты назар аудару қажет (живопись, скульптура шығармалары бойынша шығармашылықәңгімелер). Балалардың Қазақстан өнері, оның қайнар көздерімен негізін салушылар туралы білімдерін кеңейтіп, байыту керек. Әртүрлі халықтардың мәдениетін түсіне, ажырата білуге үйрету. Осы мақсатта халықтық ойыншықтар арқылы образдар құра білуге үйрету керек. Осылайша, бейнелеу өнері – мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылықпен айналысатын іс-әрекеттерінің бірі. Бала бейнелеу өнерінің қай түрімен айналысса да өз көңіл-күйін білдіре алады. Бейнелеу өнері, ең алдымен, балалардың эстетикалық, адамгершілік, еңбексүйгіштік, ойлау қабілеттерін дамытады. Ақ-қара граттаж Граттаж сөзі француз тілінен яғни grater «тарау», «тырнау» деген мағына береді. Бұл графика техникасымен 20 ғ.суретшілері айналысты. Ресейде алғашқы болып көптеген тамаша туындылар қалдырған М.В.Добужинский болды. Граттография тәсілін игеру үшін талапкер әдетте мынадай жұмыстарымен бастайды.Жұмысты орындай отырып біріншіден қағаз бетін тең етіп балауыз (воск) шаммен немесе паранфинмен жағынды жағып шығып,(бірнеше қабат) сонан кейін жалпақ қылқаламмен немесе мақтамен үстіңгі бетін тушьпен біртекті етіп жағылады. Тушьтың,майлы балауыздың бетке толық жағулуын қадағалаймыз. Тушьпен қара өндік қабаттар жағылған соң,өткір затпен ине немесе пышақ,тоқыма біздерімен тырналап бейне сурет салынады. Қара өнде жіңішке нәзік қағыстар(штрихтер) беріліп,нәтижесінде бейне бір жеңіл жүмбақ куйінде көрінеді. Яғни қара өнде әсерлі ақ бейнелер пайда болады. Шаблонография Бір затты салу үшін оның қаңдай бөліктерден тұратынын білуіміз керек. Балалар ерте жасынан ойыншықтары қаңдай фигуралардан тұратынын зерттеуге ұмтылады. Жасы келгенде,баланың тәжірибесі де арта түседі. Бұл әдіс алдын ала дайындалған шаблондар арқылы – геометриалық фигураны – жалпы сюжет алу үшін саламыз. Кляксография Бұл әдістің негізі – клякса. Клякса көп адамдардың түсінігінде ұқыпсыздықтың белгісі.Сондықтан осы әдіс арқылы кляксографияны таңымды және балалардың салынатын суретінің симметриясын қолдану,бір жаққа бояу дағын қойып,екінші жағына бірдей етіп бастырамыз,сонда әдемі өрнектерді аламыз. Оларда ағаштардың,гүлдердің ерекше суреттерін тануымызға болады. Клякса – бұл сиядан,бояудан дақтар. Дегенмен,клякса сурет салуға көмек тиюі мүмкін.Бұл кезде бояу арқылы әр түрлі дақтар қалдырып,оны керемет өнер туындысына айналдырамыз.Егер қағазды екіге бөліп,оның бір жағына бояуды тамызып,оны симметриялы екінші жағына ауыстырсақ,ерекше ою өрнектер алынады. Монотипия Бұл сурет салу техникасы сулы беттегі обьектілердің айналық көріністерін алуға қолданылады, кляксографияға ұқсайды: қағаз тігінен екіге бүктеледі, бір жағына келешек пейзаждың обьектілерінің элементтерімен жекеленіп салынады, ал салынып болғаннан кейін қағаз екіге бүктелінеді, басылады, қағаздың екінші бөлігінде суреттің кескіні