Т?рбие са?аты: Мені? — ???ы?ым, мені? — міндетім!


№ 5 орта мектеп
«Менің – құқығым, менің – міндетім!»
(« Права ребенка,права человека » онкүндігінде өткізілген ашық тәрбие сағаты)
Класс жетекші: Нашанова А.С.
1 «В»класс оқушылары
2016-2017 оқу жылы
22.02.17
Тақырыбы: «Менің – құқығым, менің – міндетім!»Мақсаты: Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру. Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту. Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Бала құқықтары туралы» Конвенция, Туу туралы куәлік, интерактивті тақта, слайдтар. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру. ІІ. Психологиялық дайындық Мақсатымыз, білім алу Міндетіміз, еңбектену Әр оқушы өз құқығын білу, Оны өмірде пайдалану.
Жарайсыңдар балалар!
Ендеше біз отыру үшін топқа бөлініп алайық. Қанеки ортада турған гүлдің суреті бар парақты таңдап орнымызға жайғасайық. Қазіргі уақытта құқықтық тәрбие беру өте қажет.Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,ойлау қабілеттерін дамытады,өз пікірін айтуға,тұжырым жасауға үйретіп,патриоттық тәрбие береді. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет.Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді.Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы,олардың өміріне,денсаулығына,ар-намысына қол сұқпауы керек. Себебі ол осы мемлекеттің азаматы. Сендердің де әр қайсысылардың осы мемлекеттің азаматтарысыңдар. Ол дегеніміз әрқайсысымыздың құқықтарымыз бен міндеттеріміз бар екенін білдіреді. Ол туралы Конституцияда жазылған. Конституция дегеніміз не?
Фатима. Конституция – бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттері белгіленген құжат. мұғалім: Біздің еліміз Конституция күнін қашан мерекелейді?
Оқушы:/30 тамыз/ Балалар, өздерің айтқандай Конституцияда Қазақстан республикасында тұратын адамдардың құқықтары мен міндеттері жазылады. Осы заңға бағынатын, оны орындайтын адамдарды кімдер дейміз? /азаматтар/ - Осы азамат деген ұғымға сендерде жатасыңдар. Ендеше, балаларға арналған олардың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын арнайы құжат бар. Оның аты – Конвенция деп аталады. Нұрбақыт :Конвенция – арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі. . Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 54 баптан тұрады. 2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қояды, сөйтіп қазақстанның «Бала құқығы туралы заңы» енгізілген.Ол «Бала құқықтары туралы» Конвенция деп аталады.
Ол Конвенция 54-баптан тұрады. Конвенцияның басты міндеті – 18 жасқа дейінгі тұлғалардың құқығын қорғау. . Қазақстанда балалардың құқықтық жағдайы мына заңдарда көрініс тапқан Сендер қалай ойлайсыңдар, баланың өкілі кім? Нұрбақыт:Ата-анасы, асыраушысы, қамқоршысы. - Бала туған кезде ата-анасы оған есімін қойып, ата-тегін береді. Осы мәлімет арнайы құжатта жазылады. - Ол – Туу туралы куәлік (Осы құжат біздің тұлға екенімізді растайды). 3) Біз қай елдің азаматтарымыз? Қазақстан Республикасының азаматтарымыз. - Яғни, Қазақстан өкіметі сендерге қамқор болады. Ал, енді балалар, «Бала құқықтары туралы» конвенциядағы айтылатын баланың негізгі құқытарын атап өтейікші.
Сергіту сәті:4) Балалар сендер не істеуге құқылысыңдар? СЛАЙД бала құқықтары• Өмір сүруге • Ата-тегін алуға • Отбасында тәрбиеленуге • Жеке бас бостандығына • Азаматтық алуға • Білім алуға • Баспана алуға • Дүние мүлікке • Демалуға • Денсаулықты сақтауға • Сөз бостандығына • Қоғамдық жұмыстарға араласуға
Қосымша балалардың да пікірлерін тыңдасақ
Ә.Арман:
Ата – заңым , алтын заңым – ардағым,
Аялаған азаматтың арманын
Жол бастайды болашаққа жасампаз,
Әрбір бабаң, тарауларың тармағаң – дегендей Қазақстан Республикасының Конституциясының кейбір баптарына тоқтала кетсек
С.Бибарыс
Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін , денсаулығын, тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата Заңы қорғайды. ҚР- Конституциясы барлық заңдардың негізгі басты құжаты.
