“?ош бол, балаба?шам” (сценарий)



Мерекелік безендірулер: “Қош бол ,балабақшам”деген сөз.
Жүргізуші:Құрметті ата-аналар, қонақтар, балалар.
Бүгін ерекше күн. Өйткені біз бірнеше жыл мәпелеп,
тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұядан ұшырып,мектепке
шығарып салғалы отырмыз.Мереке құтты болсын,той-тойға ұлассын.
Жүргізуші: Өтті қызық көп күндер,
Бес жасқа да жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл-ойларың
Өсті міне бойларың
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың.
Қол соғып қошеметпен бүлдіршіндерімізді қарсы алайық.
Балалар музыка әуенімен залға кіреді.
Сөз кезегі мектеп директоры Ардақ Мұқаметжанқызына беріледі.
Бұл қуаныш себебін
АйшаБізге қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегің
Туған Отан қуансын.

Балалар жылулық шеңберін құрып,жылы лебіздер айтады.
Аспанымыз ашық болсын.
Жер-ана аман болсын.
Әрқашан күн сөнбесін
Ән. Әрқашан күн сөнбесін.\3 тілде\
Жүргізуші Құрметті ұстаздар мен ата-аналар.
Кез келді сіздерден ақ бата алар
Ұл қыздарың көрсетпекші өнерін
Бар қауым тамсана таңдай қағар
Қоштасатын кешімізді біз бастайық
Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Деп кезекті балаларымызға берейік
Дамир Бүгін қызық бүгін той,
Біздер үшін біліп қой.
Ән де салып ,би билеп
Жалғастырсын ойды ой.
НұрисламБалабақша балабақша
Шаңырағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
АминаҚуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызды қимаймыз біз
Қоштасатын күн бүгін.

АружанТалай қызық той өткіздік
Бірақ орны бөлекше
Бақшамызбен қоштасатын
Бүгінгі той ерекше.
РианаКүнде ертемен бақшаға
Келетінбіз ақ таңда
Қызық күндер өткізіп
Балабақша бағында
Көп оқыдық көп білдік
Табиғат отан жайында

АзизҚұшағында жарқылдап
Өтті сәби күндерім
Би биледім ән тыңдап
Алаңдауды білмедім.
Вальс биі:
РамиляБалабақшам қош енді
Әркез аман бол деймін
Әкем менен шешемді
Ертіп енді келмеймін.
ЕркінТәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып бала бақшамен
Мектепке біз барамыз.
Ән:“Достық” әні
Балалардың білімін тексеру “5”, Әліппе, Математика.
“5” Сандықшадан тіл дамытуға арналған сұрақтарды көрейік.
Сұрақтар
а.Біз қандай мемлекетте тұрамыз
ә.Қ.Р. президенті кім
б.Қ.Р.астанасы қай қала
в.Қ.Р. рәміздерін атап беріңдерші
г.Гимн деген не
ғ.Гимнді орындау
Тіл дамыту:Әліппе білім анасы
Әліппе кітап данасы
Әліппе бетін ашпаған
Адамның бар ма баласы.
Балалар менің де сендерге тапсырмам бар.
Сендер ертегілер, жұмбақ , мақал- мәтелдер білесіңдер ме
Қандай ертегілер білесіңдер
“Үйшік” ертегісін сахналау.
Математика. 1-ден 10-ға дейін санау(тура-кері
Геометриялық пішіндерді атаңдар
Рахмет балалар, білімдерің бар екен,мектепке барғанда да сабақтарыңды жақсы оқыңдар, тәртіпті бала болыңдар.
Мираш Балалар мектепке не үшін барасыңдар?
1Оқып білім алу үшін
2.Еліме еңбек ету үшін
3.Білімді азамат болу үшін
ЯсминаҚуантып әрі қинайды
Бақшамнан алыс кеткенім
Қажет қой бірақ білімнің
Кемесіне өткенім.
НазымАна тілін ардақтап
Ата салтын біз көрдік
Сурет салып ән жаттап
Би билеуді үйрендік.
Ән: Жас дәуірдің түлегіміз.
Жүргізуші Балалар сендерді құттықтауға сәбилер тобының балаларыкеліп тұр,қарсы алайық.
“Назерке” тобы.
Маржан.Қош балалар сәт сапар
Бақытты бәрің болыңдар
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік алыңдар.
ЗульярСүйкімді балғын бала шақ
Сендердікі болашақ
Озат болып оқыңдар
Ойға білім тоқыңдар.
ІңкәрӨсті ақыл ,ойларың
Өсті міне бойларың
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларың.
ҮмітӨздеріңді ұмытпай
Есімізге аламыз.
Ұмытпасын деп әрқашан
Ән салып біз береміз.
Ән “Қошақан”
НұрдәулетБірге ойнап,бірге жүрген
Күндерді біз қимаймыз
Естелік болсын біздерден
Кітап қалам сыйлаймыз.

Арнау:Орын берген бақшадан
Сезім Ардақ апай жақсы адам.
Сондықтан да біздерге
Артықсыз сіз қашанда
Бәрі үшін алдымен
Сізге алғыс айтамыз.
ИсламДәрумен жеп қолыңнан
Өскен сәби баламыз
Дәрігер апай сіздерге
Алғыс айтып барамыз.
АйшаБіздің аспаз апайға
Бұл маңда аспаз жетпейді
Шексіз алғыс айтамыз
Азсынбай қабыл алыңыз.
ВенераБізге тәртіп үйреткен
Ән салдырып, билеткен
Таныстырған ең алғаш
Сандарменен суретпен
Бізге тұңғыш тақпақ та
Жалықпастан жаттатқан
Таза сәби жүректен
Қабылдаңыз мың алғыс
Тәрбиеші апайлар.
АқботаЖарқырап есік,терезе
Еденді де жуатын
Жолатпай шаңды сүртетін
Тазалықшы апайларға мың алғыс
Осы апайларымызға арнап бүлдіршіндеріміз “Ертегілер елінде” биін билеп береді.
Серік Елдар.Қош бол,ойыншықтарым
Жасырып кейде тыққаным
Кеткенде кешке қоштасып
Келгенде алдан шыққаным.
Барлығы:Мектепке ертең барамыз
Оқимыз ,сауық құрамыз.
Қашық та болмас арамыз,
Сіздерге келіп тұрамыз
Ән . “Менің балабақшам”
Кезек ата-аналарға беріледі./бата, шашу/.



Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Шелек ауылы
Т.Кенжебаев мектебі

“Қош бол ,балабақшам”
\Мерекелік шара\
Шағын орталық
Аға тәрбиеші:Нурмаганбетова Р.Н.
2014ж