Презентация. Сауат ашу. Cаба?ты? та?ырыбы: Малды? т?лін с?юі (Жуан айтылатын с?здер) (1 сынып)


Cабақтың тақырыбы:Малдың төлін сүюі (Жуан айтылатын сөздер)Сабақтың мақсаты. Білімділігі:Малдың төлін сүюі туралы жуан айтылатын сөздер туралы түсінік беру.Дамытушылығы: Ойлау, есте сақтау, сауатты жазу, шығармашылық қабілетттерін дамыту. Тәрбиелік Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Типі:Жаңа материалды түсіндіруТүрі. Интерактивті тақта. ӘдісіТүсіндіру, сұрақ –жауап, ой қозғау стратегиясы, Семантикалық карта, ізденушілік, ойыншықтар дүкені.КөрнекілігіСуреттер, дидактикалық материалдар.Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау.Үй тапсырмасын сұрау.“Бөрте лақ” өлеңді жатқа айту. “Ешкі” мәтінді мазмұнын әңгімелеп айтқызу. Жаңа сабақ. Қызығушылығын оятуҮй жануарларының төлдері 39- жаттығу.Өзіндік жұмыс.1.Сөйлемді мәнерлеп оқыңдар. Ауылдардың қойы бар, Қойы бардың тоны бар. 2.Әр сөзде неше дауысты дыбыс бар? Олар қалай естіледі? Жуан ба, жіңішке ме? Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан айтылады: қозы, лақ, құлын, бұзау. Көзге елестету:Көктем мезгілі. Күн жылынды. Қар еріп, өзенде су ағып жатыр. Өзенннен өту үшін көпір орналасқан. Бір кезде екі лақ көпірдің үстінде кездесті. Сен жол бер, жоқ сен жол бер деп ерегеседі. Сол кезде екеуі де суға құлап түсті.ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ40 –жаттығу. Өлеңді оқыңдар. Ешкі маған түбітін береді, - Қолғап кидім.Қой маған жүнін береді, - Қалпақ кидім. Лақ туралы тақпақОйыншықтар дүкені
Сиыр бізге не береді?Ойыншықтар дүкені
Сиыр туралы тақпақ?Ойыншықтар дүкені
Жылқы туралы өлең?Ойыншықтар дүкені
Жылқының сүті қалай аталады?Ойыншықтар дүкені
Түйенің сүті қалай аталады?Ойыншықтар дүкені
Ой қозғауСендердің апаларың, аталарың, әкелерің, аналарың қалай еркелетеді? Мағынаны тануҚой сүйеді баласын “қоңырым” деп,“Ештеңені білмейтін момыным!” деп.Сиыр сүйеді баласын “торпағым” деп,“Қараңғыға баспаған қорқағым” деп.Түйе сүйеді баласын “боташым!” деп,“Жаудыраған көзіңнен, тоташым” деп. Ешкі сүйеді баласын “лағым” деп,“Тастан –тасқа секірген шұнағым” деп.Жылқы сүйеді баласын “құлыным” деп,“Тұлпар болып жүгірер жұрыным!” деп.Сергіту сәті : (Қара жорға) Шығармашылық жұмысСурет бойынша әңгіме құрастыру Пысықтау.Оқулықпен жұмыс. Семантикалық карта{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}ҚоңырыммомынымТорпағым қорқағымБоташымтоташымЛағым шұнағымҚұлынымжұрынымТүйеЖылқыСиырҚойЕшкі Үй тапсырмасы“Малды құрметтеу” тыйым сөздер.Оқушыларды мадақтап бағалау.Қорытындылау.“Төлдерді ата” ойыныОйынның мақсаты: балаларға үй жануарлары, олардың пайдасы туралы түсінік беру. Оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Көрнекі құралдар: үй жануарларының суреттері. Ойын шарты: мұғалім балаларға үй жануарларының суреттерін таратып береді. Суретті алған бала оның төлін және оны қалай шақыратынын айтып беруі тиіс. Мысалы: сиырдың суретін алған бала оның төлі бұзау, бұзауды “мө-мө” деп шақырады дейді. Ал ешкінің суретін алған бала оның төлі лақ, лақты “шөре -шөре” деп шақырады дейді. Дұрыс қателеспей атаған балалар жеңіске жетіп мадақталады.