алынады. Алыңған сурет қайтадан бояумен басылып шығады. Спасибо за просмотр)))))) Түстерді араластыру Түстерді араластыру – бұл бір түстердің екінші бір түске ауыстыру тәсілі. Үш негізгі түсті (қызыл, көк, сары) араластыру арқылы жаңа түстерді алуға болса, ал бояуға қара мен ақ түстерін қосқанда, алғашқы түстің басқа түрлері пайда болады. Бояуларды палитрада немесе ақ керамикалық плиткада, тәрелкелерде араластырады. Ақшылдау түстен бастап кішкене мөлшерден қосады, кейін түстерді өзара біртіндеп араластырып, керек түсті алғаннан кейін ғана оны қағаз бетіне түсіреді.   Саусақтармен сурет салу 1-2 жастағы балалар бояу жаққышты пайдалануға әлі кішкентай, сондықтан да бұл балалар үшін ең тиімді сурет салу әдісі – саусақтармен сурет салу. Шындығында келгенде, саусақтармен сурет салу – ең қарапайым, әрі жеңіл жұмыс болып табылады – саусақтарыңды бояуға батыр да, суреттерді сала бер. Тіпті, енді дамып келе жатқан балалардың суреттері әдемі шығатынын айта кеткеніміз жөн.  Живопись Живопись дегеніміз — әр түрлі бояу түрлерімен жазықтык, бетінде орындалатын көркем шығарма. Живопись атауы орыстың «живой писать» деген сөзінен алынған, яғни көріністер мен нәрселерді өмірдің өзіндегідей жанды етіп жазу деген мағынаны білдіреді.Живопись бейнелеу өнерінің аса дамыған түрі болып табылады.Живопись суреттері қағазға, картонға, тақтайға, кенепке, т. б. салынады. Негізінен қолданылатын бояу түрлері: акварель, гуашь, темпера, майлы бояу, пастель, сангина және т. б. Живопись — бұл майлы бояулармен жасалған және багет рамаға салынған, біз музейлерде қызықтайтын картиналар ғана емес. Кескіндеме ұғымы кең әрі мейлінше сан алуан техниканы қамтиды, мысалы, түрлі сулы бояулармен — темперамен, гуашьпен, акварельмен салынган живопись болады. тіпті аздап боялған суретке (пастель) ауысатын кескіндеме бар, жартылай гравюра кескіндеме (монотипия) бар. Жанрлар. Живопиcь – бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі толысқан түрі, онда бейнелеудің сан алуан мол құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы-қиырсыз осы саласына көбіне өздері сүйген әуендер мен тақырыптарды таңдап алады. Біреулер портреттер жазғанды ұнатса, екіншілері пейзаждарды, үшіншілері тарихи, соғыс немесе тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар. Бейнелеу өнерінің бұлай сапталуы жанрларға бөлінуі деп аталады. Жанр сөзі француздың түр немесе тек сөзінен шыққан. Живописьте мынадай жанрлар бөлінеді: натюрморт, пейзаж, портрет және тақырыптық картина. Айта кету керек, соңғы жанр көбінде жанр делінеді, ал картиналар жанрлық картиналар деп аталады. Портрет. Бұл жанр басқалардан бұрын пайда болды – үш мың жылдан астам уақыт бұрын жасалған скульптуралық египет портреттері, екі мың жыл бұрынғы мозаикалық Рим және темпералық фаюм портреттері белгілі. Адамдар әрдайым өз бейнемін көгісі келді, ал ежелгі египеттіктер тіпті қайтыс