?аза?стан тарихынан ?аза? ханды?ыны? негізін ??рушы Керей мен Ж?нібек


Қазақ хандығының негізін құрушы Керей мен Жәнібек хандары. Тарих пәнінің мұғалімі: Турганбаева Гулшарипа КурманбаевнаМ.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясы Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, Жәнібек пен Керей хандардың халқына, жеріне, еліне сіңірген қызметімен таныстыру. Картамен жұмыс жасауға, өз бетінше қорытынды жасауға, ізденіске дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.Өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.. Сабақтың түрі: аралас сабақСабақтың әдісі: Шағын лекция, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, талдау.Сабақтың құрал-жабдықтары: Слайдтар, карталар, Керей мен Жәнібектің портреттері, т.б.Күтілетін нәтиже: сабақты толық меңгерту. Сабақтың жоспары: Ұйымдастыру кезеңі: Білімгерлермен сәлемдесу, кезекші мәлімдемесі. Оқушыларды топқа бөлуҮй тапсырмасын сұрау: Қазақстандағы көшпелі өркениеттің ерекшеліктері, тақырыбын пысықтау. «Ыстық орындық»3 Жаңа сабақты түсіну: Топпен жұмыс Тақырыпты қорғау4 Жеке жұмыс ЖИГСО I. Ұйымдастыру бөлімі. Мемлекет атауы Өмір сүрген кезеңі Орналасқан жері Астанасы Мемлекет билеушілері Саяси тарихы Ақ Орда Моғолстан Әбілқайыр хандығы Ноғай Ордасы А) Әр бір мемлекеттке бір-бір оқушыдан шығып, толтырады. Ауызша талдау. Ә) Мемлекеттерді картадан көрсету. Жәнібек пен Керей хандары 1) Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол ұлан – байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды. 1456 жылы Керей мен Жәнібек ханның Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті – қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоңыс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған еді. Бұл оқиғанның мән-жайы мынадай болатын: 1.1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өкімет үшін өзара қырқыс үдей түсті. 2 Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр құрған «көшпелі өзбектер» мемлекеті пайда болды. Осы мемлекеттің территориясы XV ғ. орта шенінде Сырдариядан Сібір хандығына дейінгі ұлан байтақ жерді алып жатты. Алайда бұл мемлекеттің ішіндегі өкімет үшін күрес бір сәтте толастаған жоқ.3. Әбілхайыр хан өзінің саяси душпандарын-Жошы әулетінен шыққан султандарды құдалауын тоқтатпады. Өкімет үшін күрес барысында Дешті – Қыпшақтан өздерін қолдайтын жеткілікті күш таба алмаған Ұрыс ханның шөберелері-Керей мен Жәнібек XV ғ. 50 жылдары орта шенінде қарамағандағы ауылдарымен Шу өзенінің бойына көшіп кетуге мәжбүр болды . Жаңадан құрылған Қазақ хандығының тағына Шыңғысханның ұрпағы болғандықтан, Керей мен Жәнібек сұлтандардың екеуінің де отыруға құқы болды. Бірақ тәртіп бойынша жасының үлкендігі де ескерілді, сондықтан хан тағына Керей отырды. Ақылдасар тірегі Жәнібек болды. Оларды өзбектер- «қазақтар» деп атады. Қазақ султандары 870 жылдары (1465-1466 жж.) билей бастады» . Сөйтіп, 1465-1466 жылдыры Шу мен Талас өзендерінің алқабында Қазақ мемлекетінің негізін салған дербес қазақ хандығы құрылды. . Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр (1468 ж.) дүние салды да, Өзбек ұлысының щаңырағы шайқалды. Ірі –ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей мен Жәнібекке көшіп кетті.Сүйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті Қазақ хандығының саясаты: Сырдария бойындағы қалаларды қарату 1.Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті – Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дағдылы тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілқайыр хандығындағы аласапыран арқылы бұзылған) көшпелі шаруалардың көкейтесті мүддесі еді. 2.Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстінен орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркестан) т.б. қалаларын қазақ хандығына карату. Бұлар осы өңірдегі саяси- экономикалық және әскери- стратегиялық берік база болатын. 3.Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территориясын біріктіру. Бұлардың ішіндегі ең маңызды міндет – Сырдария жағасындағы қалаларды қарату күресі болды.  Картамен жұмыс 1. Қазақ хандығының қай жерде және қашан құрылғанын көрсету. 2. Жәнібек пен Керей сұлтандар Қазақ хандығының шекарасын қай жерге дейін кеңейтуге ұмтылды. 3. ХV ғасыр аяғындағы Қазақ хандығының жер аумағын корсету Білемін Толық түсінбедім Мен үшін жаңа ақпарат 5.Сабақты қорытындылау: Мен не үйрендім? (сызбаны толтыру).Білемін VМен үшін түсініксіз +Мен үшін жаңа ақпарат? Топтарды бағалауӨз ара бағалауӨзін-өзі бағалау Үйге тапсырма:Қазақ хандығының негізін құраушы Керей мен Жәнібек хандары Үйге тапсырма: «Егер мен хан болсам.....» деген тақырыпта ой толғау жазу. 7.