Ілияс
Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынеады және өзіне есіммен азаматтық алуға құқылы. Мемлекет әрбір баланың аман сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді.
К.Бақытнұр
Бала міндетті түрде алғашқы білімін тегін алуға құқылы
Бала денсаулығын сақтауға , емдеуге құқылы
Ж.Арман:
Табиғатты қорғауға
Тарихи мәдени мұраларды сақтауға міндетті
Жарайсыңдар балалар. Осыған орай класс оқушыларының өздері жүргізген яғни жасаған видеороликтерін тамашалайық
Видеоролик
Көрініс: «Каусар мен Диастың ақшаға таласуы»Диас: Каусар менде ақша бар жүр екеуміз бірге барып асханадан пирожки алайық.Каусар: Неге? Жарайды, менда ақшамды алайын.
Сол кезде Диас түрі бұзылып үнсіз қалады. Каусар:Жоқ менің ақшам жоқ, сен алып алдың , алып кел менікіДиас:сені болса қайтемін, менікі болды мекнікі?!Каусар:Сенің де атың жазылып қойған жоқ.Бұл менің ақшам,саған бермеймін.Диас: Менің де құқығым бар,саған ғана беріліп қойды дейсің бе? Мен тауып алдымАвтор: класс аң таң. Ақмерей:
Ақмерей: Каусар Диас төбелесті тоқтатыңдар,қазір апай екеуіңнің дауларыңды шешіп береді.Автор:Осы мезетте топ бөлмесіне тәрбиеші апай келді.Тәрбиеші :Бұл не шу?Ақмерей : Диас пен Каусар 50 тг үшін таласып, «Менің құқығым бар ақша жұмсауға » деп дауласып жатыр,қойыңдар десек те қоймайды.Тәрбиеші : Каусар , Диас сендердің бұл құқықтарың дұрыс емес.Өздеріңнің жеке бастарыңның қажетін ойлап,бір-бірлеріңе тіл тигізу адамгершілікке жатпайды.Әркім өз құқығын дұрыс түсінуі қажет.Әрине сендердің әрқайсыларың оқуға,білім алуға,ойнауға,демалуға құқықтарың бар,бірақ барлық мәселені ақылмен шешу керек. Автор :Сынып жетекшіміз дауды шешіп,Каусардың ақшасын қайтарып, кешірім сұрауды өтінді.
Мұғалім: ендеше балалар біз манадан құқық міндет туралы айтып жатырмыз. Ендеше сол құқықтарымызды қалай қорғап тәртіпті болып жүруіміз үшін бізде қонақта Егімбаев Самат ағаймен Темиров Бердібек Баубекұлы отыр. Осы кісілер сендерге шамалы мағұмат беріп кетсе деймін.
Сөз сөйлейді.
Әр командаға ертегі кейіпкерлерінің суреттері таратылады (бірнеше қиықтарға бөлінген). Мозайкаларды жинап, ертегі кейіпкерлері арқылы адамның қандай құқығы бұзылған. 1«Мыстан кемпір» - /ертегілерде үнемі балалардың өміріне қауіп төндіреді/. 2«Карлсон» - /шулайды, қоғамдық орнында тәртіп бұзады/. 3 «Бауырсақ» ертегісі /өмір сүруге құқылы, бірақ оны түлкі жеп қояды/. 4 «Жын» ертегісі /жеке бас бостандығынан айрылады/. 5 «Ұр, тоқпақ» ертегісі /дүниемүлкінен айрылады/. «Ойлан, тап» ойыны. Ертегі кейіпкерлерін айтамын, егер жағымды кейіпкер болса, шапалақтаймыз. Жағымсыз кейіпкер болса, онда аяқтарыңмен сартылдатасыңдар.• Ер Төстік + • Мыстан кемпір – • Жеті лақ ертегісіндегі қасқыр – • Бауырсақ+ • Байлық пен ақыл ертегісіндегі, кенже ұлы + Алдар көсе+
Өте, тамаша! Бүгін жақсы еңбектендіңдер!