болған адамның жаны портретке көшеді екен деп есептеді. Үлкен шебердің шабытты қолымен жазылған әрбір портрет шынында да рухтанғандай болады, портретке түсірілген бет-әлпетте ой, қайғы-күйініш, қуаныш, күрделі және кейде қиын бүкіл өмір жолының көрінісі жатады. Портреттің бірінші және қажетті сапасы – оның түпнұсқасымен ұқсастығы. Бірақ бұл, математиктер айтатындай, қажетті, бірақ жеткіліксіз шарт. Адамның сыртқы белгілерінің арғы жағынан біз бейнелеушінің ой-арманын, қуаныш-күйінішін, ішкі жан дүниесін тап басып, сезінуге тиіспіз. Біз суретшінің оған қатынасын да сезінуге тиіспіз. Балалардың жасы: 5 жастан жоғары.Сабақтың тақырыбы: «Көңілді кляксалар»Сабақтың мақсаты:1. Балаларды кляксографие сынды сурет салу техникасымен таныстыру;2.Байқаусызда алынған дақтардан әдемі суреттер алуды үйрету, шынайы бейнелерге оларды жақындатып салу.3. Баланың ойлау жүйесін, қиялын, шығармашылық қызметін дамыту;Сабаққа қажетті материалдар:- А4 альбом қағазы;- гуашь;- фломастерлер;- бояу жаққыш;- қауырсын, тушь бар банка;- кляксографие бойынша дайын жұмыстар, үлгі үшін.Сабақтың барысы:1. Ұйымдастырушылық бөлімҰстаз. Клякса – бұл сиядан, бояудан қалған дақтар. Дегенмен, клякса сурет салуға көмек тиюі мүмкін. Бұл кезде бояу арқылы әр түрлі дақтар қалдырып, оны керемет өнер туындысына айналдырамыз. Егер қағазды екіге бөліп, оның бір жағына бояуды тамызып, оны симметриялы екінші жағына ауыстырсақ, ерекше ою өрнектер алынады. Сергіту жаттығуы:Отырып-ақ орныңдаАйдың көлді кешемінСен білмесең егердеБылай ескек есейін. 2. Практикалық бөлімі1. Қағазды ұзындығы бойынша екіге бүктеп, қағазды ашамыз.2. Бояу жаққышқа бояу алып, қағазға тамызамыз.3. Қағазды бүктеп, ашамыз, не шыққанын қараймыз Осылайша басқа түстермен де істеп көреміз, мұның бәрін бояу кеуіп үлгермегенше жасаймыз.Кімде қандай суреттер шығатынына қарай, суреттерді қосымша элементтермен фломастер мен түрлі түсті бояулардың көмегімен толықтырамыз.Жұмыс барысында мұғалім балалардың сурет салуын бақылайды. 3. Сабақтың қорытындысы:Ұстаз балалармен бірге жақсы шыққан суреттерді таңдап, мадақтайды. Бұл әдіс балаларды кез-келген қателіктен жақсы нәтиже алуға үйретеді. Балалардың жасы: 5 жастан жоғары.Сабақтың тақырыбы «Өзен»Сабақтың мақсаты:1. Балаларды пейзаж ұғымымен таныстыру;2. Пейзажды монотипия әдісімен салуды үйрету, симметрия туралы танымдарын бекіту;Сабаққа қажетті материалдар:- өзеннің суреті;- А4 альбом қағазы, оның оң бөлігі көк (аспан) түспен, сол жағы көгілдір (су) түспен боялған;- акварель;- бояу жаққыш;Жұмыс барысы:1. Ұйымдастырушылық бөліміТәрбиеші. Бірдей элементтерге, түстерге, құрылымдарға ие, бірақ екі жақта орналасқан суреттер симметриялы деп аталады. Бүгін біз монотипия әдісімен сурет салуды үйренеміз, бұлай аталатын себебі: моно «бір» дегенді білдірсе, типия «баспасы, сондай үлгісі» дегенді білдіреді. Бұл әдіс кляксографиемен ұқсас, бірақ оған қарағанда қағаздың бір бөлігіне нақты бөліктері бар сурет салынады, кейін ол қағазды екінші жағына ауыстырғанда оның келбеті болып шығады. Тек біз бұл үшін дайын бір жағы көкке, ал екінші жағы көгілдір түске боялған қағазды алғандықтан, біздің суреттеріміз өзеннің жағасындағы суреттер болып шығады.