Разработка открытого урока Цилиндрге сырттай ж?не іштей сызыл?ан призма


11-сынып.Геометрия. Сабақ-28Сабақтың тақырыбы: Цилиндрге сырттай және іштей сызылған призма.
Сабақтың мақсаты: Іштей және сырттай сызылған призмалар ұғымын таныстыру.
а)Білімділік: Цилиндрдің жазбасы мен бүйір бетінің және толық бетінің ауданының формуласы туралы білуі
ә) Дамытушылық: Цилиндрдің жазбасы мен бетінің ауданының фомуласын пайдаланып, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру. Алған білімін өмірде қолдана білуін қалыптастыру
б) Тәрбиелік: Оқушыларды жылдам ойлауға, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:түсіндірмелі – көрнекілік
Сабақтың типі:жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі:сызба,жазба материалдар
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын тексеру. Оқушылармен амандасу.
ІІ.Өткенді қайталау.
Цилиндр дегеніміз не?
Цилиндрдің жазықтықпен қимасы дегеніміз не?
Цилиндрдің бүйір бетінің ауданы неге тең?
Цилиндрдің толық бетінің ауданы неге тең?
Үй тапсырмасын тексеру
№28. Цилиндрдің толық бетінің және бүйір бетінің аудандары сәйкесінше
50 см2 және 30 см2. Цилиндрдің радиусын және биіктігін табыңдар.
Шешуі: ; ;
; см2
; ; ;
Жауабы: ;
ІІІ. Жаңа сабақ.
анықтама.
Цилиндрге іштей сызылған призма деп табандары цилиндрдің табандарына іштей сызылған призманы айтады.
Іштей сызылған призмалар тік призмалар болып табылады.
АВСА1В1С1 призмасы осі ОО1 болатын цилиндрге іштей сызылған. Призманың табандары – цилиндрдің табандары болып келетін Ш(О, R) және Ш(О1,R) дөңгелектеріне іштей сызылған АВС және А1В1С1 үшбұрыштары.
анықтама.
Цилиндрге сырттай сызылған призма деп табандары цилиндрдің табандарына сырттай сызылған призманы атайды.
табандары Ш(О, R)және Ш(О1,R) болатын цилиндр АВСDА1В1С1D1 призмасына іштей сызылған және Ш(О, R) мен Ш(О1,R) шеңберлері АВСD және А1В1С1D1 төртбұрыштарына әштей сызылған.
Тік цилиндрге сырттай сызылған призмалар да тік призмалар болады.
1. Цилиндрға іштей сызылған призма
2. Цилиндрға сырттай сызылған призма
3. Цилиндрдың остік қимасы бар

1.Цилиндрдің биіктігі 8см, табанының диаметрі 10см. Цилиндрдің осінен 4см қашықтықта оған параллель жүргізілген жазықтықпен қиманың ауданын табыңдар.
Берілгені:АВ=10см, ОО1=4см, ОК=5см. т/к: S=?
Шешуі: √25-16=√9=3. КК1= 2·3=6, S=48см2 Жауабы: 48см2
2.Табаны радиусы r-ге, биіктігі h-қа тең цилиндрдің бүйір бетінің ауданын тап. r=2cм, h=3см.
Берілгені: r=2cм, h=3см. т/к: Sбб=?
Шешуі: Sбб=2π2·3=12π Жауабы: 12π
Жұптық жұмыс
1.Табаны радиусы r-ге, биіктігі h-қа тең цилиндрдің бүйір бетінің ауданын тап. r=10мм, h=7мм.
Берілгені: r=10мм, h=7мм. т/к: Sбб=?
Шешуі: Sбб=2π10·7=140π Жауабы: 140π
2.Радиусы 5см және биіктігі 6см болатын цилиндрдің осінен 3см қашықтықта осіне параллель қимасының ауданын тап.
Берілгені:ОО1=6см, ОК=5см. т/к: Sқ=?
Шешуі: √25-9=√16=4. 2·4=8, S=48см2 Жауабы: 48см2
ІV. Қорытынды.
Цилиндрге іштей сызылған призма дегеніміз не?
Цилиндрге сырттай сызылған призма дегеніміз не?
V. Үйге тапсырма. §5. п. 5.4
VI. Бағалау. Оқушылардың білім-біліктілігін анықтап баға қою.