Саба?ты? та?ырыбы: Координаталары бойынша н?ктені салу?а есептер шы?ару


Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы « №8 жалпы білім беру орта мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі Тлеубергенова Гүлшат Жолдасқызының қысқа мерзімді сабақ жоспары.
 18.02.16ж Математика6 а  сыныпСабақтың  тақырыбы: Координаталары бойынша нүктені салуға есептер шығару
Жалпы мақсат:   Нүктенің берілген координаталары бойынша оны координаталық жазықтыққа дұрыс сала білуін қадағалау, тақырып бойынша алған білімдерін жүйелеу, математикалық тілін және графикалық білімін жетілдіру;
Сілтеме: Мұғалімдерге  арналған  нұсқаулық                    
6 сыныпқа арналған  математика оқулығы  
Портал  матералдары.
Оқу нәтижесі:   Координаталары берілген нүктелерді сала біледі және жазады.  
Негізгі идеялар: Координаталар жүйесі, нүктенің орны, перпендикуляр түзу,  параллель түзу.
Сабақта қолданылатын материалдар: Математика оқулығы , тапсырма парақшалары
Оқыту әдістері: Жаңа әдістер, практикалық жұмыс, сұрақ- жауап, диалог, жұптық жұмыс, топтық жұмысДерек көздері: 6  сыныпқа арналған математика оқулығыМатематика жұмыс дәптеріОқушы анықтамалығыМатематика оқыту әдістемесіТапсырмалар: Кординаталары берілген нүктелерді салу, фигураларды нүкте арқылы салу
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Іс-әрекет түрлеріМұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті1. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу1минут Ойсергек «Қайырлы таң досым!» Қайырлы таң досым,
Қайырлы күн болсын.
Бейсенбінің сәті,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын.
Сыныпты  топқа  бөлу2 минут Абсцисса, Ордината, Нүкте үш топқа бөлінеді. Топ ережесін  құруды ұсынады. Стикерлерде абсцисса, ордината, нүкте деген жазулары бар стикерлерді алу арқылы үш топқа бөлінеді.Топ ережесін құрып, бір оқушы әр топтан қорғайды.
2. Үй тапсырмасын сұрау  3 минут  Үй тапсырмасы. Топ басшыларының үй тапсырмасын тексеріп шығамын. Топ басшысы топ мүшелерінің үй тапсырмасын тексереді.
3Қайталау сұрақтары 5 минут
  Сұрақ-жауап:
А) Қиылысатын түзулер жазықтықты неше бұрышқа бөледі?
Ә) Қандай түзулер перпенди куляр түзулер деп аталады?
Б) Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?
В) Координаталық жазықтық деген не?
Г) Координаталық жазықтықта неше ширек бар
Ғ) Ох осінің аталуыД) Оу осінің аталуыЕ) Санақ басының координаталарын ата 
(төрт)
 
(тікбұрыш жасап қиылысатын түзулер)
 
(қиылыспайтын түзулер)
 
(тік бұрышты координаталар жүйесі орналасқан жазықтық)
 
(төрт)
(абсцисса)
(ордината)
(0;0)
Қызығушылығын ояту 3 минут Координаталары бойынша нүктелерді белгіле А(5;3), В(-1;-1) , С(-4;3), Д(4;-7), К(7;-2), Е(3;6), Н(0,5;0,5), Т(0;-4) «Жас суретші» 
Топтық жұмыс8 минут Абсцисса” тобы :а) (-7;0), (-5;2), (7;2),(9;5), (10;1),(10;5), (9;0).ә) (0;2) , (5;6), (7;6), (4;2).б) (0;1), (6,-3), (8;-3), (4;1).(Ұшақтың суреті)
“Ордината” тобы: А(0;0), В (-1;1), С (-3;1), Д(-2;3), Е(-3;3),Ж (-4;6),З (0;8),К (2;5,), L (2;11), О (6;10), М(3;9), N (4;5), Н (3;0), Т (3;-8), П (1;-8), А (0;0). (Құстың суреті.)
«Нүкте» тобы:
А(-2;-5), В (-2;-3), С (-1;-2), Д(-2;3), Е(-1;5),G (0,5;6),
F (2;5),К (3;3), L (2;-2), О (3;-3), М(3;-5), N (2;-4),
Т (-1;-4) (Балықтың суреті) Тапсырмалар таратылады Оқушылар топ ішінде координаталық жазықтыққа орындайды.
 
 
 
Бекіту
10 минут Оқулықпен жұмыс
№ 1173, 1177,1182 Сергіту сәті3 минут Сергіту сәті. «Жаңбыр жауыны»

Оқушылар орындайды
 Орындарынан тұрып жасайды.
6. Қорытындылау   
 5 минут   Қорытынды жасаймын....
1 топ. Оқулықтағы тік бұрышты координаталар жүйесін кім ойлап тапқанын атап кету және өмірден мысал келтіру.
2 топ.Оқулықтағы координаталарының абсциссасы мен ордината нүктелерін түсіндіру мысал келтіру
1.Ох абсцисса
2.Оу ордината
3 топ . Нүктенің жазықтықтағы орны мен ширектерін түсіндіру.
Ӏ-шиек (+;+),
ӀӀ-ширек (-;+),
ӀӀӀ-ширек (-;-),
ӀV-ширек (+;-) 7. Үйге тапсырма  беру 2 минут  Оқулықтан тапсырма 1172, 1179,1183,1186 есептер тарихи мәліметтер жинауҮй тапсырмасын білу, түртіп алу8. Бағалау   2 минут  Бағалау Топ басшысы өз тобындағы оқушыларды  формативті  бағалайды
9. Рефлексия  
 2 минут Сабақтан алған  әсерлерін   стикерлерге 
жазуды тапсырадыОқушылар сабақтан алған  әсерлерін   стикерлерге  жазады.