Тәрбиеші балаларға өзен жағасындағы заттарды есіне алып, суретті салып көруді ұсынады.2. Практикалық бөлім1. Көк түсті қағаз бөлігіне гуашьтың көмегімен сатылай пейзаждың объектілерін саламыз: жапырақтары бар бір немесе бірнеше ағаштар (жасыл, түрлі түсті мезгілге қарай), шөптер, таулар, үй, күн, аспан және т.б.2. Суреттер салынған кейін қағаздың сызығымен ол екіге бүктеледі.3. Сурет екінші қағаз бөлігіне басылғаннан кейін екінші бөліктегі суретті бояулармен қайта бояп шығамыз. Судағы келбетті боямаймыз, өйткені ол шашыраңқы болып қалуы керек. Монотипия әдісімен салынған гүлСергіту жаттығуы: Жып-жылы таза суда Балық жүзіп ойнайды, Біресе жиырылады, Біресе секіреді, Біресе құмға тығылады.3. Сабақтың қорытындысы: Барлық балалар алынған пейзаждарын зерттейді, кейіннен тіпті картиналар көрмесін ұйымдастыруға болады.  Балалардың жасы: 4-7 жас аралығы.Сабақтың тақырыбы: «Шаблон бойынша сурет саламыз»Сабақтың мақсаты:1. Балаларды күрделі құрылымды заттардың жеке фигураларын зерттеуге ұмтылдыру.2. Балаларды бір материалға әр жақтан қарауға үйрету, олардың ақыл-санасын дамыту.3. Шаблонографияға үйрету.4. Қозғалыстар координациясын дамыту, қолдың ұсақ моторикасын жетілдіру.Басуға арналған материалдар:- альбом қағазы;- әр түрлі өлшемдегі геометриялық фигуралар;- қарындаш;- түрлі-түсті қарындаштар;- әр түрлі-түсті геометриялық фигуралар;Жұмыс барысы:1. Ұйымдастырушылық бөлімҰстаз. Біздің дүние әр түрлі формалардан тұрады. Бүгін біз дайын геометриялық объектілерден шаблондар жасаймыз: үшбұрыштар, шеңбер, квадрат, тіктөртбұрыш, тек біз оларды бояп - шаблондар – толық фигураның суреті шығады. 2. Практикалық бөлімі1. Суреттің құрылымын ойластырамыз, басты және қосымша сюжеттерді анықтаймыз.2. Объектіні жасауды осыдан бастаймыз: алдымен ең ірі басты фигураны бояп, кейін кішкентайларын бояуға кірісеміз.3. Жай қарындашпен персонаждың құрылымын бояп шығамыз 4. Дайын композицияны түрлі-түсті қарындаштардың көмегімен бояймыз.Сергіту жаттығуы:Айгөлек-ау, айгөлек,Айдың жүзі дөңгелекАйдай толған кезімде,Би билеймін дөңгелеп. 3. Сабақтың қорытындысыБалалар айналасындағы заттардың формасымен ажырата алады. Ұқыптылық пен зейінділікке үйренеді. Балалардың жасы: 2 жастан жоғары.Сабақтың тақырыбы: «Саусақтардың ізі»Сабақтың мақсаты: Сурет салудың ең қарапайым, әрі қызықты әдісі «Саусақтармен сурет салу» әдісімен таныстыру.Жұмыс барысы1. Бала саусақтарының ұшын бояуға батырады. Бала саусақтарын бояуға толық батырмауын бақылап отырыңыз.2. Балаға қағаз бетінде қалайша нүктелерді қою керектігін көрсетіңіз. Қажет болған жағдайда баланың қолын алыңыз да өз қолыңызбен нұсқаулар көрсетіңіз.3. Түстерді ауыстырғанда баланың қолын суы бар ыдысқа жуып тастап, қолдарын шүберекпен сүртеміз.