?ош бол балаба?шам! Т?рбие са?аты.


Қош, бол балабақшаТақырыбы: «Қош, бол балабақша»1) Тәрбиеші: Бұл оқу тамақ болар қарны ашқандаЖол табар қараңғыда адасқандаМал озбас біле білсең білім озарАқыры керек болар бір сасқанда –деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген бүлдіршіндеріміздің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Қош бол, балабақшам» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!2) Тәрбиеші: Бесіктегі баланыңКүлгенін көрген - бір мұратАлдына түсіп ананыңЖүргенін көрген бір мұрат1)Тәрбиеші: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыздаМұндай күй болған сірә қаншаңыз даҚол соғып, қошеметтеп шақырайықБалдырған бүлдіршін түлектердіБалалар музыкамен кіріп, вальс билейді2) Тәрбиеші: Мектеп ана шақырады бізді алданАлдымызда әлі талай сан арманҚоштассақ та балабақшам сеніменСанамызда өзің берген өнегең –деп бүгін балабақшамен қоштасқалы тұрған түлектеріміздің лебізін тыңдасақ.Нұрлыбек: Қоштасып мен бүгін балалықпенҚоштасамын сиқырлы бала бақпенТанысып Мектеп деген әлеммененДостасамын біліммен, даналықпенАлуа: Қуаныш бүгін біздерде достарБоламыз енді біз сыныптастарКүтеді алдан бізді ұлы жолШаттыққа толы үлкен армандарРахат: Шыбықтай едік үштен жаңа асқандаБалабақша есігін жаңа ашқанда«Апам» деген сөзді ғана білуші ек«Отан» деген сөзді әлі білмеуші екАли: Қызық күндер өткіздікБалабақша бағындаКөп оқыдық, көп білдікЕл мен Отан жайындаӘн: «Біз балдырған баламыз»Тәрбиеші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанадыКөңілді күндер тусын алдан әліӘсем бимен, түрлі өнерБүгінгі күн сіздерге арналады –деп, ұлдардың орындауында«Кобвой» биін қабыл алыңыздар.Би: «Кобвой»Тәрбиеші: Енді құрметті қонақтар балалардың дайындаған көрінісін тамашалаңыздар. Көрініс: «Портфель»Ән: «Мектеп бізді үйретеді»Тәрбиеші: Ұл, қыздарды көңілдіШақырамыз ортағаТойымызға сән беріпБи билесін шаттанаБи: «Испан биі»Тәрбиеші: Өтті қызық көп күндерАлты жасқа жеттіңдерБарасыңдар мектепкеБір белестен өттіңдер - деп балалар бүгінгі мерекеге арналған тақпақтарын айтып берсін.Ән: (балалардың орындауында «Айгөлек» әні)Тәрбиеші: Қазір балалар сендермен «Иә, иә» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнаймыз. Мен сұрақ қоям, сендер сұрақтың жауабына қарай иә, немесе жоқ деп жауап бересіңдер.1. Мектепке біз барамыз ба?2. Кілең бестік аламыз ба?3. Айтқан тілді аламыз ба?4. Ақылды бала боламыз ба?5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?6. Ертеңгісін тұрамыз ба?7. Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?9. Екі алғанда жылаймыз ба?10. Оқушы біз боламыз ба?Ата – аналармен де «Иә, иә» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.1. Балаңызға әрқашан тірек сіз бе?2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз бе?3. Тамағын уақытылы бересіз бе?4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе?5. Сериал көріп жатасыз ба?6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?8. Сен оқыт, мен оқытып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?10. Бала үшін асулардан асасыз ба?Музыка ойналып: (Буратино мен Мальвинаның келуі)Мальвина: Жүр, деймін жүр.Мен саған балалар балабақшада қалай оқиды екенін көрсетемін.Буратино: Балабақша, балабақша деп, неге қайталай бересің. Мен онсыз-ақ бәрін білемін.