Сынып са?атыны? та?ырыбы: «Т?рбие-отбасынан басталады»


Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы №10 «Қарабұлақ» жалпы орта мектебінің 10«Г» сынып жетекшісі Юлдашева Туйғуной Хамракулқызы.Сынып сағатының тақырыбы: «Тәрбие-отбасынан басталады»Семинар сабақ Қарабұлақ -2016 жыл.Ассистент- Юсупалиева Шохиста Отбасы –сыйластық, жарастық орнаған орта.Отбасы-бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасы-ар-намыс,қуаныш пен бақыт,тілек пен үміт ұясы.Ұяны құс та таза ұстайды. (халық даналығы)

Отбасы-шағын мемлекет Отбасы-шағын мемлекет Мен президент-сен премьер Арттым саған көп міндет Премьер жолдас,бер пример. Басқара біл үй ішін, Бердім саған билікті Жемісті болса жұмысың Мен алмаймын сыйлықты. Жауаптымыз сіз бен біз Ұқсын басқа ұқпасын Мемлекетке тәуелсіз Дұшпан қолын сұқпасын Біздің байтақ еліміз Отбасылардан құрылған Елін сүйер сеніңіз Өз отбасын сүйе алған. (Қ.Аманжолов 1953ж) Құрметті ата-ана деген үлкен бақытқа ие болған асыл жандар,отбасы ұйытқылары.Бала тәрбиесінің басты ұстаздары. Ақын ағамыз айтқандай-Президент мырзалар мен премьер ханымдар. Бақытты лауазымдарыңыздың жаңа атаулары құтты болсын.Бұл лауазым сіздерге тек қуаныш пен бақыт әкелсін,-дей отырып, бүгінгі семинар сабағымізді бастауға рұқсат етіңіздер! Халықтық педагогиканың, салт-дәстүрдің бала тәрбиесіндегі маңызы зор. Мұсылман халқында қуанышты күндерде, мысалы, нәресте дүниеге келіп,оны бесікке салғанда,тәй-тәй басып,тұсауын кескенде тағы сол сияқты қуанышты күндерде шашу шашатын дәстүріміз бар.Бүгін мен де сіздерге ,отбасыларыңызға бақ-береке тілеп жылы сөздер оралған кәмпиттерден шашу шашамын. 3 кәмпиттің ішінде жылы сөздермен қоса сұрақтар жазылған. Құрметті қатысушылар сұрақтарға жауап берулеріңізді сұранамын. Сұрақтар:1. Ата-ананың борышын қалай түсіндіресіз?2.Отбасы бақыты ол-..............3.Қатысушаларға тілегіңіз?

Сынып: 10 «Г» - сынып.Сынып сағатының тақырыбы: «Тәрбие-отбасынан басталады»  Мақсаты: Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, ата-аналарға тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы екенін түсіндіру. Бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.Міндеттері:Ата-ана мен оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту,өз ойларын тұжырымдап, жұптық жұмыс жасау. Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Топтық жұмыстарды орындауда ұйымшылдығын арттыру.Күтілетін нәтиже: Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалы артады, тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы екені туралы біледі. Түйінді идеялар: Ата-ана мен оқушылар бірлесіп жұмыс істейді. Әдісі-тәсілдер: Жұптық, жеке жұмыс. Диалогтік оқыту тәсілі. Оқытуда АКТ-ны пайдалану. «Мазайка»әдісі, Кинометафора әдісі, «Ойлау туралы ойлану» әдісі. Ұйымдастыру кезеңіСәлемдесу.Ата-ана мен оқушыларды психологиялық дайындау.Өзін -өзі реттеу. Сыныпты топқа біріктіру: «Мозаика»әдісі Суреттер арқылы топқа біріктіру.1.Ата-аналар тобыТоптардың атаулары2.Ата-ана мен бала тобы 3. Балалар тобы Тренинг ережесі:1.Тыңдай білу.2.Сөзді бөлмеу.3.Белсенділік.4.Шығармашылық.5.Төзімділік.6.Сыйластық.7.Түсіністік қарым-қатынас.8. Рефлексия. Негізгі бөлім: Сынып сағатының тақырыбы: «Тәрбие-отбасынан басталады» Нақыл сөздер Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды. Әке шешенің тұрмыс – салты, өмір көрінісі сәби үшін бағыт-бағдар көрсететін компас. Алтын бесік отбасы болса, алтын ұя- мектеп. Бала тәрбиесінде қателесуге қақымыз жоқ. Балаға бір мәрте көніл бөліп, тәрбие беру бір сағат көлемінде садақа бергеннен де жақсы. (хадистен) Жақсы есім-қанатты ат сияқты баланың қиялын дамытады. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады. Оның бетіне шимақты қалай салсақ, қағаз бетіне солай түседі. (Жан жак Руссо) Кинометафора әдісі: Видеоролик (2 минут) Кинометафора әдісі: 1.Сіздер бұл фильмде нені көрдіңіздер? 2.Қандай пікір білдіресіздер? Ой қозғау. (5 минут) «Ойлау туралы ойлану» әдісі арқылы ата-ана мен оқушылар білімін пысықтау.ТүсінуҚолдануТалдауЖинақтауБағалауБілу

























