Открытое занятие по рисованию старшая группа ?ыс?ы ертегі


КМҚК « Дәншік » балабақшасы
Ересектер тобында
Бейнелеу өнерінен берілген ашық сабақтың жоспары .
Тәрбиеші : Кусаинова С.Г.
Көкпекті ауданы. Самар ауылы .
2013 ж.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Ересектер тобы
«Құлыншақ» тобы Білім беру саласы : «Шығармашылық»
Бөлімдері : Сурет салу .
Тақырыбы: Қысқы ертегі
Мақсаты: Балаларды суретке қарап, әртүрлі түстерді байқауға, қысқы суық бояуларды елестете білуге, қысқы табиғаттың әдемілігін бере білуге үйрету. Қиялдау , алған әсерлерін сөзбен жеткізе білу қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа , талғампаздылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Слайдтар «Қыс» туындысы Ә.Қастеев.Васнецов А.М. «Қысқы ұйқы» . И.И. Шишкин «Қыс» , музыка .
Қостілділік компонент : қыс-зима ,қар-снег, үлпілдеген- пушистый.
Қажетті құралдар: альбом парағы 2/1, бояу, қылқалам, су, түсті мелдар, өшіргіш, салфетка, ағаш таяқша.
Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық Жылулық шеңбері
Алдымызда біздердің
Көп таныс пен қонақтар.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Бар адамды ардақтап
Бас иеміз біз. Бірге қайталайды .
Ұйымдастыру
іздестіру
1-слайд
2-слайд
3-слайд
4-слайд Жұмбақ шешу.
Аяз қысып, өрнек сызып ,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,бет домбығып,
Балдырғандар ойнайды.
Кейде ұлып, кейде ысқырып,
Ұйытқып боран соғады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Қар жауады, жердің бәрі аппақ көрпе жамылады, ағаштар қардан тон киеді т.с.. Суретшілер қыс мезгіліне арнап тамаша суреттер салса, ақындар өлең жазған екен.
Васнецов А.М. «Қысқы ұйқы» суреті. Суретші қысқы кеш мезгілін суреттеген. Күннің батып бара жатканын тоқ сары түспен бейнелеген. Ағаштардың бұтақтары қардан қалың тон киген. Таңғажайып ертегілер әлемі секілді .
И.И. Шишкин «Қыс» суреті. Суретші суық түстерді пайдаланған.
«Қыс» туындысы. Суретші табиғатты өте тамаша бейнелеген, қыс келіп дала ақ көрпе жамылғандай.
«Қыс» Абай Құнанбаев.
Ақ киімді, денелі ақ сақалды,
Соқыр мылқау танымас тірі жанды
Үсті- басы ақ қырау , түсі суық.
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Қатал шалға ұқсатқан, кәрі қысқа тенеген.
Ақындардың өлеңдерінен үзінді оқиды.
Жұмыс барысы:
Балалар Қыс ертегісін қалай елестететіндерін айтады.
-не саласыңдар?
Сурет салуға арналған құралдарды өз қалаулары бойынша таңдайды.
Жұмыс барысында қарындаш пен қылқаламды дұрыс пайдалану жолдарын еске түсіру. музыка қою.
Қыста
Қыс
Азат «Ақша қар» , Ислам « Қыс» , Алдияр «Алғашқы қар» өлеңдерін оқиды.
Бір сәтке суретші болып өз беттерімен сурет салады.
Қорытынды:
Балалар, қарандаршы салған суреттерің қандай әдемі! Қандай ат қоясыңдар?
Нағыз қыс ертегісі екен.
Жарайсыңдар! Қыс әнімен сабақты аяқтау. Өз ойларын айтады.
Күтілетін нәтиже :
Нені біледі: Қыс мезгілі туралы, оның ерекшеліктерін біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Қиялдау , елестету арқылы қысқы табиғаттың әсемдігін өз суреттерінде бере білу.