Презентация ?зін-?зі тану п?нінен та?ырыбы: Жа?сылы? — жан жадыратады 9 класс


Тақырыбы:Жақсылық-жан жадыратады Тыныштық сәті Үй тапсырмасын тексеру.Кітапта берілген жағдаяттарды талдау Жаңа ақпарат Адамгершілік пен имандылық Жақсылық алып келеді. Адамға жағымды нәрселердің бәрі Жақсылық ұғымы арқылы жүзеге асады. Осы қасиет арқылы жас та, кәрі де өзінің мақсат-мүддесіне, арман-тілегіне, болашақтан үміттенуіне сенім білдіреді. Жақсылық арқылы жеке адамдардың іс-әрекетеріне, қоғамдық қатынастарына, адамаралық ізгілігін анықтайды. ДәйексөзБиік төбеге шықсаң,Көзің ашылады.Жақсымен сөйлессең,Көңілің ашылады.М.Әлімбаев Әңгімелеу(сұхбат)-Жақсылық, жамандық деген ұғымдарды қалай түсінесіздер?-Жақсы болу, жақсылық жасауды қалай үйренуге болады?-Жақсы сөз айту, жақсылыққа жата ма?-Жақсылық жасау адам жасына байланысты ма?-Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады? Дәптермен жұмыс Төменде берілген тізімнен өзіңе ұнаған біреуін таңдап алыңыз. Олардың адамдарға жасайтын жақсылықтарын ойланып, сахналап беріңіз. Ақын: Жазушы: Суретші: Ғалым: Ойын «Ептілік пен жақсылық» Әр ойыншы қолындағы таяқшаға жіпті тез-тез орап, әр адым аттаған сайын досының өзіне жасаған жақсылығы туралы айта отырып, алға жылжи береді. Кім ортадағы белгіге дейін тез орап шықса, сол жеңімпаз деп саналады. Кезек келесі жұпқа беріледі. Осылайша ойын жалғаса береді. Шығармашылық жұмысАйтылған ой «Жақсылық тамшысы» атты шығармашылық жұмыс арқылы бекітіледі. Оқушылардың санына сәйкес алдын ала дайындалган тамшы үлгісінде қиылған қағаздарды үлестіріледі. Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін сурет салып немесе жазып жеткізеді. Мұғалім тақтаға тамшыларды ілуді ұсынады. Тамшыны іліп жатқанда әр бала өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын жария етеді. Үй тапсырмасыДәптерде берілген «Жақсылық бастауынан» тараған тармақтарға мына сұрақтардың жауабын жазыңдар:1. Айналандағы адамдарға қандай жақсы тілектер айтып жүресіңдер?2. Өз бойыңдағы жақсы қасиеттеріңді санамалап жазыңдар.3. Қандай жағымсыз қылықтардан аулақ жүруге тырысасындар? Топпен ән айту.Балалык шаққа саяхат1.Күндeрім өткeн ұзaғын Қaншaмa шaттық,қaншa мұң Бәрінeн тәтті eкeн-aу Бaлaлық шaғым,бaл шaғым Aлыстa қисa eртeгe Бeйкүнә тaзa мөлтeгeн Қoштaсып бaлa өмірмeн Өскіміз кeлді eртeрeк!Қaйырмaсы: Бaлaлық шaқтың бeкeтін Қaлдырдым өмір жoлындa Aрмaн көп oғaн жeтeтін Билeт жoқ әттeң қoлымдa!Қaйырмaсы:2.Кeттіғoй көктeм тaлaй күз Жылдaрды әлі сaнaймыз Өмір кeп aңсaп бaл күнді Жaлтaқтaп aртқa қaрaймыз!Қaйырмaсы: