Е?бекке баулу 3-сынып ?шекей б?йымдар жасау


Күні:
Пәні: Еңбекке баулу
Сынып: 3 «д»
Сабақтың тақырыбы: Әшекей бұйымдар жасау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың бұрыннан алған білім, білік, дағды машықтарына сүйене отырып, қағаз пластикасымен жұмыс істеу тәсілдерін меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық қабілетін арттыру, дүниетанымын кеңейту, шығармашылық шеберлігін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Адам мен тірі табиғат арасындағы байланыс туралы мағлұмат бере отырып, қоршаған ортаны қорғауға, әсемдікті сезіне білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, сызбалар,
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, плакат.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық ахуал
Келіпті көктем
Көрікті неткен!
Қызғалтақ гүлден,
Күн нұрын төккен.
II Мағынаны тану: Мұғалімнің түсіндірмесі:
Қағаз пластикасымен жұмыс істеу үшін ең алдымен қағазды дұрыс бүктеу,қаттау және ию тәсілдерін меңгеру керек. Жұмыс істеуге өте қолайлы болып келетін түрлі қағаздарды пайдаланған жөн.
Қағаздан әр түрлі бұйымдар жасауды сендер 1-сыныптан бастап үйреніпкелесіндер. Қағаздан жеке-дара қарапайым жәндіктер мен құстардың бейнесін жасап үйрендіңдер. көшеміз.Енді солардың күрделі түрлеріне көшеміз. Мұнда сендер қағазбен жұмыс істеудің күрделі түрімен танысасыңдар. Қағазды бүктеу, орау, июдің бірнеше қайталанып келетін түрлерін көреміз.
Жұмыс істеу кезінде өте ұқыпты, мұқият болмасаңдар, шатасып қалуларың мүмкін.
III Сергіту сәті:
Сол аяқ, оң аяқ
Кезек оны тебеді.
Ол танымсыз домалап
Зыр жүгіре береді.
IV Ой толғаныс: Сурет бойынша жұмыс.
Практикалық әрекет
Оқушылардың жұмысын суретке ілу, қорғау.
V Үй тапсырмасы: Жұмысты аяқтап келу.
VI Қорытынды:
-Бүгін не істедіңдер?
-Жұмыс барысында қыйыншылықтар болды ма, қандай?
VII Бағалау: Істеген жұмыстарына қарап бағалап шығу