А?ашты аралау, с?ргілеу ж?не б?р?ылау сайыс 8 сынып


6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ағашты аралау, сүргілеу және бұрғылау әдістерімен өңдеу, технологиялық карта бойынша бұйым жасап шығару.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың ағашты аралау, сүргілеу және бұрғылау әдістерін меңгерту.
Ағаш бөлшектерін бұрғылау арқылы ептіліктерін , ұқыптылықтарын дамыту.
3 Оқушыларды технологиялық карта бойынша бұйым жасап шығару,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Құрал-саймандар: қолара, бұрғы, сүргі, түрпі , балға, технологиялық карта,қарындаш,сызғыш,құүмқағаз.
I .Ұйымдастыру кезеңі (1-2мин)
-Сәлемдесу
- Оқушылардың жұмыс формасын тексеру.
-Жоқ оқушыларды белгілеу
II. Үй жұмысын тексеру (3-4мин)
1 .Ағаш қандай материал және оны не үшін қолданамыз?
(ағаш табиғаттың бір бөлшегі он ы түрлі құрал-саймандар мен тұрмыстық бұйымдар жасау үшін, үй жасау үшін пайдаланамыз)
2. Ағаштың қабығы қандай қызмет атқарады? (ағаштың қабығы оны қоршаған ортаның әсерінен , күннің қызуынан , жаңбырдан, аурулардан , бактериалардан қорғайды)
3. Ұшқатты қандай ағаштан дайындайды?(қайың)

-Ағаштардың бетін тегістеуге арналған құрал-саймандар
(сүргі)
4. Технологиялық карта дегеніміз не?
III. Жаңа сабақ түсіндіруге даярлау(1 мин )
Бүгін біз ағаштарды біріктіру арқылы ағаш жәшігін жасаймыз. Құрал-саймандар салатын жәшік.
IV . Жаңа сабақ (4мин)
Жәшік бұйымы әр түрлі құрал-саймандарды сақтау мен тасымалдау үшін қажет. бұйым алты бөлшектен тұрады,олар бір-бірімен шабақ арқылы біріктіріледі. Оның түбі қабырғаларына шегемен бекітіледі. Шабақтарды үлгі көмегімен белгілеп алған дұрыс. Жәшік сабы жонып алынады. Бұйымның сыртын лактайды немесе майлы бояумен сырлайды

V .Практикалық жұмыс (25мин)
Технологиялық картамен таныстыру(кезеңдермен таныстыру)
-Алғашқы техника қауіпсіздігі
- Жұмыс барысында техника қауіпсіздігі
-қорытынды техника қауіпсіздігі
Жұмыс орнын жинау
с VI. Қорытынды
Біз бүгін не істедік?
Қай жерде сақтаймыз?(көлеңке, сұға салып қою қаңсымау үшін)
Жұмысты тексеру, бағалау, қателерін айту.
Үй тапсырмасы .Тест
«Юбилейное орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі

пәнінен ашық сабақ
Тақырыбы: Ағашты аралау, сүргілеу және бұрғылау әдістерімен өңдеу, технологиялық карта бойынша бұйым жасап шығару.
Мұғалім: Мырзаканов Р. М