Мальвина: Бәрін деймісің? Ал суретке қарап әңгіме құрастыра білесің бе?Буратино: Әңгіме құрау ? (Буратино басын қасиды)Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме Буратино мен Мальвина! Сендер қайдан келе жатырсыңдар?Мальвина: Міне, Буратиноны балабақшаға әкелдім. Ол мүлдем мектепке барғысы келмейді. Ал жазған кезде тіпті дәптеріне қарауға ұят.Тәрбиеші: Мұның қалай Буратино. Егер сен оқымасаң, білімсіз, әрі сауатсыз адам болсаң, мектепке қалай барасың? Ал сауатты болу үшін жақсы оқу керек.Тыңдап көрші, біздің балалар мектепке дайын ба?- екен.Тәрбиеші тапсырма береді:Мальвина: Көрдің бе, Буратино! Балалар бәрін біледі, ал сен болсаң, үп-үлкен болып ештеңе білмейсің!Буратино: Иә, расында да ұят болды.Тәрбиеші: Көрдің бе, Буратино біздің балалар қандай ақылды. Олар қандай тапсырмалар болсын орындай алады. Оның бәрі білімнің арқасында.- Балалар, қалай ойлайсыңдар, Біз мектепке не үшін барамыз?- Оқып –білім алу үшін- Білімді азамат болу үшін- Үйрену үшін- Ер жетіп Отанымды қорғау үшінТәрбиеші: Сондықтан, Буратино ақылды болу үшін, білім керек екен.Сен ертеңнен бастап мектепке баруға дайындал .Келістік пе?Буратино: Келістік. Мен барып сабаққа дайындалайын. Қош сау болыңдар, балалар!Би: «Барби» (Алина мен Нұрсұлудың орындауында)Тәрбиеші: Өткізіп қызық күндердіМектепке кетіп барадыТақпақ айтып тамсаныпҚимай кетіп барады (Тақпақтар)Тәрбиеші: Мың бұралған қыздардыШақырамыз ортағаТойымызға сән беріпБи билесін қуантаБи: «Шығыс биі»Р: тәрбиеші: Ойын: «Жалғасын тап»Тәрбиеші: Ұшырса да жаңа өмірге сан құсынТәрбиеші бағбан толастатпас мәңгі ісіңСөз береміз құрметпен өзіңізгеТүлектерге арналсын тілегіңіз – деп,Сәуле апайға сөз беру:Тәрбиеші : Көктем жаздың кереметі көп екенКөбелектер әсем гүлдің сәні екенШақырайық олай болса ортағаБиші топты «Көбелектер» биімен.Би: «Көбелектер»Тәрбиеші : Әсем әнмен арайлап таң атадыБар жүрекке нұрын құйып жатадыМерекеге арналған әсем әнменНұрсұлуды шапалақтап қарсы алайықНұрсұлу мен топ балаларының орындауында Ән : «Достар»Тәрбиеші: Келесі кезекті тақпақтарға берейік: Адиль,Адиль: Бақша біздің панамызМектеп біздің анамызҰлағатты ұстазданОқып –білім аламызМирас: Сүйікті біздің апайымызАйтамыз біз рахметДенсаулық тілеп, бақ тілеп,Аброй, атақ, бар жақсыныТілейді Сізге, жас түлек.Шолпан: Біздер үшін еңбек еткен шаршамайБаршаңызға рақмет апайларБалабақша көркі болсын әрқашанКейінгі бүлдіршін балғын балаларТәрбиеші: Жаңа өмір басталсынҮміт сенім ақталсынҰмытылмай балабақша вальсіКөңілде мәңгі сақталсын – балалардың орындауында,Би: «Вальс»Тәрбиеші: Әрбір ұрпақ болашағымыздың алтын діңгегі. Ендеше ұрпақты өмірге әкеліп, адал ниет, ақ батамен өсірген ата – ана емес пе? Балалардың осы қуаныштарын бөлісіп отырған ата – анаға сөз береміз.-------------Тәрбиеші: Түлектерге тілегін айтып балабақша атынан марапаттарын табыстау үшін балабақша меңгерушісіне сөз беріледі (Дипломдармен марапаттау)Тәрбиеші: Сіздерге бүгінгі көңілді көңіл күйімізді тарту ете отырып, барша бүлдіршінге бақыт, ашық аспан, жарқын болашақ, тыныш өмір, шат күлкі, үлкен жетістіктермен сәттіліктер тілейміз.Тәрбиеші: Балалардың білімі құтты болсынДенсаулығы ауырмайтын мықты болсынБілімдерін әрі қарай дамытатынЕрінбейтін еңбекқор күшті болсын! Осымен «Қош бол, балабақша» атты ертеңгілігімізді әнмен аяқтаймыз.Ән: «Қош бол, балабақша»