Д?ниетану саба? жоспары К?ндіз


Тақырыбы:Күндіз.
Мақсаты: 1.Күн сәулесінің маңызы туралы мағлұмат беру.
2.Оқушыларды табиғат тамашаларын бақылай білуге,ой-пікірін еркін
жеткізе білуге машықтандыру.
3.Оқушыларды өз уақытын үнемдей білуге тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас
Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап
Көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Cабаққа дайындықтарын тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
“Айнала дүниедегі денелер,құбылыстар”мәтінін оқыту,мазмұндау.
3.Білімді тексеру кезеңі:
1. Сұрақтарға жауап алу.
2. Қорытындылау.
4.Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Күндіз” .
5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
-Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.
-Күн қай сағатта шығады?
-Күн қай сағатта батады?
-Күннің батардағы көрінісі жайлы әңгімеле.
-Күннің шыққан кездегі көрінісі жайлы әңгімеле.
3.Сергіту сәті
6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.
2. Сұрақтарға жауап алу.
-Күн сәулесінің өсімдік тіршілігі үшін маңызы қандай?
-Суреттер бойынша еркін әңгіме құрастыр.
3. Теріп оқыту.
7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.Тәжірибе жаса:
Өгейшөптің бірнеше талын құмыраға отырғыз да,оның қалай өсетінін
күнделікті жазып,бақыла.
Қорытындылау
8.Үйге тапсырма беру кезеңі:
1.Мәтінді оқу,мазмұндау.
9.Бағалау.