Саусақпен сурет салудың бірнеше тәсілдері бар:- саусақтардың ұшымен суреттер саламыз, сызықтар жүргіземіз, нүктелер қоямыз (1–2 саусақтарды бояп, оны қағаз бетіне түсіреміз – жұлдызшалар, ағаштар, бұтақтар пайда болады), саусақтарды бір түйінге жинаймыз (осылайша, гүлдерді, қыстық қар бүршіктерін аламыз);Балаға алдын ала салынған заттарды саусақтарымен басып шығу қызықты болады (күнбағыс, шыбынжұт, қызыл қоңыз, көйлектегі домалақ іздерді салу және т.б.) немесе сюжеттік суреттерді толықтыру (құлап бара жатқан жаңбырды, әтешке арналған дәнді салу және т.б.).- Үлкен саусақ жағынан жұдырықпен саламыз (әдемі раушан гүлдерін, ұлу, қабыршақтар шығады)- Жартылай ашық жұдырықпен саламыз, мысалы кемпірқосақ, банан және т.б. саламыз.- алақанмен саламыз, ол кезде саусақтар жұмулы тұрады (көбелек - екі боялған алақандарды қағазға тігінен қоямыз, балық - бір алақанды қағазға көлбеу қоямыз).Саусақтармен сурет салудың артықшылықтары: саусақтармен сурет салу кезінде баланың ойлау өрісі дамиды, шығармашылық қабілеті қалыптасады, бала түстерді жақсы ажырата бастайды, ол баланы бояу жаққышты қолданып сурет салуға дайындайды, сөйлеу мен ойлау деңгейлерін арттырады. Бала өсіп, қарындаштың немесе бояу жаққыштың көмегімен сурет сала бастағанның өзінде де, саусақтармен сурет салуды қойдыруға болмайды. Өйткені осы кезде баланың фантазиясы мен ойлау қабілетінің шексіз деңгейлері ашылады. Бала қажетті картиналарды салу үшін саусақтарын әр түрлі бағытта қимылдата алады. Балаға екі қолымен де сурет салуға кедергі жасамаңыз, өйткені сол кезде оның миының екі жағы да жұмыс істей бастайды.Сергіту жаттығуы:Бала, бала балақан,Кәне, қайсы алақан.Саусақтарын әйбат,Былай-былай ойнат.Топ-топ басайық,Жалаудан күн жасайық.Жаса, жаса алтын күнЖаса, жаса жарқын күн (Балалар мұғалімнің жасаған әрекеттерін қайталайды). 2 сурет – Саусақтармен сурет салу әдісінің үлгілері Сабақтың қорытындысы: Берілген тапсырманы ұқыпты, тиянақты орындауға дағдыланды.  Балалардың жасы: 5 жастан жоғары.Сабақтың тақырыбы: «Күздің алтын суреттері»Сабақтың мақсаты:1.Баланың бойында табиғаттың күздік құбылыстарына қызығушылығын арттыру, күздің әдемілігіне эмоциялық сезімдерін ояту;2. Сурет салу өнерінің жаңа әдісімен – «Жапырақтардың ізі» - таныстыру;3. Балаларды табиғатты тану арқылы шығармашылық қабілеттерін ояту;4. Балалардың түсті, композицияны қабылдау сезімдерін жетілдіру.Сабаққа қажетті материалдар:- әр түрлі ағаштар түрлерінің жапырақтары (4-5 түрі);- А4 өлшемді 2 альбом қағазы;- гуашь бояулары;- бояу жаққыш;- суы бар стақан;- сүрткіш;- «Алтын күз» суреті;- жапырақтарды жинауға арналған қорапша.Алдын ала жұмыс: күз кезіндегі табиғатты тамашалау, күз туралы әңгімелесу, «Алтын күз» суреттерін назар аударып талдау.