Презентация. Ма?сырды? пайдасы ?ылыми жоба 25 бет


Мақсырдың пайдасы
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе …..............................................................................................3

ІІ. Негізгі бөлім

2 Мақсыр өсімдігінің өзіндік ерекшеліктері мен пайдалы жақтары
2. 1 Мақсыр – күнбағыс баламасы.......................................................6
2. 2 Мақсырдың биологиялық және
химиялық ерекшеліктері................................................................11
2. 3 Мақсырдың пайдалы жақтары мен
тұрмыста қолданылуы ....................................................................13
2. 4 Мақсыр өсімдігінен тағамдық өнімдер алу................................22

ІІІ. Қорытынды ......................................................................................24
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер............................................................25
Кіріспе
Мақсыр
Ғылыми топтастыруыДүниесі: ӨсімдіктерБөлімі: Гүлді өсімдіктерТабы: Қос жарнақтылар(unranked) AsteridsСабы: AsteralesТұқымдасы: AsteraceaeКіші тұқымдасы: CarduoideaeТайпасы: CynareaeТегі: Carthamus
түрлері13-17 түрі белгілі
Мақсыр, сафлор ( HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9B%D0%B0%D1%82%D1%8B%D0%BD_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96" \o "Латын тілі" лат. Carthamus ) –  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%81%D1%82%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D0%BB%D0%B0%D1%80_%D1%82%D2%B1%D2%9B%D1%8B%D0%BC%D0%B4%D0%B0%D1%81%D1%8B" \o "Астралылар тұқымдасы" астралылар тұқымдасына жататын тармақталған тік сабақты, біржылдық өсімдік. Оның қандауыр тәрізді сопақ жапырақтары өсімдік сабағына сағақсыз орналасады. Жапырақтарының жиегінде тікенектері болады. Сабақтың биіктігі - 100 сантиметр, кейде одан асып түседі. Гүлшоғыры -  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A1%D0%B5%D0%B1%D0%B5%D1%82%D0%B3%D2%AF%D0%BB&action=edit&redlink=1" \o "Себетгүл (мұндай бет жоқ)" себетгүл. Гүлінің түсі ашық сары немесе қызылсары болып келеді. Бір өсімдікте 5-тен 60-қа дейін себетгүл бар. Жемісі -  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D2%B1%D2%9B%D1%8B%D0%BC%D1%88%D0%B0" \o "Тұқымша" тұқымша. Бір себетгүлдегі ақ түсті, қырлы, жылтыр тұқымшалар саны 20-дай 100-ге дейін жетелі. Мақсырдың тұқымшаларынан  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D0%B9" \o "Май" май алынады. Олардың құрамында 25-37% май болады. Мақсыр майы күнбағыс майынан кем түспейді. Оның майы тағамға және техникалық мақсатқа ( HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%BE%D1%8F%D1%83" \o "Бояу" бояу, эмаль, сабын алуға) пайдаланылады. Мақсырдың тұқымшалары ауыл шаруашылық құстарына жем ретінде беріледі. Ал тұқым ұны ауыл шаруашылық малдарға кұнжара түріндегі малазық болып саналады. Мақсырдың балаусалы сабақ жапырақтары сүрлемге салынып, малға беріледі. Күлте жапырақшалары да бағалы. Олардан қызыл және сары бояу өндіріледі. Аспаздыққа да пайдаланылады. Мата бояйтын бояу алынады. Солтүстік  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%84%D1%80%D0%B8%D0%BA%D0%B0" \o "Африка" Африка және Азия елдерінде өсірілетіндіктен, мақсыр ыстыққа төзімді, құрғақшылыққа төтеп бере алады. Ол суды да үнемді жұмсайды. Мақсыр топырақ талғамайды. Өскіндері -6-10оС температураға төзеді. Өсімді мерзімі 93-117 күн. Мақсыр ауыспалы егістікте астық дақылдылардан кейін егіледі. Оның тұқымы көктемде қатар аралығы 30-60 ем болатындай етіп себіл еді. Егу нормасы - 1 гектарға 8-15 кг тұқым себу. Себу тереңдігі 5-8 ем. Тұқымы толық пісіп, өсімдік құраған кезде комбайнмен шауып алады. Бітеугүлдену кезінде - пішен ретінде, ал гүлдеу немесе себетгүл түзу кезінде сүрлемге орып жинайды. Мақсыр - өте пайдалы өсімдік.
Мақсаты: Мақсырдың өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Күнбағысты тұрмыста пайдалану және оның емдік қасиеттерін ашып көрсету.
Міндеттері:
- Мақсыр – күнбағыс баламасы ретінде өзіндік ерекшеліктерін айқындау;
- Мақсырдың биологиялық және химиялық ерекшеліктеріне сипаттама беру;
- Мақсырдың пайдалы жақтары мен тұрмыста қолданылуын жан-жақты ашық талдау жасау;
- Мақсыр өсімдігінен тағамдық өнімдер алу жолдарын айқындау.
Негізгі бөлім
Мақсыр өсімдігінің өзіндік ерекшеліктері мен пайдалы жақтары

2. 1 Мақсыр — күнбағыс баламасы

Мақсыр (Сафлор) күнбағысқа қарағанда, неғұрлым құрғақшылыққа, ыстыққа, тұзға төзiмдi және сәйкесiнше сенiмдiрек дақыл.

