Бисерден б?йым жасау технологиясы


Сабақтың тақырыбы:Бисерден бұйым жасау технологиясыСабақтың мақсаты: 1. Бисерден әр түрлі бұйымдар жасауды, көркемдеп тізу технологиясымен таныстыру.Өз бетінше жұмыс істеуге, ынта- ықыласын, шығармашылық қиялын дамыту.Оқушыларды төзімділікке, талғампаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеп, эстетикалық талғамын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Моншақ, бисер, стеклярус, рубка, бұйымның бірнеше үлгілері,талдар,гүлдер (жасалу түрлері).
Керекті құрал жабдықтар: Бірнеше түрлі- түсті бисер, моншақ, стеклярус, рубка, ине- жіп.
Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі
• Оқушылырмен сәлемдесу;
• Оқушыларды түгелдеу;
• Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгелдеу;
• Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.
II. Өткен тақырыпты қайталау.
1.Кестелеу өнері туралы не білесің?
2.Кесте тігуге не қажет?
3.Кесте тігісінің кандай түрлерін білесің?
4.Қандай тігіс түрлерін және атауларын білеміз?
5.Кестелеуге қандай жіптер қолданылады
6.Біз кесте қалай тігіледі?
7. Шым кестенің ерекшклігі неде?
8.Әредек кесте деген қандай кесте?
9.Маржандап кестелеу деген не?
10.Көпіртіп тігу деген қадай тігіс?
III.Жаңа сабақ
Бисердің тарихы.
Ертеде Фин саудагерлері Жерорте теңізі арқылы Африкаға табиғи тұз апара жатып, жолда теңіз жағасына түнеген екен. Олар түнде от жағып, тамақ дайындап, отты үлкен ас содасымен қоршап ұйықтайды. Таңертең күлін жинаса, олар әдемі, қатты, күннің көзіндей оттай жанған, мөлдір су сияқты бұйым көріп таң қалады. Бұл кәдімгі әйнек еді. Әрине халық тез арада осы әйнектен бірнеше, әр түрлі моншақ, бисер, стеклярус алған. Бұл байлықты , соның ішінде бисерді дүние жүзінде барлық елдер мәдениетінде көруге болады. Біздің қазақстан өнерінде де көп тарайды. Киім- кешек, әшекейлер, білезік, сыр-
ға, сақина, тіпті ерлердің сауыт саймандарында да кездескен.
Бисерді әр халық өзінше атаған. Бисердің отаны Ежелгі Египет, бұл жерде түрлі- түсті шыныдан үлкен моншақтар жасаған. Бисер сөзі Араб сөзі «бусра» сөзінен шыққан.
Бусер- жалған меруерт (жемчуг). Бисер кіші, үлкеніне қарай бірнеше түрге және түстерге бөлінеді.
Моншақ- үлкендеу бисер, диаметрі 2 см.
Бисер- ұсақ, домалақ келген, диаметрі 2 мм- ден көп болмайды.
Стеклярус- ұзын таяқшалар, домалақ және көп қырлы.
Рубка- қысқа таяқшалар.
Моншақтарды шыныдан жасалған қауашықтарда немесе қораптарда сақтаған дұрыс. Өйткені мұндай қораптардан бисердің түрі, түсі жақсы көрінеді.
ІV. Сарамандық жұмыс.
1.Қауіпсіздік ережесін үнемі есте сақтау керек:
2.Құралдарды тексеру:
3.Шұңғылдау бір ыдысқа керекті бисерлерді саламыз:
4.40-50 см ұзындықта жұка сым аламыз:
5.Сымның бір шетінен бастап бисердің 6-7 түйірін тізіп ораймыз, сымды ара қашықтығы 1-1,5см болу керек,тағы 6-7 бисер өткізу.
6.Осы ретпен бірнеше шалу жасау.
7.Осындай бұтақтың 20-21 данасын жасауымыз керек:
7.Дайын болған бұтақтарды қалың сымға біріктіріп, жасыл жіппен немесе таспамен ораймыз 8.Гипстің көмегімен ағашты белгілі бір пішінде қатыру.
9.Осы ағашымыз 2 тәуілік бойы тұру керек:
10.Гипс кепкен соң эстетикалық талғаммен ағашымызды түрлендіреміз.
V.Жаңа сабақты бекіту
1.Бисердің шығу тарихы.
2.Бисер дегеніміз не?
3.Бисердің қандай түрлері болады?
VI.Cабақты бағалау