«Сәби сұрағы»






Постер жасау. (5 минут)«Бақытты отбасы модулін» салу.«Тәрбие-отбасынан басталады» тақырыбына сай түрлі түсті қағаздардан апликация жасату.Видеоролик«Ананың ұлы мен қызына айтқан өсиеті» Видеоролик «Ананың ұлы мен қызына айтқан өсиеті» «Бақытты отбасы модулін» салу.
Балаға оны жақсы көретіндігін көрсетіңіз, жетістіктері үшін ғана емес;Балаға оның басқалардан төмен екендігін көрсетпеңіз;Баланың әрбір қойған сұрағына шыдамдылық танытып жауап қайтарыңыз;Күнде балаңызбен бірге болатындай уақыт табыңыз;Балаңызды жолдастарымен және үлкендермен ұялмай қарым-қатынас жасауға үйретіңіз;Балаңызбен мақтанатыныңызды айтып отырыңыз; Балаңызбен әрқашанда шынайы сөйлесіңіз;Баланың өзін емес, іс-әрекетін бағалап отырыңыз;Баланың құқықтарын айтып отырыңыз;Бір мезгіл өзіңізді баланың орнына қойып көріңіз, сонда баланың талабын сезінесіз;Ата-аналарға кеңес Ата-ана міндетіБақытты отбасыКелешек кепілі,Тәрбие - бұл жұмбақ , шешімі:Үйрету, үлгі ету, өнеге көрсетуәрқашанда ата-ана міндеті Сергіту сәті. «Қызыл өрік» Ата-аналарға арналған сұрақтар. 1. Сіз балаңызды таңертеңгі ұйқыдан қалай оятасыз? 2. Балаңыздың бойында қандай қасиеттер бар?3. Сіз балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?4. Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?5. Кез-келген жұмысыңызды тастай салып, баламен айналысу қолыңыздан келе ме?6. Өзіңіздің қателігіңіз үшін баладан кешірім сұрайсыз ба?7. Балаңыздан көмекті бұйырып айтпай, жай ғана сұрап ала аласыз ба?8.Егер баланың қылығы сіздің ашуыңызды келтірсе,өзіңізді ұстау қолыңыздан келе ме?9. Баланызға «құтылу» үшін «менің уақытым жоқ» немесе «тоқтай тұр, мен жұмысымды бітіріп алайын»,- деп айту өзіңізде жақсы әсер қалдыра ма?
Видеоролик.«Храните семью» Құрметті ата-аналар!Балалар ата-ананың жүрек жылуын, қолдауын қажет ететіндігін естен шығармай, олармен ашық әңгіме өткізіп отыруға басты назар аударыңыздар! Әрбір отбасындағы сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Отбасында әуелі сенім мен сезім, сүйіспеншілік пен сыйластық болса, олардың жарастығы жарасып, қандай жағдайда болмасын өмірдің ащысы мен тұщысы, суығы мен ыстығы, қайғысы мен қуанышын бірге бөлісіп, жеңіп, бақытқа жете алады. Жақсы қасиеттерӘдептілікТәртіптілікМәдениеттілікИнабаттылықАдамгершілігі молЕңбекқорлықТіл алғышСыпайылық Рефлексия: «Алты шляпа» әдістемесі
Құрметті қонақтар, ата-аналар,әріптестер, оқушылар. Ізгі ниетпен коучингке қатысып, ұшқыр да ұтқыр ойларыңызбен ынтымақтастықта бірлесіп, қолдау көрсеткендеріңізге шын жүректен алғысымды білдіремін. Мың да бір рақмет!