Сабақ барысы:1. Ұйымдастырушылық бөліміҰстаз. «Қызыл-сары жапырақтар» Қызыл-сары жапырақтарАғаштардан ұшады.Қызыл-сары жапырақтарЖерге қарай ұшадыҰшады, ұшады жерге қарай ұшады.Күзде жамбыр жауады,Жел суытып соғады, Қызыл-сары жапырақтарЖелмен бірге ұшады.Ұшады, ұшады желмен бірге ұшады – дегендей, күз мезгілінде жапырақтар барынша түрлене түседі. Жапырақтың түсі ауа-райына байланысты: күзде қаншалықты күн сәулесі көп түссе, жапырақтардың түсі соншалықты ашық болады.Сергіту жаттығуы:Қане қанат жазайық,Қарлығашқа ұқсайық.Ұшып-ұшып алайық,Орнымызға қонайық.Білімде алда болайық.Ұстаз. Біз әр түрлі күздік жапырақтар жинадық. Оларға жақсылап назар аударыңдар, сендер бір-біріне ұқсайтындарын табуларың қиынға соғады, өйткені әрқайсысы ерекше.Бүгін біз сендермен күзгі ағаштарды ерекше әдіспен саламыз, ол үшін біз күзгі жапырақтарды гуашьқа батырып, мөр етіп қағазға басамыз.2. Практикалық бөлімі1. Кез-келген жапырақты таңдап алып, оған сары, қызыл, жасыл т.б. бояуын жағамыз.2. Боялған жапырақты альбом қағазының бетіне қоямыз да, жайлап басып, қозғалтпай аламыз.3. Келесі жапырақтарды басқа түске немесе бірден бірнеше түстерге бояп қағаз бетіне жабыстырып, кейін аламыз.Сабақтың қорытындысы:Балалар күздің ерекшелігімен танысты, жапырақтармен суретті сәнді етіп салудың әдісін меңгерді, ұқыптылық пен жинақылыққа дағдыланды Балалардың жасы: 1 жастан жоғары.Сабақтың тақырыбы: «Бояулар»Сабақтың мақсаты:1. Балалардың түстер туралы білімін бекіту, хроматиялық (негізгі) және ахроматиялық түстермен таныстыру;2. Жаңа түстерді алу жолдарымен таныстыру;3. Қоршаған ортаны тануды дамыту.Сабаққа қажетті материалдар:- спектральды дөңгелек;- балауыз қарындашпен гүлдің суреті салынған А4 өлшемді ақ қағаз;- түстерді араластыру үшін қосымша қағаз;- гуашьбояулары;- бояу жаққыш;- суы бар стақан;- палитра;Алдын ала жұмыс: кемпірқосақ суретіндегі түстерді зерттеу.Сабақтың барысы:1. Ұйымдастырушылық бөлімҰстаз. Балалар біз қоршаған ортаға назар аударып қарасақ, айналамыздағы әр түрлі түстерге тәнті боламыз: көгілдір аспан, сар күн, жасыл шөп, түрлі-түсті үйлер. Алайда осы әр алуан түстер басты және қосымша түртер бөлінеді екен. Негізгі түстер – қызыл, көк, сары. Бұлар хроматикалық түстер деп аталады, яғни түрлі-түсті.Түстердің бір құпиясы бар екен: оларды араластырып, басқа түстерді алуға болады.Көк пен қызылды араластырып, біз күлгін түс аламыз. Ал егер, көк пен сарыны араластырсақ, жасыл түс аламыз. Қызыл мен сарыны араластырып, қызғылт сары түс аламыз.Ұстаз аталған түстерді араластыруды балаларға ұсынады. Ұстаз. Ақ пен қара түстер ахроматикалық түстер болып саналады, яғни түрлі-түсті емес. Оларды араластырсақ – сұр түс аламыз.Ақ түс – өте нәзік, сондықтан оны түстерді араластыруда қолданғанда, алдымен бояу жаққышқа ақ түсті аламыз, ал қара түс керісінше, ең мықты түс, сол үшін оны бояу жаққышқа соңынан алады. Сергіту жатығуы:Қане қанат жазайық,Қарлығашқа ұқсайық.