Баланы? дамуында?ы ата — ананы? ролі


Баланың дамуындағы ата-аналардың рөлі
Ата-аналар баланың бірінші қоғамдық ортасы болып табылады. Әрбір адамның өмірінде ата-анасының жеке басы маңызды рөл атқарады. Басымызға қиыншылық түскен кездері ата-анамызды, әсіресе анамызды ойға алатынымыз кездейсоқ емес. Ал ата-аналардың сүйіспеншілігін қажетсіну – кішкентай адам үшін өмірлік маңызды қажеттілік.Ата-ана сүйіспеншілігі – адам өмірі жақсы болуының, дене және рухани денсаулығының көзі және кепілі.Сондықтан да ата-аналардың бірінші және негізгі міндеті балаға жұрттың оны жақсы көретінін және оған қамқорлық жасалатынына сенімділік тудыру болып табылады. Ешқашан, ешқандай жағдайда баланың ата-ана махаббатына күдіктенуіне жол беруге болмайды. Ата-аналар міндеттерінің ең табиғиы, ең қажеттілігі – балаға қай жаста болсын сүйіспеншілік таныту, көңіл бөлу.Отбасылық тәрбиеге қойылатын басты талап - балаға деген сүйіспеншіліктің болуы. Бірақ бұл жерде баланы тек жақсы көру жеткіліксіз, ең бастысы күнделікті балаға қарым-қатынасымызда, оны тәрбиелеу кездерінде бала өзін жақсы көретіндерін түсінуі, сезінуі, сенімді болуы, оның ата-анасымен қарым-қатынасында немесе ерлі-зайыптылардың бір-бірімен қатынасында қандай жағдай орын алып жатса да өзін басы артық жағдайда ғана адамның психикалық әлемі дұрыс қалыптасады, тек махаббат негізінде адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыруға болады, тек махаббаттан ғана махаббат туады.Баламен үнемі психологиялық байланыста болу - барлық ата-аналарға бірдей дәрежеде ұсынылатын, тәрбиеге қойылатын әмбебап талап. Нақ осы ата-ана махаббатын, үйірлігі мен қамқорлығын сезінуге және саналауға мүмкіндік береді.Байланысты сақтаудың негізі – баланың өмірінде өтіп жатқанның барлығын біліп отыруға мүдделік таныту, оның балалық, тіпті түкке тұрмайтын, аңғал проблемаларына шынайы көңіл аудару, өсіп келе жатқан адамның жан-дүниесінде өтіп жатқан барлық өзгерістерді қалт жібермей біліп отыруға ынта танытушылық. Байланыс ешқашан өз-өзінен пайда болмайды, тіпті нәрестемен байланысты да қолдан құруға тиіспіз. Өзара түсіністік, балалар мен ата-аналар арасындағы эмоциялық байланыс туралы сөз болғанда біз қандай да бір диалог, бала мен ересек адамның бір-бірімен өзара әрекеттестігі жайлы айтамыз.Көзқарастар теңдігі дегеніміз – баланы тәрбиелеудегі оның белсенді рөлін мойындау. Адам тәрбие обьектісі болмауы тиіс. Ол қашанда өзін-өзі тәрбиелеуші белсенді субьект. Ата-ана өз баласының жан-дүниесіне оның өз жетістіктеріне жету, өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін оята алатындай дәрежесінде ғана билік жасай алады. Баламен қарым-қатынас жасау, оған деген жоғары сүйіспеншілігіңді көрсете білу ретінде, оның өзіне тән жеке-даралығын үздіксіз, қажымай-талмай тани білуге сүйене отырып құрылады. Баланың ішкі әлеміне, эмоциялық жағдайына үнемі сыпайы ғана үңіліп отыру, онда болып жатқан өзгерістерді, әсіресе жан дүниесінің құрылысын сезіну – осының барлығы қай жастағы болмасын бала мен ата-ана арасындағы өзара терең түсініктің тууына негіз қалайды. Баланың жеке-басын және мінез-құлық қасиеттерін теріс бағалаудан үзілді-кесілді бас тарту керек. Өкінішке орай, көпшілік ата-аналар үшін: „Неткен ұқпайтын баласың! Сааған неше рет айтуым керек”, „Сендей бірбеткей, оңбаған баланы туып нем бар еді!”, „Сенің орнында басқа біреу болса, айтқызбай-ақ ұға қояр еді!” тағы да басқа деп сөгу үйреншікті әдетке айналып кеткен.Ата-ана махаббатының шынайы формуласы, қабылдау формуласы – бұл „мен сені жақсы болғанын үшін ғана емес, сенің бар болғанын үшін, қандай болсаң да осы қалпында жақсы көремін”.Баланың қара басын емес, оның әрекеттері мен қылықтарын бағалауды авторлықты ауыстыра отырып жүзеге асырудың маңызы зор. Шынында да балаңызды икемсіз, жалқау немесе салақ деп атағаныңызбен бала келісіп, мінезін өзгерте қоймайды. Ал егер баланың жеке басын толық мойындай отырып, оның тек қана нашар қылығын талқыға салатын болсаңыз, бала өз мінез-құлқына өзі баға беріп, дұрыс қорытынды жасай алады. Ол қателесуі де мүмкін, содан келесі жолы ерік-жігерінің әлсіздігінен неғұрлым жеңіл жолды таңдап алады, бірақ ерте ме, кеш пе, әйтеуір көздегеніне жетеді, бұдан сіздің баламен байланысыңызға нұқсан келтірмейді, керісінше, қол жеткен жеңіс қуанышы сіздердің ортақ қуанышыңызға айналады.Ата-ананың баланың теріс бағалауға бақылау жасауы тағы мына себептен де керек: көбіне ата-ананың баласына ұрсуы мүлде басқа себептен, өзінің мінез-құлқына риза болмаушылық, ашулану немесе шаршағандықтан туындауы мүмкін. Теріс бағалаушылықтың артында әрқашанда кіналау мен ашу тұрады. Қабылдау балалардың өз ішінде жатқан уайымына үңіле білуге, „жүректердің үндесуі” әсерінің пайда болуына мүмкіндік береді. Ашу емес, уайым, кекшілдік емес, іш тарту - өз баласын шын жақсы көретін, қабылдай алатын ата-ананың эмоциялары осындай болмақ.
мектеп психологыС.И.Салмаева