Мақсырдың отаны Эфиопия және Ауғанстан болып саналады. 1551 жылы арабтар мақсыр мен оны өсiру технологиясын Батыс Еуропа елдерiне жеткiздi. Ресейде ХХ жүзжылдықтың 30 жылдары мақсыр жаппай егiле бастады. Қазіргі уақытта Мысырда, Үндістан, Батыс Еуропа, Таяу Шығыс, Қытай, Солтүстік және Оңтүстік Америка мен Ресейде кең таралған. Мақсыр жылы климатты және күн сәулесін көп түскенін қалайды.

Қазақстанның солтүстiк облыстарындағы құрғақшылық жағдайларында соңғы 8 жылда мақсырдың егiс алқабы 9 мыңнан 95 мың гектарға дейiн ұлғайды.
Мақсыр әдетте басқа да емдік шөптер құрамымен қосылып сатылады, оны фитошай түрінде кез келген дәріханадан алуға болады. Сондай-ақ емдік қасиеті бар мақсыр майын да көруге болады. Емдік мақсатта және асханада мақсыр күлтешелерін пайдаланады.


Мақсыр дәндерін өндірісте май жасау үшін пайдаланады.
Мақсыр көптеген салаларда кеңiнен пайдаланылады, түрлi елдерде бояу, тағамдық, дәрiгерлiк, косметикалық мақсаттарға және мал азығы ретiнде пайдаланылады. Алайда ол тұқымында 32%-дан 39%-ға дейiн (дәнiнде 50-56%) жартылай құрғақ май болғандықтан, көбiнесе майлы дақыл ретiнде танылған. Мақсыр майлы-қышқылды құрамына қарай күнбағыс сияқты.

Майы тағамға және техникалық мақсаттарға, маргарин, әлiпмай, сапасы жоғары ақ эмаль, сабын, линолеум өндiру үшiн пайдаланылады. Мақсырдың құрамында инулин де бар, ол қандағы глюкоза деңгейiн қалыпқа келтiредi, склерозға қарсы, өт айдағыш, несеп айдағыш әсерi бар, қалқанша безiнiң қызметiн реттейдi.
Мал азығы дақылы ретiнде таза және қоспа күйiнде пайдаланылады. Малдар мақсырдың тiкенексiз жасыл қоспасын жақсы жейдi. Мақсырдың майдаланбаған тұқымынан алынған күнжара құрамында 6-7% май, 24-25% крахмал, 19% ақуыз болады, 100 килограмында 50 азық бiрлiгi және 13,3 кг сiңiретiн протеин болады. Күнжара ащы болса да, мал оған тез үйренiп алады әрi жақсы жейдi. Мақсырдың тұқымшалары құстар үшiн де пайдалы азық.
Мақсырдың өзектi, жақсы тармақтанған, 2 метрге дейiнгi тереңдiкке бойлайтын тамыр жүйесi бар. Өскiн кезеңiнде тамырының тез өсуi және жапырағының баяу өсуi климаттың құрғақшылығына төтеп беруiн қамтамасыз етедi. Мақсыр жалаңаш тiк сабақты, биiктiгi 85-95 см, қолайлы жағдайларда биiктiгi 1,2-1,3 метрге жете алатын өсiмдiк.

Тағамдық құндылығы және калориясы
Ақуыз Майлары Көмірқышқыл Калориясы
16 гр. 38 гр. 34 гр. 517 кКал.

Пайдалы жақтары
жеңіл іш өткізеді;
Бауыр, бүйрет жұмыстарын реттейді;оказывает желчегонное действие;нерв жүйесін тыныштандырады;теріні демалдырады;суық тигенді басады;етеккір циклын реттейді;қандағы холестерин көлемін қалыпқа келтіреді;;құстыруда пайдаланады; антибактериальды қызмет көрсетеді;Артериальды қан қысымын реттейді.
Мақсыр күлтешелерінен шай, сусындар, тұнбалар дайындалады
Ғылыми жобалар жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.
Ғылыми жобаның толқы нұсқасын жүктеу ақылы.
Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе
Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.
Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.
Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!

Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты
арқылы да ала аласыз!