Қонаққа сұрақ 1 –оқушы: Н.Бейбарыс. Анашым жеке дүкенде сатушы болып жұмыс істейді. Менің сабақтан бос уақытымда анама көмектесуіме бола ма? 2-оқушы: Баянсұлу. Мектеп ішінде кейбір оқушылыр суреттерді жыртып, бұзақы болып жатады. Осының бәрі өз құқығын білмеуінен туындайтын секілді. Заңдағы бала құқығы жөнінде айтсаңыз. 3-оқушы: Айым.Кейбір дүкендерден мектеп жасындағы оқушылардың сыра, темекі сатып алғанын көремін. Білейін дегенім : Сатушы да ,жұмсаған ата-анада кінәлі
Оқушы Аян Отан-Ана ірге тасын салып біз, Арманы бір тағдыр қосқан халықпыз. Қазақстан көп ұлтымның тұрағы, Татулығы жарасқанда алыппыз.
Оқушы Бексұлтан Ғұрпымыз бар ел сенген, Дәстүрлері ең ізгі. Әділдікпен өлшенген Заңымыз бар негізгі. Бас иетін бар адам, Әрбір сөзі салмақты, Қорғар бәле жаладан Ата Заң бұл ардақты. Оқушы Рамазан Құқығыңды білгейсің, Тәртіпті болып жүргейсің. Заңды білсең қашанда, Жаман өмір сүрмейсің. Оқушы Амир Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын, Алдымыздан барлық үміт ақталсын. Тату- тәтті бірге болып қашанда, Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын. . Оқушы Аянат Халықтың ақ тілегі- Ізгіліктің бастауы. Ата Заң бұл киелі. Түзілген өн бойында Әділдіктің ақ жолы. Нұр боп жалын жолында, Самға , біліп алда оны. Оқушы М.Бақытнұр Елімізді сақтаған, Бар үмітті ақтаған. Ата Заңым әділ деп Барша жұртқа мақтанам.
Өздеріңе қажетті жаңа білім алдыңдар. Енді сендер біздің еліміздегі бала құқығын білесіңдер. Сонымен қатар адамның құқығы мен міндеттері бір-бірімен тығыз байланысты, оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Ал, енді сендер оқушы ретінде өз міндеттеріңді білесіңдер
Оқушы міндетті1 Жол тәртібін бұзбауға 2.Қоғамдық жұмысқа қатысуға3.Білімді менгеруге 4.Шындықты білуге5.Үлкенді сыйлауға 6.Кішіге көмектесуге7.Өтірік айтпауға 8.Шыдамсыз болмауға9.Денсаулығын күтуге 10.Денені шынықтыруға11.Қазақ тілін құрметтеу 12.Табиғатты қорғауға
Оқушы жауапкершілігі1.Уақытында келу 2.Уәдеде тұр3.Тиянақты болу 4.Мектеп мүлкін бүлдірмеу 5.Тәртіпті бұзбау6.Жаман сөз айтпау 7.Досына көмектесу8.Оқушы ережесін орындау 9.Кітапты күтіп ұстау10.Күн тәртібін бұзбау 11.Талапты орындау12.Әдепті болу
Тренинг «Мен жұлдызбын» - Қолдарыңда не бар? -Иа,себебі сендер бір-бір жүректің иесісіңдер. -Жүректерің қандай? -Мейірімді. -Тақтадағы жұлдызды көріп тұрмыз ба? Себебі біз кімдерміз? -Жұлдыздармыз. -Ендеше өз суреттеріңді жұлдызға орналастыра қойыңдар. -Қандай әдемісіңдер!
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.
Құқың бар: күл,ойна ,шаттанып білім ал.
Құқың бар:табиғат сырларын біліп ал.
Химик бол, ғалым бол, пайдалы еңбек ет,
Халқың да құрметтеп, достарың қызығар.
Құқың жоқ гүлдерді, көк шөпті жұлуға,
Құқың жоқ құстардың ұясын бұзуға.
Құқың жоқ тәртіпсіз, қатыгез бала боп,
Халқыңның алдында қызарып тұруға. –дей келе біз бүгін өз құқығымыз жайлы ой түйдік. Б.Момышұлы атамыз «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай,ешкімнің ала жібін аттамай,өзқұқығымыздыда,өзгеніңқұқығын да бұзбай,тәуелсіз еліміздің арқа сүйер айбынды,ақылды ұл-қызы болып өсейік!