Айнымалысы модуль та?басыны? ішінде берілген бір айнымалысы бар сызы?ты? те?деу ашы? саба?


Сабақтың тақырыбы: Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Сабақтың мақсат- міндеттері: а) Оқушылардың логикалық есептерді шығаруы арқылы білімдерін кеңейту, айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу тақырыбындағы білімдерін тиянақтау; ә) Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, біліктіліктерін дамыту; б) Өз бетімен ойлау қабілетін арттыру, салыстыра білуге, өз білімін бағалай білуге дағдыландыру. Математика пәнінің нақтылығына көз жеткізу;
Сабақтың типі: дәстүрлі емес
Өткізілетін әдісі: көрнекілік
Сабақта қолданылатын
педагогикалық технология: СТО
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Үй тапсырмасын тексеру
Қайталау оқу анасы
Өзін-өзі бағалау
Үй тапсырмасы
Қорытынды
Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасу. Оқушы назарын сабаққа аудару мақсатында логикалық өлең жолы оқылады:
Ескі жұрттан
Үскі төртеу
Таптық олжа:
Тоғыз таға
Кейбіреуі тіпті тозған
Отыз шеге
Кейі жаңа
Төстен бесеу
Сегіз семсер
Балта екеу
Алты кепсер
Жалғыз көсеу
Балға жетеу
Қашау бесеу
Зерек бала
Қане сана! (77)
Үй тапсырмасын тексеру. Балалар біз бүгін математиканың сан қырлылығына үңілу үшін бәріміз бірге жүрдек пойызға отырып саяхатқа шығамыз. Ал сендер білесіңдерме, әр пойыздың өзінің жүргізушісі болуы керек. Қазір біз сіздермен бірге кім жүргізуші болатынын анықтаймыз. Ол үшін мына тақтадағы бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешіп, жасырулы тұрған есімді табамыз.(ЕРЛАН)
8(Е)
23(Р)
16(Л)
1(А)
18(Н)
3. Қайталау оқу анасы. ҚаАнеки жайғасып отырып алайық, кеттік. (пойыздың бара жатқан дыбысы естіледі, кенеттен тоқтап қалады)
Мұғалім: - Мынау қызық екен! Пойызымыз неге тоқтап қалды? (дауыс сөйлейді)
Қарақшы: Мен қарақшымын. Мен сендердің пойыздарыңды тұтқынға алдым. Енді сендер менің тұтқындарымсыңдар. Хахаха...сендер маған алтын берсеңдер ғана мен сендерді босатамын
Мұғалім: балалар біздің қарақшыға беретін алтындарымыз жоқ. Енді не істесек екен? Қанеки біздің жүргізушіміз бар емеспе, қарақшымен сол сойлесіп көрсін.
Қарақшы: әәәә, оқушыларсыңдарма? Ендеше мен сендердің білімдеріңді тексеріп көрейін. Егер менің тапсырмаларымды дұрыс орындасаңдар ғана мен сендерді босатамын. Келістік пе? (оқушылар жауабы)
Қарақшы: сонымен бірінші тапсырма. Оны экраннан табасыңдар! (экранда берілген есепті орындайды)ТАПСЫРМА:
№1
№2
№3
Қарақшы: Ия, мына тапсырманы жақсы орындадыңдар. Келесі тапсырмада осы сыныпта жасырулы тұр. Оны ұлдар іздеп тапсын. (ұлдар тапсырманы тауып орындайды)
№1 мәтін есеп (1)
Жүрізуші: қарақшы біз сіздің тапсырмаңызды орындадық енді бізді босатасызба?
Қарақшы: жооқ, менің әлі соңғы тапсырмам бар. Соны орындасаңдар ғана мен сендерді босатамын. Онымен менің соңғы тапсырмам.
(сәйкестігін табу)
Қарақшы: ия, мектепке босқа бармайды екенсіңдер. Сендер маған өздеріңнің білімдеріңді көрсете білдіңдер.
Мен сендермен келіскендей, менің тапсырмаларымды орындадыңдар. Мен сендерді босатамын. Жолдарың болсын, іргесі мықты елдің дарынды оқушылары! (пойыз әрі қарай жүріп кетеді)
Өзін – өзі бағалау:
Үй тапсырмасы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер тарауын қайталау, бақылау жұмысына дайындық жүргізу
Қорытынды. Балалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнадыма? Несімен? (ойларын айтады). Қазақстанның болашағы ойы ұшқыр, кез-келген ақпаратты тез меңгере білетін, озық, заманауи, айрықша тұлғаның қолында екенін ұмытпаңыздар!