Ұшып-ұшып алайық,Орнымызға қонайық.Білімде алда болайық.Сабақтың қорытындысы:Балалар түстерді жақсы меңгерді, енді оларды еркін ажыратумен қатар, оларды өзара араластырып, қажетті түстерді алады. Балалардың жасы: 5 жастан жоғары.Сабақтың тақырыбы: «Күздің алтын суреттері»Сабақтың мақсаты:1.Баланың бойында табиғаттың күздік құбылыстарына қызығушылығын арттыру, күздің әдемілігіне эмоциялық сезімдерін ояту;2. Сурет салу өнерінің жаңа әдісімен – «Жапырақтардың ізі» - таныстыру;3. Балаларды табиғатты тану арқылы шығармашылық қабілеттерін ояту;4. Балалардың түсті, композицияны қабылдау сезімдерін жетілдіру.Сабаққа қажетті материалдар:- әр түрлі ағаштар түрлерінің жапырақтары (4-5 түрі);- А4 өлшемді 2 альбом қағазы;- гуашь бояулары;- бояу жаққыш;- суы бар стақан;- сүрткіш;- «Алтын күз» суреті;- жапырақтарды жинауға арналған қорапша.Алдын ала жұмыс: күз кезіндегі табиғатты тамашалау, күз туралы әңгімелесу, «Алтын күз» суреттерін назар аударып талдау.Сабақ барысы:1. Ұйымдастырушылық бөліміҰстаз. «Қызыл-сары жапырақтар» Қызыл-сары жапырақтарАғаштардан ұшады.Қызыл-сары жапырақтарЖерге қарай ұшадыҰшады, ұшады жерге қарай ұшады.Күзде жамбыр жауады,Жел суытып соғады, Қызыл-сары жапырақтарЖелмен бірге ұшады.Ұшады, ұшады желмен бірге ұшады – дегендей, күз мезгілінде жапырақтар барынша түрлене түседі. Жапырақтың түсі ауа-райына байланысты: күзде қаншалықты күн сәулесі көп түссе, жапырақтардың түсі соншалықты ашық болады.Сергіту жаттығуы:Қане қанат жазайық,Қарлығашқа ұқсайық.Ұшып-ұшып алайық,Орнымызға қонайық.Білімде алда болайық.Ұстаз. Біз әр түрлі күздік жапырақтар жинадық. Оларға жақсылап назар аударыңдар, сендер бір-біріне ұқсайтындарын табуларың қиынға соғады, өйткені әрқайсысы ерекше.Бүгін біз сендермен күзгі ағаштарды ерекше әдіспен саламыз, ол үшін біз күзгі жапырақтарды гуашьқа батырып, мөр етіп қағазға басамыз.2. Практикалық бөлімі1. Кез-келген жапырақты таңдап алып, оған сары, қызыл, жасыл т.б. бояуын жағамыз.2. Боялған жапырақты альбом қағазының бетіне қоямыз да, жайлап басып, қозғалтпай аламыз.3. Келесі жапырақтарды басқа түске немесе бірден бірнеше түстерге бояп қағаз бетіне жабыстырып, кейін аламыз.Сабақтың қорытындысы:Балалар күздің ерекшелігімен танысты, жапырақтармен суретті сәнді етіп салудың әдісін меңгерді, ұқыптылық пен жинақылыққа дағдыланды.Түстерді араластыруТүстерді араластыру – бұл бір түстердің екінші бір түске ауыстыру тәсілі. Үш негізгі түсті (қызыл, көк, сары) араластыру арқылы жаңа түстерді алуға болса, ал бояуға қара мен ақ түстерін қосқанда, алғашқы түстің басқа түрлері пайда болады. Бояуларды палитрада немесе ақ керамикалық плиткада, тәрелкелерде араластырады. Ақшылдау түстен бастап кішкене мөлшерден қосады, кейін түстерді өзара біртіндеп араластырып, керек түсті алғаннан кейін ғана оны қағаз бетіне түсіреді